Кескіштің жұмыс бөлігінің геометриясы Кескіштердің негізгі түрлері


Кескіштің геометриялық параметрлері



Скачать 482.79 Kb.
страница4/4
Дата26.04.2018
Размер482.79 Kb.
#125
Название файлаКесу теориясы СӨЖ 1 Мейіржан.docx
1   2   3   4
Кескіштің геометриялық параметрлері.Кескіштің кесу бөлігінің түрі кескіш жиектерінің және беттердің құрама пішіндерінің кеңістікте орналасуымен анықталады, яғни кескіштің геометриялық параметрлер немесе жай геометриясы деп аталатын бұрыштардың көмегімен.

Кескіштің геометриясын анықтау үшін келесі координаттық жазықтықтарды қолданады: 1 – негізгі жазықтық, 2 – кесуші жазықтық, 3 – жұмысшы жазықтық, 4 – негізгі қима жазықтық (8 сурет).



Негізгі жазықтық (статикалық) – негізгі кесу қозғалысының жылдамдық бағытына тік жүргізіледі. Токарлық кескіштерде бұл жазықтық кескіштің төменгі тіреу бетімен сәйкес келеді.



7 сурет – Бастыжәне көмекші жиектерінің түйісу түрлері

8 сурет - Кескіштің координаттық кесу жазықтықтары





Кесу жазықтығы дегеніміз – негізгі кесуші жүзінің белгілі нүктесі арқылы кесуші жүзге жанама өтеді және негізгі жазықтыққа тік болады.

Жұмысшы жазықтық негізгі кесу және беріс жылдамдықтардың векторлары арқылы кескіш үшін басып өтеді, дайындама айналу өсіне параллель болады.

Негізгі қима жазықтық негізгі жазықтықпен кесу жазықтығының қиылысу сызығына кесу жүздің белгілі нүктесі арқылы тік жүргізілетін координаттық жазықтық.

Көмекші қима жазықтық – белгілі нүктеден көмекші кесу жиегіне тік түсетін жазықтық.





а – сүргілеу;



б – токарлық өңдеу




9 сурет - Кескіштің геометриялық параметрлері

10 сурет – Кескіштіңпландағы бұрыштары


Негізгі қима жазықтықта негізгі артқы (α), алдыңғы (γ), үшкірлеу (β), кесу (δ) бұрыштары өлшенеді (9 сурет).

Негізгі артқы бұрышα

Үшкірлеу бұрышы β

Негізгі алдыңғы бұрыш γ – кескіштің алдыңғы бетімен (немесе оған жанама) және басты кесуші жиектің қарастырылатын нүктесінде өтетін негізгі жазықтық арасындағы бұрыш. Ол оң мәнді болады (+), егер де алдыңғы бет кесуші жиектен төмен бағытталса, теріс мәні болады (-), егер де алдыңғы бет кесуші жиектен жоғары бағытталса, алдыңғы бұрыш γ=0 болуы мүмкін.

Кесу бұрышы (δ) деп кесу жазықтығы мен кескіштің алдыңғы бетінің немесе оған жанаманың арасындағы бұрышты айтады. Бұл бұрыштардың арасында мынадай байланыстар бар.

α+β+γ=900 ; δ+γ=900.

Көмекші қима жазықтығында көмекші артқы бұрыш 1 өлшенеді. Бұл кескіштің көмекші артқы беті оған жанамамен көмекші жиегінің нүктесінен негізгі жазықтықта тік түсетін жазықтық арасындағы бұрыш.

Негізгі жазықтықта пландағы бұрыштар өлшенеді (9 және 10 сурет).

Негізгі пландағы бұрыш (φ)- кесуші жазықтық пен жұмысшы жазықтығы арасындағы бұрыш. Кескіш үшін кесуші жиектің негізгі жазықтықтағы проекциясы мен беріс бағыты арқылы анықталады.

Пландағы көмекші бұрыш (φ) көмекші кесу жиектің негізгі жазықтық проекциясымен беріс бағыты арасындағы бұрыш. Кескіштің төбесіндегі бұрыш ε шынында болады, ол – негізгі және көмекші кесуші жиектерінің негізгі жазықтықтағы проекцияларының арасындағы бұрыш.

Осы бұрыштар арасында келесі қатынас бар:

φ +ε+φ = 180

Негізгі жазықтыққа , негізгі кесу жиегі арқылы, тік өтетін жазықтықта негізгі кесу жиегінің көлбеулік бұрышы өлшенеді. Бұл бұрыштан кескіштің төбесінің беріктігі мен жоңқаның жүру бағыты тәуелді (11 сурет).

11 сурет - Кескіштің негізгі кесу жиегінің көлбеулік бұрышы


Негізгі кесу жиегінің көлбеу бұрышы λ – кесуші жиекпен негізгі жазықтық арасындағы бұрыш.

Егер кескіш шыңы – ең төменгі нүкте болса, онда λ бұрышы оң болады, егер ең жоғарғы болса – теріс болады. Егерде кесуші жиек негізгі жазықтыққа параллель болса, λ бұрыш нөлге тең болады,

α және γ бұрыштарды бұрыш өлшеуіштерімен анықталғанда кесу беті негізгі жазықтыққа тік болып алынады. Мұндай шарт беріс жылдамдығы жоқ кезінде, кескіш ұшы дайындаманың кіндік сызығының деңгей биіктігіне орнатылған да және де кесуші жиектің көлбеу бұрышы нөлге тең болғанда (λ=0) туады (кесуші жүз толық ұзындығымен деңгей сызығында жатады). Дайындама айналғанда кесуші жиектің нүктелері шеңбер сызықты траекторияны сызып шығаруы мүмкін және кесу беті қисық кесілген шомаққа ұқсап шыға келеді. Егерде кескішке беріс қозғалысы берілсе, кесу беті қадамы беріске тең бұрама бет, және оған жанама кесу жазықтығы бұрама беттің еңкею бұрышына сәйкес орналасады. Бұл жағдайда кинематикалық бұрыш статистикалық бұрыштан кем болады.

12 суретте φ=90 және λ=0 кезіндегі өтпелі өңдеу жұмысының оңайтылган түрі көрсетілген. Кескіштің кесуші жиегі дайындама өсінің деңгейінде орналасқан: В–В – кесушіжазықтың дайындаманың беріссіз айналуындағы жағдайы кесуші жиектің нүктелері шеңберлерді суреттейді және оларға жанама тік жағдайда болады.

А–А– кесу жазықтығының, беріспен жұмыс істеудегі, бұрама кесу бетіне жанамалы жағдайы.

Кесу жазықтығының жағдайы өзгеруі нәтижесінде артқы бұрыш кемиді және α=α-η шамаға тең болады, мұнда η кесу жиегінің нүктесінің бұрама траекториясының еңшікті бұрышы; α-кинематикалық артқы бұрыш(кесу бетімен кескіштің артқы бетінің арасындағы бұрыштық саңылау); α-беріс жоқтағы статикалық артқы бұрыш. Бұл уақытта кесу жазықтығы тік жағдайда болады.





12 сурет - кескіштің кесуші жиегінің траекториясының жайылуы


Егерде кесу жиектік нүктесінің шеңберлік айналуымен және бұрама траекториясын жазықтыққа айналдырсақ, онда біз үшбұрыш аламыз (13 сурет). .Бұл үшбұрыштың катеттері беріс және айналу шеңбері болады, ал бұрама траектория – гипотенуза. Осыдан λ бұрышы анықталады:

η=arctg(S/)

Берісті жоғарлатқан сайын кесуші жиектің нүктесінің бұралма траекториясының көлбеуі артады (бұл траекториялар кесу бетінің пайда болуына себебкер), ал кинематикалық артқы бұрышы кішірейеді. Кесу жиегінің әр нүктесі дайындаманың әртүрлі диаметрлерінде болу байланысына келе, олардың бұралма траекториясының көлбеуі әртүрлі болады.

Неғұрлым дайындаманың диаметрі кіші болса,соғұрлым жұмыс кезінде артқы бұрыш кішірейеді, өйткені бұралма траекторияның көлбеулігі үлкенірек.

Егер кескіш φ=90тік бұрышқа ие болса, онда беріс және, λ бұрыштық өлшенетін, қима жазықтықтың бағыттары сәйкес келеді. Егерде бұрыш φтең болмаса, онда, негізгі қима жазықтығында өлшенетін, кесужазықтықтары арасындығы бұрышты ηφ мына формула бойынша анықтауға болады.

tg ηφ=tg η sinφ

Негізгі қима жазықтықтағы кинематикалық артқы бұрыш тең болады

α =α-ηφ

Көлденең жонғанда, тетікті қиғаштағанда кесуші жиектің нүктелері Архимед спиралын суреттейді. Осыдан келе, кесу бетіне жанама және кесуші жазықтығы айналма шеңбердің жанамасынан аутқалы болады, және кинематикалық артқы бұрышы кішірек болады.

Неғұрлым беріс үлкен болған сайын және,кесуші жиегінің нүктесі орналасқан диаметр кішірек болса, соғұрлым кесуші жазықтықтар арасындағы бұрыш үлкен болады. Осыдан келе, көлденең жону кезіндегі кинематикалық артқы бұрыш тең:

α =α-ηφ

мұндағы, tg ηφ= tg η- sin φ

Жонуда жай кезде қолданылатын берістерде η бұрышы өте аз болады,сондықтан жұмыс кезіндегі артқы бұрыштын өзгеруіне мән бермеуге болады.Үлкен берістермен жұмыс істеу кезінде ,желкелеу жұмыстары кезінде,жүрісті бұрама өңдеген кезде кескіштің артқы бұрышның өзгеруін ескере отырып оны қайрауда оның мәнін ηφ өлшемін үлкейту керек.

Бұл кезде кескіштің алдындағы бұрышы η көлеміне үлкейтіледі (алдындағы бұрышты анықтау 13- суретті қара). Ұшталу бұрышы β өз өлшемін сақтайды.

Сонымен жұмыс кезінде кескіш негізгі қима жазықтықта кинематикалық алдындағы бұрышты алады,ол мынаған тең:

γ =γ+ηφ

Жұмыс кезінде артқы бұрыштың оптимальдық өлшемін қамтамасыз ету үшін, оны кішірею өлшеміне қарай үлкендеу қайрайды. Бұл үшкірлеу β бұрышын кішірейтеді, ал ол жылуды алып кетуді азайтып кескіштің беріктігін кемітеді. Аспаптың жұмыс кезіндегі оптимальдығын сақтау үшін, алдыңғы бұрышты қайрағанда оны осы көлемге азайту керек.

Мынандай жағдайлар болады, кесуші жиекті дайындаманың өсінен жоғары не төмен орналасуы мүмкін және де кесуші жиегінің көлбеу бұрышының оң немесе теріс болуына байланысты кесуші жиегінің нүктелері дайындаманың өсінен жоғары не төмен болады. Сонымен бірге кесу бетінің жанамасында орналасу жағдайы өзгереді (кесу бетінің шығынқы және кіріңкі болуына байланысты).

Алдыңғы және артқы бұрыштарының өлшемі тең болады (14 сурет):

γτφ ; ατφ

Егер φ=0 болса,онда τ = arc sin h/R

Егер φболмаса онда tgτφ= tg τ cosφ

Осыдан келе, жұмыс кезінде негізгі қима жазықтықтағы кескіштің кинематикалық бұрыштары тең: α=α-ηφτφ; γ=γ+ηφτ.

а,б,в – сыртқыбетін жону; г,д,е –кеулейжону.



13 сурет - Кескіштің төбесі центрлердің өсіне байланысты орналасатын кескіштің геометриялық параметрлеріне әсері
Скачать 482.79 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4

Похожие:

Кескіштің жұмыс бөлігінің геометриясы Кескіштердің негізгі түрлері iconЗертханалық жұмыс №5
Жұмыс мақсаты: есеп шығаруда екі өлшемді массивтерді программалау дағдыларын меңгеру
Кескіштің жұмыс бөлігінің геометриясы Кескіштердің негізгі түрлері iconСабақтың тақырыбы Механикалық жұмыс. Қуат
Механикалық жұмыс пен қуаттың қандай физикалық шамаларға тәуелді екенін анықтайды, формуласын жазады, есептеулер жүргізеді
Кескіштің жұмыс бөлігінің геометриясы Кескіштердің негізгі түрлері iconСабақ тақырыбы: Қылмыстық жазаның жүйесі мен түрлері

Кескіштің жұмыс бөлігінің геометриясы Кескіштердің негізгі түрлері iconКурстық жұмыс Мазмұны

Кескіштің жұмыс бөлігінің геометриясы Кескіштердің негізгі түрлері iconНегізгі экзокриноциттер
...
Кескіштің жұмыс бөлігінің геометриясы Кескіштердің негізгі түрлері iconЕсеп тақырыбы: Тантал – қасиеттері және қолданылуы. Конструкциялық ағаш материалдары-түрлері,қасиеттері және қолданылуы. Орындаған

Кескіштің жұмыс бөлігінің геометриясы Кескіштердің негізгі түрлері iconБіліктілік тәжірибенің оқыту жұмыс бағдарламасының тақырыптық жоспары және мазмұны

Кескіштің жұмыс бөлігінің геометриясы Кескіштердің негізгі түрлері icon3 зертханалық жұмыс бойынша есеп пәні: «Басқару жүйесіндегі типтік жобалауды шешу»

Кескіштің жұмыс бөлігінің геометриясы Кескіштердің негізгі түрлері iconЖаппай өндіріс бойынша қолданылатын негізгі лекалдарды атаңыз
Жеке тапсырыс бойынша бұйымды дайындағанда иық қималарын алдын- ала қол тігісімен Қосып көктейді
Кескіштің жұмыс бөлігінің геометриясы Кескіштердің негізгі түрлері iconМазмұны Кіріспе Негізгі бөлім. І. Инвестицияның экономикалық мазмұны мен рөлі
«Келешек дегеніміз келеңсіздіктерден арылған бүгінгі күн» деген сөз бар. Бүгін не істесек те соның бәрі болашақ дамуымыз үшін негіз...




База данных защищена авторским правом ©refnew.ru 2022
обратиться к администрации

    Главная страница
Контрольная работа
Курсовая работа
Теоретические основы
Методические указания
Лабораторная работа
Методические рекомендации
Практическая работа
Рабочая программа
Общая характеристика
Учебное пособие
Теоретические аспекты
История развития
Пояснительная записка
Дипломная работа
Самостоятельная работа
Методическая разработка
Общие положения
Экономическая теория
Направление подготовки
Методическое пособие
Теоретическая часть
Физическая культура
Федеральное государственное
Общие сведения
Исследовательская работа
Организация работы
Усиление колониальной
Общая часть
государственное бюджетное
реакция казахского
Экономическая безопасность
Образовательная программа
Конституционное право
программное обеспечение
Управления государственных
Общие вопросы
Техническое задание
Техническое обслуживание
Правовое регулирование
Основная часть
История создания
Понятие сущность
прохождении производственной
Выпускная квалификационная
Обеспечение безопасности
Российская академия
Земельное право
Математическое моделирование
Административное право
История становления
Государственное регулирование