8-сынып (факультативтік курс бағдарламасы)


Қортынды сабақ «Табиғатты қорғау-адами парыз және табиғаттың жойқын күштері»



Скачать 322.22 Kb.
страница74/76
Дата27.04.2018
Размер322.22 Kb.
Название файлаҰлттық физика.docx
ТипБағдарламасы
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   76
Қортынды сабақ «Табиғатты қорғау-адами парыз және табиғаттың жойқын күштері»

Діншілердің айтуынша адамды Құдай жаратқан және аспан әлемін жер мен табиғатты,Жануарлар мен өсімдіктер дүниесін адамдар қоректеніп, өмір сүруге әдейі жасаған дейді. Ал дінсіздердің дүниетанымы бойынша мұның бәрі табиғаттың эволюциялық даму заңымен өз-өзінен пайда болған. Әрине бұл сұрақтың ақиқатын біз ғалымдардың еншісіне қалдырамыз. Қалай дегенде де адамдардың, жануарлардың та-биғатсыз өмір сүре алмайтыны даусыз. Мысалы, адам ауасыз бірнеше минутта, сусыз бірнеше күнде, қорексіз бірнеше аптада өліп кетеді екен. Олай болса бүгінгі күні дем алатын ауамыздың, ішетін суымыздың, қорек алатын жеріміздің жағдайы қалай?

Егер де жер мәселесіне келетін болсақ, қазіргі біз өмір сүріп отырған планетамыздың үштен екісін су алып жатыр, ал үштен бірі құрлық боп саналады.

Соның 20 пайызы өмір сүруге қолайсыз өте суық, 20 пайызы шөл, 20 пайызы таулы,ал 10 пайызы егін егуге келмейтін, топырағы өте құнарсыз жерлер. Сонда қалған 30 пайыз жер ауылшаруашылық өнімдерін алуға қолайлы болып саналады. Бірақ та бұл жерлерге қалалар, өндіріс орындарын, жолдар салуға тұра келеді. Оның үстіне жерді дұрыс пайдаланбаудың салдарынан дүниежүзі бойынша жылма-жыл миллиондаған гектар жер жел, су эрозиясына ұшырап батпақты, тұзды, шөлейт жерлерге айналып,шаруашылыққа жарамсыз болып қалады.Соның салдарынан ауылшаруашылық дақылдарын егетін жерлер жылдан жылға тарылуда.

Осыған керісінше жер бетіндегі халықтың саны жылма-жыл көбейіп, олардың материалдық сұранысы артып келеді. Егер де халықтың саны үш миллиардқа жетуі үшін ондаған мың жыл қажет болса, қазіргі кезде, халықтың тұрмысының жақсаруына, азық-түлік өнімінің көбеюіне және денсаулық сақтаудың дамуына байланысты адам өлімі күрт азайып, халықтың саны шапшаң көбейе бастады. Бұл процесс осылай жалғаса берсе, енді бірнеше ондаған жылдардан кейін, жердің адамзат қоғамының материалдық қажеттілігін қанағаттандыруға мүмкіншілігі болмай, халықтың аштан қырылу қаупі бар. Осы жағдайды қазірден ойлап, табиғатты тиімді пайдаланудың жолын қарастыруымыз керек.

Бірақ та біздің қазіргі табиғатты пайдаланудағы іс-әрекетімізді ақылға қонымды деп айта алмаймыз. Себебі адамзаттың бүгінгі күнге дейінгі көксеген мақсаты, қайткен күнде де табиғаттың дүлей күшін жеңіп, оны өзіне бағындыру болатын. Сол үшін ғылымды ойлап тауып, оны осы мақсатқа қару ретінде пайдаланды.

Ғылым-білімнің арқасында өндірісті, техниканы дамытып, өндіріс құралдарын жетілдіріп, кен орындарын меңгеріп, табиғаттан алынатын шикізатты молынан өндіре бастады. Адамдардың өндірісті дамытып, қазба байлықты пайдаланғанына бірер ғасыр өтсе де, қазірдің өзінде отын қорының және кен байлықтың енді бірнеше ондаған жылдардан кейін сарқыла бастайтыны жөнінде сөз болуда.

Қазіргі өркениеттің күннен-күнге дамып, ғылым мен техниканың жетілуі арқасында, адамдар мол игілікке кенелуде. Әрине бұл байлық дүниежүзі халықтарының бәріне бірдей әділ және тең бөлініп отырған жоқ. Жер шарының солтүстік бөлігіндегі елдердің байып, оңтүстіктегі елдердің кедейлену процесі әлі күнге жалғасуда.

Жер астынан өндірілетін және қайта қалпына келмейтін кен байлық пен отын көзін жылда миллион, миллиард тонналап жер бетіне шығарып жатырмыз. Осы байлықты тиімсіз пайдаланудың салдарынан онан шыққан қалдық жерді, суды, ауаны ластап табиғатқа айтарлықтай зиян келтіруде.

Жер жүзінде екі жүздей мемлекет бар, бірақ та олардың бәрін де өндіріс бірдей дамымаған. Өндірісі аса жоғары дамыған елдерге Еуропа мен Солтүстік Америка елдері жатады. Негізінен жер асты байлығын өздерінің өндірісінде көптеп пайдаланып, табиғатқа көп зиян келтіретін де осы елдер. Бірақ та табиғат ешқандай мемлекеттік шекараны мойындамайды. Сондықтан да дүниежүзі бойынша

жерді, суды, ауаны ластайтындар өркениеттің игілігін көріп отырған өндірісі дамыған батыс елдері болса, оның экологиялық зардабын экономикасы нашар дамыған шығыс елдері көріп отыр. Оның үстіне экономикасы жоғары дамыған батыс елдері өздерінің өндірісін дамыту үшін шикізатты арзан бағаға шығыс елдерінен сатып алып, оны тауарға айналдырып, оларға қымбат бағаға қайта атады. Осындай әділетсіз жолмен өндірісі дамыған елдер шығыс елдерін шикізат өндіретін ай-маққа және өзінің өндіріс тауарларын өткізетін рынокқа айналдыруда.

Біз жерді пайдаланғанда оның жер астындағы қазба байлығын пайдаланып қоймай, жер үсті табиғи байлығын да пайдаланамыз. Жер үсті табиғи байлығына жер бетіндегі орман-тоғайлар, ондағы аң мен құстар және жерде өсетін түрлі өсімдіктер жатады.

Осының ішінен орман-тоғайды алсақ, оның адам өміріне келтіретін пайдасы ұшан-теңіз, орман ауадағы ылғалды сақтайды, үлкенді-кішілі өзендердің суының мол болуына, ауа-райының жұмсақ болуына көмектеседі және аңызақ ыстық жел мен құм көшкініне тасқауыл болады. Орман біздің дем алатын ауамызды тазартып, өзінің бойына көмір қышқылын сіңіріп оттегін шығарады.

Адам баласы өзіне керекті заттардың бәрін жерден алатыны белгілі. Жер бетіне егін егіп, астық өндіреді, бау-бақша отырғызып, жеміс-жидек жинайды, мал өсіріп ет, сүт тағамдарын алады. Осының бәрі жер қыртысының құнарлылығына байланысты.

Бірақ та жылма-жыл жер бетінде адам саны өсіп, оларды азық-түлікпен қамтамасыз етуі қиындап барады. Себебі адам саны мен оның материалдық қажет-тілігі өскенмен жер беті кеңеймейді. Қайта ол жерлерге қалалар, өндіріс орындарын, жолдар салудың салдарынан ауылшаруашылығына пайдаланылатын жердің көлемі азайып барады. Оның үстіне адамдардың жерді тиімсіз пайдалануының салдарынан дүниежүзі бойынша

жылда бірнеше миллиондаған гектар жер шаруашылыққа пайдасыз болып қалуда. Бұған мысал Қазақстанда 60-шы жылдары тың көтереміз деген желеумен мыңдаған жылдар бойы қазақтың малға жайылым ретінде пайдаланған ондаған миллион гектар жері жыртылып, ол соңынан эрозияға ұшырап, жердің бетіндегі құнарлы қыртысы желге ұшып, миллиондаған гектар жер ауыл шаруашылығына пайдасыз болып қалды. Мұндай фактіні дүниежүзі бойынша ондап, жүздеп келтіруге болады. Бір жерлер жел эрозиясына ұшырап, шөлге айналса, кейбір жерлер шамадан тыс суарудың салдарынан батпаққа немесе тұзды сортаңға айналуда. Сол себепті жер адамдардың қорек алатын бірден-бір табыс көзі болғандықтан, оны сақтап, тиімді пайдалану адамзат баласының қасиетті борышы.

Жерден кейінгі адамның өмір сүруіне өте қажет зат, ол – су. Су планетамыздың үштен екі бөлігін алып жатыр, бірақ та адамдарға, жануарларға, өсімдіктерге керегі тұщы су. Жер бетіндегі өзен-көлдерді, жер асты суын немесе аспаннан қар болмаса жаңбыр болып жауатын жауын-шашынды көргенде адамдар су тапшылығы болуға тиіс емес деп ойлаулары мүмкін.

Ал шындығында жағдай мүлден басқаша. Егер де жер шарындағы барлық судық көлемі 1,5 млр. текше шақырым болса, оның 98%-ы тұзды, мұхит суы да, тек 28 млн. текше шақырымы тұщы су. Осы көрсеткіштің өзінен болашақта тұщы судың “судай тегін” болмайтынын көруге болады. Оның үстіне тұщы су барлық жерде тең, біркелкі орналаспаған. Мысалы Қазақстан территориясының көп бөлігі дүниежүзі бойынша суы тапшы, шөлді аймаққа жатады. Мұнда жауын-шашынның мөлшері онтүстік батыс аймақтарда жылына 100-150 мм жауын жауса, еліміздің солтүстік және орталық ай-мақтарында 300-500 мм, ал, республиканың шығыс бөлігіндегі тау бөктерлерінде 500-900 мм дейін жауын жауады. Қазақстанның табиғат жағдайының тағы бір ерекшелігі сол, мұнда республика территориясы арқылы ағып өтетін 100 текше шақырым өзен суларының жартысына жуығы Республикадан тыс жерлерде қалыптасады немесе транзиттік жолмен ағып өтеді. Оның үстіне өзен сулары түрлі себептермен жылма-жыл өндірістік және тұрмыстық қоқыс-қалдықтармен ластануда.

Кеңес Одағы кезінде Арал теңізіне құятын Амудария мен Сырдария өзендерінің суын мақта мен күріш өсіруге қисапсыз пайдаланудың салдарынан теңізге су жетпей, ақыр соңында ол құрғап тынды. Кезінде Арал теңізіне Сібір өзендерінің суын бұрып әкеліп теңізді сақтап қаламыз деген болатын. Жоба бойынша Ертіс өзенінің Обьқа құятын сағасынан бөгет салынып, одан пайда болған су қоймасынан канал арқылы насоспен су айдалып, ол су Қазақстан территориясындағы Торғай ойпаты арқылы Орталық Азия жеріне жеткізілуі керек еді. Бұл каналдың ұзындығы 2550 шақырым, ені 150-200 метр, тереңдігі 10-15 метр болмақ-ты. Сол каналмен ағатын суды алғашында 27 текше шақырым, соңынан оны 60 текше шақырымға жеткізу көзделінген болатын. Осы каналдан су ағызу үшін оның бойында бірнеше су қоймасы салынып, оның суы 110 метр биіктікке көтерілуге тиіс болды. Ақыр соныңда бұл жоба Ресей шовенистерінің қарсылығына тап болып, ол жүзеге аспай қалды. Сондағы олардың дәлелі Сібір өзенінен су алынса Солтүстік мұзды мұхиттың экологиясына зиян келуі мүмкін деген жорамал еді. Ал шын мәнісінде Сібір өзендерінің мұхитқа құятын суының көлемі жауын-шашынның мол немесе тапшы болуына байланысты жылда 50 текше шақырымға ауытқып тұрады екен. Осы фактінің өзінен жоба іске асса Сібірдін экологиясына зиян келеді деу құр байбалам екенін көреміз. Онын есесіне Арал теңізінің суы құрғап, жылда оның табанынан миллиондаған тонна тұз бен тозаң ауаға тарап, бүкіл Орталық Азия халқының денсаулығына, ауа-райына, экологиясына зиянын тигізуде. Арал теңізінің тартылып қалуы Қызыл империяның шовенистік, ұлы державалық саясатының салдары деуге толық негіз бар, себебі оларға мақта мен күріш қажет болды. Сондықтан да Кеңес Одағының мұрагері болып саналатын Ресейдің Арал теңізін экологиялық апатқа ұшыратқаны үшін Орталық Азия халықтарының алдында моралдық жағынан қарыздар.

Ендігі проблема Арал теңізіне Сібір өзендерін бұрып әкеліп оны толтыру немесе оның суымен мақта, күріш суару емес, керісінше, қайткенде Қазақстан халқын ауыз сумен қамтамасыз етуі туралы болмақ. Болашақта осы проблеманы шешудің бірден-бірдұрыс жолы меніңше Обь өзені мен Ертістің бір-біріне жақын келетін жері Барнауылдың төменгі жағынан 80 шақырымдай канал қазып суды насос арқылы Құлынды өзеніне айдаса, ол өз ағысымен Құлынды көліне келіп құяды. Осы көлден Ертіс өзеніне дейін шамамен 200 шақырымдай канал қазып Обьтің суын Ертіс-Қарағанды каналы арқылы орталық Қазақстанға жеткізуге мүмкіншілік бар. Егер де келетін су мол болса оны Есіл, Тобыл, Торғай, Сарысу өзендеріне қосып, бүкіл Қазақстанның тең жартысын және Ресейдің Омбы, Қорған, Түмен облыстарын сумен қамтамасыз етуге болады.

Адамдар да, жануарлар да ауасыз бір минут та өмір сүре алмайды, олай болса өзіміздің секунд сайын дем алып жүрген ауамыздың сапасы қандай?

Әрине бесінші мұхит болып саналатын әлем кеңістігіне қарасаң, ол ұшы-құйыры жоқ шексіз болып көрінеді. Бірақ та аспан әлемін біз дем алатын ауамен толтырылған екен деп түсінбеу керек. Шын мәнісінде жер бетіндегі ауа қабатының қалыңдығы бірнеше шақырым ғана, онан әрі бос ауасыз кеңістік. Ауамен тек адам ғана демалып қоймайды, оны жер бетіндегі бүкіл тіршілік иесі пайдаланады және жанар маймен жүретін машиналардың бәрі оттегісіз жүре алмайды. Мысалы қазіргі жолаушылар таситын бір ұшақ Атлант мұхитын ұшып өтуі үшін 30 тонна оттегін жағады екен. Дүниежүзі бойынша күнде қанша ұшақ ұшады, қанша машина жүреді,қанша зауыт-фабрикалар, қанша жылу электір станциялары жұмыс істейді, ормандар өртенеді, осылардың бәрі оттегін жағып, көміртегін шығарады. Ал көміртегін бойына сіңіріп, оттегін шығаратын тек өсімдіктер ғана. Олай болса қазіргі біздің дем алып жүрген ауамыз, жер бетіндегі өсімдіктердің миллиондаған жылдар бойы жасап шығарған ауасы екен. Біз болсақ қазір жер бетінде қалалар, жолдар,өндіріс орындарын, кен шығаратын кариерлер жасап, ормандарды отап, жер бетінде өсетін өсімдіктердің аумағын жылдан-жылға азайтып келеміз. Бұған қоса зауыт-фабрикалардың тұрбасынан, көшеде жүрген машиналардан, үй жылытатын қазандықтардан шыққан түтін ауаны ластап, қала тұрғындарының денсаулығына зиян келтіруде. Оның үстіне ауаға көтерілген түтін күн сәулесінің жерге түсуіне ке-дергі келтіріп, жер шары бойынша ауа-райының өзгеруіне себебін тигізуде.

Көбіне біз табиғатты қорғап, оны тиімді пайдалану мемлекеттің, ұйымдардың, шенеуніктердің ғана міндеті, жеке адамдарға оның қатысы жоқ секілді көреміз. Егер де қоғамның өзі жеке адамдардан тұратынын және табиғаттың байлығын әрбір жеке адамдардың пайдаланатынын ескерсек, табиғат пен адамдардын тағдыры өзара тікелей байланыста екенін түсіну қиын емес. Оның үстіне жер шары

адамзаттың ортақ мекені болғандықтан оны таза ұстап, оған қамқор болу жеке адамдарға да байланысты. Неге десеңіз тұрған үйінің айналасын қоқсытатын, браконерлікпен айналысатын, машинаның түтінімен ауаны ластайтын кімдер? Жеке адамдар емес пе? Сондықтан да табиғатты сақтап, оны қорғау әрбір адамның санасына, патриоттық сезіміне, адамгершілік қасиетіне байланысты. Бұрынғы заманда қазақ жастарын ауыл ақсақалдары, ата-анасы обал, сауап деген ұғымдармен тәрбиелеген болатын. Көк шөпті жұлма обал болады, тірі жәндіктерді өлтірме обал

болады, біреуге жақсылық істесең сауабы тиеді деп, мұсылман дінінің имандылық қағидаларымен тәрбиелеген.

Адам баласы өзінің теріс әрекетімен жерге, суға, ауаға кері әсер етіп қоймай, жер бетінде тіршілік ететін аңдар мен онда өсетін өсімдіктерге де үлкен зиян келтіріп отыр. Адамдардың соңғы ғасырларда өндірісті дамытып, отпен атылатын қаруды ойлап тапқаннан бергі уақыт ішінде табиғатқа келтірген зияны бүкіл өткен адамзат тарихындағы табиғатқа келтірілген зияннан әлдеқайда көп. Сондықтан да адамдар жер бетінде тіршілік еткісі келсе, өздерінің мүддесі үшін табиғатты

қорғап, салауатты өмір сүруге талпынулары керек.Жер бетіндегі жеті миллиард халықты асырап отырған Табиғат- ана өз перзенттеріне барын беріп жатыр. Дегенмен адамзат тәубесін ұмытқан шақтарда қаһарына мініп, өз күшін көрсетіп қояды.

Аспанға от болып атқылайтын вулкандардан бастап,бойыңа қорқыныш ұялататын құйынға дейінгі Табиғат-ананың қаһарына мінген шақтары аз болмайды. Ол соңғы кездері ашуға жиі бой алдырып жүр. Өйткені көп жағдайда біз табиғаттың ғажайып та қорқынышты орасан күшке ие екенін ұмытып кетеміз. Көктегі күш адамзаттың өзі өмір сүріп отырған ғаламшардың ғаламат күшін құрмет тұтуы үшін табиғаттың керемет құбылыстарын жаратқан. Бұл құбылыстар бір қарағанда керемет көрінгенімен,адамзат үшін үлкен қауіп тудырады. Қызықты да қауіпті құбылыстарға көз жүгіртіп көрсек...



Табиғат-ананың ғаламат күшін көрсететін құбылыстардың бірі– құмды дауыл. Бұл құбылыс жер шарының Сахара,Қызылқұм, Қарақұм секілді шөл және шөлейт аймақтарында орын алады. Жаз мезгілі өте құрғақ болса,бұл құбылысты орманды жерлерден де көруге болады. Мұндай дауылға тап келген адамның беті-басына құм толып, бірден ажал құшуы мүмкін. Жай ғана дауыл аталса да, оның көлемінің үлкендігі сондай, тіпті космостан да көрінеді. Желдің әсерімен жер бетінен көтерілетін шаң мен тозаңның үлкен жиынтығы 1-ден 4 шақырымға дейін созылуы мүмкін. Кейбір деректер бойынша, жыл сайын Сахарадан Амазонка бассейніне 40 миллион тонна шаң жетеді екен. Қазақстанда құмды дауылдар Арал мен Балқаш маңында болып тұрады.Өкініштісі, адамзаттың жерге жанашырлығының жоқтығынан ғаламшардың шөлді аймақтары жыл сайын өсіп келеді. Соған орай шөлді жерлердегі құмды дауылдың да қатары артып барады. Мәселен, соңғы жарты ғасырда Саха-радағы құмды дауылдың саны 10 есеге өскен екен. Өте үлкен дауыл соңғы он жылдықта Австралия, АҚШ, Моңғолия елдерінде болған.Жер шарындағы ең қауіпті де қорқынышты табиғи құбылыстардың тағы бірі – торнадо. Торнадо – өте жылдам айналатын ауа массасы. Трипокалық цик-лон, боран секілді табиғат құбылыстарынан айырмашылығы,ол судың астында емес, жер бетінде туындап және диаметрі жағынан жоғарыда аталғандарға жол береді. Торнадоның биіктігі 2 шақырымға дейін жетуі мүмкін.Оны кейде «алып ауа жыланы» деп те атайды.Пайда болғаннан кейін сағатына 15-90 шақырым жылдамдықпен қозғалады. Өз жолындағының бәрін жайпайтын жойқын күш адамзат өмірі үшін өте қауіпті.Жер бетіндегі ең орасан торнадо өткен ғасырдың 25-жылы АҚШ-тың Иллинойс, Индиана және Миссури штатарында болған екен. Метеорологтар әлі күнге мұндай күшті торнадо болған емес деп пайымдайды. Расында оның жойқын күшінен 689 адам қаза тауып, 2000-нан аса тұрғын жарақат алған.Негізі табиғаттың бұл құбылысы күн күркіреген кезде пайда болады. Сонысымен де өте қауіпті. Өте жылдам айналатын жел аз уақыттың ішінде жүздеген шақырымға жетуі мүмкін. Оның жылдамдығы қаншалықты жоғары болған сайын, келтіретін зияны да сондай орасан болмақ. Торнадоның ең үлкен жылдамдығын ғалымдар 1952 жылы тіркеген. Сол жылы АҚШ-тың Уичита Фоллс қаласының үстінен жылдамдығы сағатына 400 шақырым болатын тор-надо жүріп өткен. Адамзаттың бақытына орай,осындай үлкен жылдамдықпен жылжитын торнадо өте сирек кездеседі. Осы елде жылда түрлі жылдамдық пен биіктіктегі мыңдаған торнадо болып тұрады екен. Бір анығы, қандай тор-надо болмасын елдің экономикасына әкелетін шығыны мен тұрғындардың өміріне төндіретін қауіпі орасан.Көрген адамның бойына бірден қорқыныш ұялататын тағы бір табиғаттың құбылысы – найзағай. Алып электр ұшқыны түскен жерінде өрт тудырып, ағаштарды қиратып, адамдарға жарақат салады. Жер шарының әр нүктесінде әр сәт сайын 2000-нан аса күн күркіреп, әр секунд сайын жер бетіне 50 рет найзағай түсіп жатады. Осы найзағайлардың ішінде ең жұмбағы – шар тәріздес найзағай. Найзағайдың шар типтес түсуі физика заңдылықтарын жоққа шығарады. Әзірге табиғаттағы шар тәріздес найзағайды зерттеу мүмкін болмай отыр. Ғалымдар зертханаларында қанша сынақ жүргізсе де, табиғаттың бұл құбылысының жұмбағы әзірге шешілмей тұр. Жер-ананың жалын атып, от шашатын кездері – вулкан атқылағанда үлкен табиғи апаттар болып жатады. Жер-жерде вулкан атқылауының әсерінен жер сілкініп, теңіз бетінде цунами ойнайды. Қаншалықты қорқынышты болса да ғалымдар мен зерттеушілердің вулкандарға деген қызығушылығы қайтқан емес. Вулкан бір жерде шоғырлану қасиетіне ие. Тынық мұхиты, Жерорта теңізі аймағында ең көп және қауіпті вулкандар шоғырланған.Ең қауіпті вулкандар атқылаған кезде өз айналасындағысының бәрін күлге айналдырып жібереді. Мәселен, Италиядағы Везувий вулканы Еуропадағы ең қауіпті вулкан саналады. Ол пайда болғалы 80 рет атқылаған көрінеді. Оның жойқын күші ежелгі Помпей,Стабия қалалары жер бетінен жоқ қылып жіберсе, соңғы рет 1944 жылы атқылаған шағында Сан-Себастьяно және Масса қалаларын жермен-жексен еткен. Сол кезде лава 800 метр биіктікке көтерілсе, вулкан шаңының ұзындығы 9 шақырымға жеткен. Бұдан басқа мыңдаған адамның өмірін жалмаған вулкандар жетерлік.Вулкандарды сөз етіп отырғанда, лавалық көлдерге тоқталып өтпеуге болмас.Лава көлдерін вулкандар атқылаған кезде пайда болады. Алайда жер бетінде салыстырмалы түрде алғанда біршама қауіпсіз бассейндерде орналасқан лава көлдерінің 5 нүктесі бар екен.Вулкан атқылауынан пайда болатын көлдерге қарағанда бұл жердегі лава көлдері тазарақ. Жердің тура ортасынан шығатын бұл көлдері адамға «тамұқтың оты» секілді көрінуі мүмкін.Теңіз бетінің өзінің табиғи түсін өзгертіп, қызыл-қошқылданып толқындап жататын кездері «қызыл толқын» деп аталады. Алқызыл түске боялған су бетіне қан төгілгендей көрінген кезде адам бойын үрей билейді. Шындығында бұл адам денсаулығы үшін қауіпті құбылыс. Судың бұлайша түсін өзгертуіне балдыр секілді микроағзалардың бір жерге жиналып, белгілі факторлардың әсерінен бақылаусыз көбеюі себеп болады. Мұндай жерге шомылған адам бірден уланып қалады. Микроскопиялық балдырлар бөлетін токсиндерден балықтар да уланып,олардың жаппай қырылуы да мүмкін. Мәселен,1947 жылы Флорида жағасында осындай микроағзалардың көбеюінен 50 миллионнан аса балық қырылып қалған. Киттердің өзін-өзі жағаға лақтырып,дельфиндердің жаппай қырылуы да осы балдырлар шығаратын қауіпті токсиндердің ке-сірі деген де пікір бар. Қазіргі таңда ғылымға 300-ден аса микробалдырлардың түрі белгілі солардың 40 шақтысы қауіпті токсиндерді шығарады.Жалпы,бұдан басқа адамзат өміріне қауіп төндіретін су тасқыны, цунами, өрт секілді табиғи апаттар жыл сайын мыңдаған адамның өмірін жалмап жатады. Соңғы уақыттарда табиғат тосын мінез көрсетуін тоқтатар емес. Мұның барлығы «адамзатқа жасалған ескерту» дейтіндер де бар.Расында,адамзат астамсымай, өз асыраушысына құрметпен қарайтын кезі жетті.

Скачать 322.22 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   76

Похожие:

8-сынып (факультативтік курс бағдарламасы) icon2-3 І тарау. Бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастыру негізі
Оқушылардың ғылыми көзқарастарын қалыптастыру
8-сынып (факультативтік курс бағдарламасы) iconКонтрольное задание №1
В результате обучения борец должен уметь: определять цели борьбы; намечать правильный курс действий; реализовать выработанный курс...
8-сынып (факультативтік курс бағдарламасы) iconКурс лекций часть для студентов курса очной формы обучения специальности
Курс лекций по дисциплине пд. 01 Математика: алгебра и начала математического анализа; геометрия Часть 2[Текст] / О. А. Волкодамова,...
8-сынып (факультативтік курс бағдарламасы) iconҚаржы және бухгалтерлік есеп бағдарламасы «бекітемін» Мемлекеттік басқару және экономика жоғары мектебінің оқу және ғылым
Силлабус «Қаржы және бухгалтерлік есеп» бағдарламасының
8-сынып (факультативтік курс бағдарламасы) icon3 курс «Технология транспортных процессов»

8-сынып (факультативтік курс бағдарламасы) iconОсновы экономики. Курс лекций для учащихся

8-сынып (факультативтік курс бағдарламасы) iconОтчет по практике Студент Курс II группа 220 К
Специальность
8-сынып (факультативтік курс бағдарламасы) iconВакансии для студентов с 1-3 курс
Перспективы карьерного роста возможны после успешного прохождения практики/стажировки
8-сынып (факультативтік курс бағдарламасы) iconРеферат тема: Техногенные чс. 4 курс, группа 15303,15304
Охватывает территорию двух субъектов РФ или выходит за их пределы
8-сынып (факультативтік курс бағдарламасы) iconКурс лекций под редакцией профессора В. И. Шалупина для студентов всех специальностей дневного обучения Москва 2011





База данных защищена авторским правом ©refnew.ru 2020
обратиться к администрации

    Главная страница
Контрольная работа
Курсовая работа
Теоретические основы
Методические указания
Методические рекомендации
Лабораторная работа
Рабочая программа
Общая характеристика
Теоретические аспекты
Учебное пособие
Практическая работа
История развития
Пояснительная записка
Дипломная работа
Самостоятельная работа
Общие положения
Экономическая теория
Методическая разработка
Физическая культура
Методическое пособие
Исследовательская работа
Направление подготовки
Общая часть
Теоретическая часть
Общие сведения
Техническое задание
Общие вопросы
Образовательная программа
Управления государственных
Федеральное государственное
Экономическая безопасность
Конституционное право
реакция казахского
Основная часть
Организация работы
Техническое обслуживание
Российская академия
Понятие сущность
Усиление колониальной
прохождении производственной
Обеспечение безопасности
программное обеспечение
Выпускная квалификационная
квалификационная работа
муниципальное управление
Теория государства
Уголовное право
Математическое моделирование
Административное право
Название дисциплины
Земельное право