II. Негізгі бөлім
2.1 Вирустың химиялық құрамы
Белоктар. Жануарлар дүниесі вирустарының негізгі компоненті – ақзат. Вирион салмағы 50 пайыздан 90 пайызға дейін белоктан тұрады. Вирус құрамындағы құрылымды ақзаттар: капсид белогы, өзекше белогы, суперкапсид белогы және құрылымсыз белоктар (ферменттер) болып бөлінеді. Жануарлар дүниесі вирустарының вирионында ақзаттардың саны түрліше. Мысалы, калицивирустарда 1 ақзат болса, герпесвирус, поксвирустарда 20-дан 30-ға дейін құрылымдық ақзаттар бар. Вирустар құрамындағы ақзаттар бактерия, өсімдіктер мен жануарлар белоктары сияқты 20 амин қышқылынан тұрады. Полипептид тізбектеріндегі белок молекуласында 200-300-ге дейін аминқышқылы әр түрлі байланыстарда кездеседі және ондай белоктардың молекулалық салмағы өте жоғары болады. Мысалы, аусыл ауруы вирусының молекулалық салмағы 20000-60000 Д. Полипептидтегі белок молекуласының аминқышқылдары өзара пептидтік коваленттік байланыста болады.
Аминқышқылдары орналасуы белгілі бір жүйесі бар. Бұл жүйенің ерекшелігі вирустардың түріне сәйкес келеді.
Әрбір аминқышқылында сілтілік (аминдық) топ – (NH2) және қышқылдық (карбксильдік) топ (COOH) бар. Олардың өзара пептидтік (NH-COOH) байланысы болады. Мысалы, темекі ауруы вирусында пептидтік тізбек 158 аминқышқылдық қалдықтан тұрады.
Белоктың түрі тек R-тобы арқылы анықталады. Себебі, а-амин, және а-карбоксильдік топтар пептидтік байланыстарда көрінбей орналасады.
1950 жылы Фридрих Сингер (екі рет Нобель сыйлығын алған) инсулин деген белоктың құрамын анықтады. Ол белок 2-полипептид тізбегінен тұрады және өзара дисульфидтік байланыспен бірігеді. Екі тізбекте 52 аминқышқылы бар екен.
Белок молекуласының құрылыс 4 түрі болады.
Аминқышқылдарының полипептид тізбегінде орналасу жүйесін белок молекуласының «алғашқы құрылымы» деп атайды. Осындай белоктың алғашқы құрылымы нәсілдік қасиетті сақтайды. Ал егер бір аминқышқылын өзгертіп не орнын ауыстырса, онда белоктың қасиеті өзгеріп, жаңа белок пайда болады.
Полипептид тізбегінің майысып немесе бұралып спираль тәрізді болуы мүмкін. Мұндай жағдайда спиральдағы полипептидтер арасында сутегі арқылы байланыс пайда болады. Бұл байланыс спиральдың беріктігін сақтайды. Осындай жағдайды белок молекуласының «екінші құрылымы» «а-спираль» деп атайды.
Спиральдар әр түрлі жағдайларға байланысты пішінін өзгертуі мүмкін. Мұндай жағдайда аминқышқылдардың тізбегі өзара немесе қоршаған ртамен бүйірдегі R-тобы арқылы байланысады. Сөйтіп, полипептид тізбегі домаланып, глобулаға айналады. Бұл белоктың «үшінші құрылымы» болып саналады.
Белок молекуласының өте күрделі «төртінші құрылымы» да бар.
Күрделі вирустардың сыртқы қабықшасында белоктар, гликопротеидтер, липопротеидтер, гликолипопротеидтер түрінде кездеседі.
Вирустардың бөлшегі – вириондар нуклеин қышқылдары мен белоктан тұрады. ДНҚ (дезоксирибонуклеин қышқылы) немесе РНҚ –дан (рибонуклеин қышқылы) тұратын нуклеин қышқылы спираль тәрізді және ол капсид деп аталатын белок молекулаларымен қоршалған болады. Капсидтердің өзі кейде белоктың бір немесе бірнеше молекуласынан құралған – капсомерлер деп аталады. Сонда белокты капсид пен нуклеин қышқылы (ДНҚ немесе РНҚ) қосылып нуклеокапсид деп аталады.
Поделитесь с Вашими друзьями: |