2.5 РНҚ-ды вирустар. РНҚ-ды вирустардың жиналуы.
Бұл бір үлкен топтан тұратын вирустар. Оларға 12 тұқымдастық кіреді. Бұлардың құрамындағы кейбір вирустарда бір жіпті РНҚ (рибонуклеин қышқылы), басқаларында екі жіпті РНҚ бар. Соңғысында геномы сызықшалы, үзілмелі немесе сақиналы блып келеді. Бұларда мынандай тұқымдастықтар бар:
-
Picornaviridae
-
Caliciviridae
-
Togaviridae
-
Birnaviridae
-
Coronaviridae
-
Paramyxoviridae
-
Rhabdoviridae
-
Orthomyxoviridae
-
Bunyaviridae
-
Arenaviridae
-
Retroviridae
-
Reoviridae
Геномы РНҚ тұратын жай вирустардың құрамында тек нуклеин қышқылы мен бірнеше белок бар. Бұл молекулалар бір-бірін таниды: алғашқы кезде өзара байланысып провириондар құралады (вирустардың жетілмеген түрлері). Содан соң вирустардың белоктары клетка ішінде біраз өзгереді. Сөйтіп, жетілген вириондар пайда блады. Олар клетканың плазматикалық мембранасына қарай қозғалады. Кейбір жағдайларда вирустар кристалл түрінде де кездеседі.
Күрделі РНҚ-ды вирустарда оған қоса сыртқы және ішкі қабықша – суперкапсид пайда болады.
Вирустар цитоплазманың немесе ядроның белгілі бір жерлерінде толып жетіледі. Ондайды «вирус фабрикалары» деп атайды. Мұндай «фабрикаларда» транскрипция, репликация бір мезгілде кездесе береді. Осы вирустар фабрикасында вирусқа тән молекулалар көбейеді. Мұндай фабрикалар мембранамен бөлінбейді. Сондықтан олар мен цитплазма арасында үнемі вирусқа тән өнімдер орын ауыстырып отырады. Вирионның жиналуы бірнеше сатыдан тұрады. Вирус зақымдаған клетканы зерттеп көрсе, осы мезгілде сол клеткада әлі жетілмеген вириондарды, олардың құрамындағы белоктардың да санының әр түрлі екенін көруге болады. Жаңадан пайда болған вирустың белоктары полисомнан (рибосомдар тобынан) РНҚ-ның туынды жіптеріне, яғни РНҚ-ның РТ қарай тасымалданады. Белоктар мен нуклеин қышқылының өзара бірін-бірі тануына сәйкес нуклеокапсид, ал клетка липидтерінен липидтік қабықша пайда болады. Липиді бар вирустардың (орто-, парамикс-, рабдвирустар) көбею, жиналу орны плазматикалық мембрана болып табылады. Нуклеокапсидтер мембрананың ішкі жағына сол жерге гликопротеидтер мен мембрана белоктары жиналады. Бұл М – белоктың гидрофобтық қасиеті бар (75% дейін нейтральдық амин қышқылынан тұрады), сондықтан «белок-белок», «белок – нуклеин қышқылы» деген байланысқа түседі. М – белок липидтік қабықшаның ішкі жағынан орын алады және нуклеокапсидті тануына сәйкес сонымен байланысады да вирусқа беріктік береді, себебі вирион құрамында 20-35% дейін болады және өте күрделі қабықша құрамына кіреді. Вирионның жетілуі үшін бүршіктену жолымен болады, соның нәтижесінде нуклеокапсидте мембраналық қабықша пайда болады. Липидтен тұратын қабықшаның сыртқы жағына гликопротеид молекулалары жабысады, олар липидтен тұратын қабықшадан өтіп капсидпен байланысады. Липид пен гликопротеидтің осылай байланысуы өте ерекше. Гликопротеидтер вириондардың сыртқы жағында болады. Мысалы, NA – неираминидаза.
NA – белок миксовирустардың құрамындағы ерекше белок. Себебі соның көмегімен миксовирустар клетканың мукопротеиндік рецепторларына жабыса алады. HA – вирустардың клеткаларға жабысуын қамтамасыз етеді және қан түйіршіктерін біріктіреді. Вирион содан соң бүршіктенеді де бөлінеді. Осы бүршіктену кезінде плазматикалық мембрана вирустың қабықшасы болып қалады. Демек, вириондардың липидтен тұратын қабықшалары клетка липидтерінен шығады, сондықтан да вириондардың құрамындағы липид өз иесіне – торша липидіне сәйкес болады.
Поделитесь с Вашими друзьями: |