2.3 Вирустардың көбеюі
Вирустар – адам, жануар, құс, өсімдік және бактериялардың вирус ауруларын қоздырушылар.
Вирустар – тек клетканың ішінде ғана тіршілік ететін тоғышарлар. Себебі олар тек тірі клеткалар немесе организмдер ішінде ғана өсіп жетіледі.
Вирустар жоғары сатыдағы организмдер сияқты жыныстық жолмен де, бактериялар сияқты бөліну жолымен де көбеймейді. Сондықтан да көбею деген сөздің «репродукция» латынның re – қайталану, pioducere – өндіру, пайда болу деген сөздерінен шыққан термин қолданылады.
Вирустарда ерекше дисьюнктивтік көбею жолы кездеседі. Бұл ерекшелікті мынандай жағдайдан байқауға болады: зақымдалған клеткада вирус жолғалып кетеді де, олардың компонеттерінің құралуы біраз уақытқа созылады. Вирус белгілі бір мерзімде және кеңістікте өсіп жетіледі. Мысалы, вирустардың нукоин қышқылы клетканың ядросында пайда болады, белоктары – цитоплазмада, ал вирус – цитоплазма мембранасының ішкі жағында жиналады да, қабықшасы вирус клеткадан шыққан кезде бүршіктену жолымен пайда болады.
Клетка мен вирустың өзара байланысқа түсуі өте күрделі, көп қырлы процесс. Бұл жағдай көптеген факторларға байланысты:
-
Вирустың және клетканың түрлеріне байланысты. Организмде клеткалар саны өте көп. Тек жаңа туған жас баланың организмінің өзінде 2 млрд клетка бар;
-
Клеткалардың вирустарға сәйкестігіне немесе вирустарға қарсы тұрарлық қасиетіне байланысты. Мысалы, ортомиксовирустар тыныс жолдарының эпителиальдық клеткаларына ғана әсер етеді. Себебі бұл вирустарға аталған клеткалар ғана сәйкес келеді. Сондай –ақ осындай клеткалардығана зақымдайды;
-
Вирустардың біркелкі тазалығына және санына да байланысты. Демек, вирустар неғұрлым көп болса, соғұрлым вирус пен клетка арасындағы байланыс мүмкіндігі де артады. Торшаға енген вирустардың бәрі бірдей клетканы зақымдамайды. Вирустардың белгілі бір бөлігі клеткаға кірер қақпаларда жойлады;
-
Әр түрлі физикалық, химиялық факторлардың әсеріне де байланысты. Мысалы, вирусқа қарсы тұратын мал организмі қызуының жоғары болуы вирустар үшін қолайсыз жағдай болып есептеледі. Вирустардың көпшілігі үшін қышқылдар, негіздер аса қауіпті;
-
Организмнің иммунологиялық күйіне де байланысты.
Вирусқа қарсы тұратын организмде иммунологиялық жауап өте айқын болады. Мұндай организмде вирустар антиденелер арқылы жәе клеткада вирусқа қарсы пайда болатын заттар арқылы тез жойылады;
-
Макроорганизмнің генетикалық статусына да байланысты. Вирустар миллиондаған жылдар бойы өздері өсіп-өнетін белгілі бір иелерге бейімделген. Мысалы, адамдарда ірі қара обасының вирусы әсер етпейді. Себебі адамдарда генетикалық қарсы тұрарлық қабілет бар. Вирус пен торша аралығында болатын процесті мынандай түрде көрсетуге болады.
І фаза
-
Адсорбция – вирустың клеткаға жабысуы.
-
Вирустың клеткаға енуі.
-
Депротеинизация – вирустың клетка ішіндегі бөлінуі (вирус геномы сыртындағы белоктан тұратын қабықшадан бөлінеді).
ІІ фаза
Вирус геномының іске асуы «геномнің экспрессиясы»( латынның іске асырамын сөзінен шыққан).
-
Транскрипция – ДНҚ-ын РНҚ-на көшіру.
-
Трансляция – вирустың белок молекуласының құралуы.
-
Репликация – геномының көбеюі: ДНҚ немесе РНҚ молекуласының екі есе көбеюі.
-
Вирус компоненттерінің жиналуы (құрылуы).
-
Вирустың клеткадан шығуы.
Вирустардың көбею сатылары – көрсетілген фазалар – барлық уақытта да осындай бола бермейді, клетка мен вирус арасындағы байланыстың кейде өзгеше де болуы мүмкін.
Демек, вирустар репродукциясы дегеніміз – олардың көбеюінің дисьюнктивтік түрін көрсетеді. Себебі, вирус компоненттерінің пайда болуы, жиналуы клетканың әр жерінде болады және өзара белгілі бір байланыста емес. Дегенмен вирионның құралуы шарт. Себебі вирустардың тірі организм сияқты ұрпақтан ұрпаққа жетіп, өз түрін сақтап қалуы осыны талап етеді. Сонда ғана вирустар сақталады. Ал вирустардың көбеюі үшін негізгі шарт – олар тек тірі клеткаға енуі қажет, себебі тек клетка ішіне енген вирус қана ауру туғыза алады.
Абсорбция – вирустың клеткаға жабысуы. Вирус пен клетка арасындағы өзара байланыс вирустың клеткаға жабысуынан, яғни абсорбция процесінен басталады. Оның негізінде клетка мен вирустың арасында биофизикалық, биохимиялық процестер пайда болады. Мұндай жағдайда өте арнамалы және бейарнамалы факторлардың әсері бар.
Бейарнамалы деп вирус пен торша арасындағы теріс және оң зарядталған кейбір топтарды айтуға болады.
Вирустардың клеткаға жабысуның арнамалы факторы дегеніміз – клетка рецепторларының вирус белоктарына сәйкес келуі.
Вирустардың клеткаға енуі – вирустардың өсіп-жетілуінің келесі сатысы.
Вирустардың өсіп-жетілуінің келесі сатысы – вирустың белоктан бөлінуі.
Транскрипция латынның –көшіріп жазу деген сөзінен шыққан.
Трансляция – латынның – жеткізу, апару деген сөзінен шыққан, белок молекуласының құралу процесі. Трансляция кезінде белок молекуласының құралуы үшін белгілі бір генетикалық информация сақталады.
Поделитесь с Вашими друзьями: |