Ауа райының құбылып бұзылу нышандары
Малдың суды аз ішуі, желсіз күні тоғайдың шуылдауы, кемпірқосақтың төмен көлбей тартылуы, орман құстары шуылының тынуы.
ҚЫРКҮЙЕКТЕ
— алғашқы күндері күн күркіресе – күз жылы; жауынсыз жылы болса, күз кеш түседі;
— жидек өнімді болса — күз ылғалды, өнімсіз болса құрғақ;
— ауа райы құрғақ әрі жылы болса, қыс кеш түседі;
— ағаш жапырақтары ерте түссе, қыс та ерте түседі;
— ағаш жапырақтары түгел түспесе — қысқы ауа райы бір қалыпты;
— қайың мен емен жапырақтары тегіс түссе — келер қыс қаһарлы;
— қайың жапырақтары жоғарғы бұтақтардан бастап сарғайса, көктем ерте келеді, төменнен бас-таса — кеш;
— шырша бүршіктері төмен өссе, аяз ерте тұрады, жоғары өссе — қыстың соңы суық;
— көктерек жапырақтары тегіс жазылса — келер қыс суық, ішкі беті жоғары қарай бү-ріссе — қыс жылы, әрі-сәрілігі — қыстың қолайлылығы;
— айдың ортасында күн бұлыңғыр болса - күз жауын-шашынды, ашық болса — жай-ма-шуақ;
— айдың соңғы күндері мұз сүмелектері ұзын болса — келер жаз ұзақ;
Айдың соңы жазбен қоштасу. Күн салқындап, жанжануарлар, құрт-құмырсқалар қысқы қоныстарына жайғасады.
ҚАЗАНДА
— айдың басында жел арқадан соқса - суықтық, түстіктен соқса - жылылық әкеледі, ба-тыстан соқса - ауа ылғалданады, шығыстан соқса - жайма-шуақ; солтүстік батыстан өткір жел соғуы келер қыстың қаһарлылығын меңзейді; қар жауса, қаңтардың соңында, ақпан-ның басында күн жылынады;
— алғашқы ызғарда ағаш жапырақтары сарғаймаса немесе үзіліп түспесе, күн қайта жылынып, ауа райы тұрақтанады;
— жаңа ай Жаңбырлы күні туса - келер ай түгел жаңбырлы;
— алғашқы қар жер құрғақта түссе, тез ериді, ылайсаң кезде түссе, жатып қалады; шие жапырақтары түспесе, қар қанша жауса да тез ериді;
— тұман кешке түсіп, тез тараса, қатқақ болады;
— құйрықты жұлдыз туса, өзен сулары тартылады;
— күндіз жауған қар көп жатпайды, түнде жауса, ұзақ жатады;
— күн көкжиектен тез көтеріліп, аспан шайдай ашылса, ауа райы өзгереді;
— пияз қабығы қат-қабат көп болса - келер қыс қаһарлы;
— емен мен қайың жапырақтары төгел түсгіесе - қыс қатаң, бірден түгел түссе, жүмсақ қысты күт;
— қарағай мен шыршаның бөршігі аз болса - келер қыстың аязы сынық;
— күн күркіреп, найзагай жарқылдаса - келер қыс қысқа әрі жұмсақ;
— күн тұтылса - қыс қатты, келер наурыз, көкек, мамыр айлары жаңбырсыз, құрғақ;
— айдың орта шенінде күн жылынса, жылылық үш жұмаға созылады; қар аралас жаң-быр жауса, қаңтарда екі-үш рет жаңбыр жауады; күн ашық жылы болса - келер жылғы маусым жаңбырлы, салқын.
Поделитесь с Вашими друзьями: |