30 сабақ
Сабақтың тақырыбы: Құстарға қарап ауа-райын бақылау
Сабақтың тақырыбы: Құстарға қарап ауа-райын бақылау ерекшелігін түсіндіру
ЖАЛПЫ ҚҰСТАР
— көңілдене сайраса — келер күн ашық;
— үндері тынса, күн күркірейді;
— жыл құстары топтанып қайтса — келер қыс қатты;
— жыл құстары топ-тобымен бір мезгілде оралса, көктем тез кіреді;
— жер бауырлап ұшса, ауа райы бұзылады;
— күзде ұясын күн түсетін жаққа салса - қыс суық, көлеңке бетке салса, жылы болмақ;
— қыста үй төңіректей жиналып қиқуласа, қарды қазса, күн суытады.
ЖАҢБЫР ЖАУАДЫ
— темендеп ұшса, топтанса, ұяларына қонып ықтаса, өзендегі, арықтағы суға түссе, үрейленіп шуласа, жем іздеуге ерте шықса;
— қиқуын тез тыйса, найзағай ойнайды.
ҚАЗ БЕН ҮЙРЕК
— үстеріне қар шашып шомылса - күннің жылуына не бұрқасынға көрінеді;
— қыстап қалса — қыс; қолайлы, көктем ерте кірмек;
— қаз бір аяғын кетеріп ұзақ тұрса не қанатын жиі қаққыласа, аяз тұрмақ;
— қызыл қаз былтырғы ұясын жөндемей жұмыртқаласа — жаз құрғақ, жөндеп биік-тетсе — жаз жаңбырлы;
— қаз бен үйрек суға шомылып қиқулап, қанаттарын қомдап мазасызданса, ауа райы бұзылады;
— үйрек ұясын су жағасына таяу салса — жаз қуаң, судан қашық салса — жаз жауын-шашынды;
— қыста қаз қаңқылдаса, күн жылынады;
— аязды күні үйрек қанатымен жиі желпіпсе, аяз сынады,
ҚАРЛЫҒАШ
— келгенде терек бұтақтары жапырақ жаяды;
— бірде төмендеп, бірде биіктеп ұшса, дауыл соғады;
— жер бауырлай ұшса, жаңбыр жауады не жел тұрады;
— биіктей ұшса, ауа райы жақсарады, төмен қалықтаса, бұзылмақ.
ТЫРНА
— қыстаған жақтаң оралуы — күннің жылынғаны;
— тырауласа, қиқулап тљмен әрі шапшаң ұшса, жауын-шашынды болмақ;
— дыбыс шығармай тым жоғары ұшса немесе билесе, күн жылынады;
— үнемі биіктен ұшып төмендесе, ауа райы өзгереді;
— арқаға беттей ұшса, жылылықты кұт, кері бағытта ұшса, кұн салқындайды;
— жылы жаққа қайтқаннан кейін үш апта өткенде түнде аяз тұрады;
— қазан айының басында көрінбесе, қыс бір ай кеш түседі.
ШАҒАЛА
— төмен ұшса, теңіз бұрқанады;
— су бетінде ұзақ, көбіне қалқып ұшса, ауа райы тынышталады;
— жағалауда қалықтап, жартастар арасында, құм, таяз, қайраң жерлерде қиқулап ұшса, теңіз дауылы көтеріледі.
БАЛШЫҚШЫ
— балшықтан шығып, далада ұшып жүруі — ауа райының жақсару белгісі.
САНДУҒАШ
— түн бойы тынбай сайраса, бұзылған ауа райы жайлы қалпына түседі, ауа райы бұзы-лар болса, үнсіз қалады.
ҚЫЗҒЫШҚҰС
— кешкілік ән салса — ертеңгі күн ашық.
КӨКЕК
— таңертең ерте көкектесе, су бетін тұман жауын, шық мол түседі;
— ку-кулеген дауысы жиі естілсе — алдағы күн ашық.
КЕПТЕР
— гүрілдеп шуласа — жылылықтың нышаны; дем алып отырып бір аяғын қанатының астына тықса, күн салқындайды.
— пана іздеп, жасырына бастаса, ауа райы бұзылады.
ҚАРАТОРҒАЙ
— көрінгені — көктем туғаны;
— мезгілінен ерте келсе — көктем шуақты;
— кеш қайтуы — қоңыр күздің қолайлылығы және келер қыстың жұмсақтығы;
— жүнін үрпитіп мазасызданса, ауа райы бұзылмақ;
— бір жерден екінші жерге топтанып ұшып қоныс аударса, кешікпей жел тұрады, топ-танып шырылдаса, күн көзі ашылады;
— топтанып ұшып аспанда неше түрлі қимыл жасаса, күз ұзаққа созылады.
БОЗ ТОРҒАЙ
— келгені — орман алаңының қардан ашылғаны;
— ұя салғаны — көктемнің кіргені;
— ұзақ шырылдаса, аспанға шырқап шығып әндетсе, күн кезі жарқырап, ауа райы жақсарады;
— күзде топтасып, ұзақ шиқылдасса, қар ауады;
— үнсіз жүрсе, жаңбыр жауады.
ШЫМШЫҚ
— таңертең шиқылдай бастаса, түнде аяз тұрады;
— қосылып жиі-жиі шиқылдаса, күн жылынады.
САУЫСҚАН
— үй жағалай үшып, шатыр ішіне қонақтаса, боран болмақ.
ҚАРҒА
— ерте көктемде қарға шомылса, күн жылынады;
— жазда аузын ашып қарқылдай берсе, найзағай ойнайды;
— ағаш бұтақтарына жайғасып немесе шуылдасып топтанып ұшса, күн суытып, боран соғады;
— қыста терек басына қонақтап қарқылдаса, аяз тұрады;
— жиналып шуласып, төңіректі басына көтерсе, қар жауады;
— бастарын әр жаққа қаратып отырса - күн ашық желсіз;
— ағаш діңгегіне жақын қонақтаса - күн желді.
ҰЗАҚ
— келгені - көктемнің кіргені;
— әдеттегіден ерте оралса, көктем қолайлы болмақ;
— жазда көкке жайылса, кешікпей жаңбыр жауады;
— қыста тұмсығын қанатының астына тықса, аяз тұрады;
— теректің ұшар басына қонса, күн жылынады, орта тұсына қонып, бұтақтардың арасына тығылса, аяз кушейеді.
ТАУЫҚ
— жүнін үрпитіп қытқылдаса, ауа райы бұзылады;
— құмға аунап, қанаттарын қаққылап сілкініссе, қауырсынын тарағыштаса, жаңбыр жауады;
— қораз кешке шақырса, ауа райы өзгереді, күндіз жиі-жиі шақырса, күн жылынады;
— үстіне, төңірегіне топырақ шашса, күн шуақты болмақ;
— мезгілінен бұрын күзде түлесе - қыс жылы;
— ұясына ерте қонақтаса, қыста аяз тұрмақ, жазда жаңбыр жаумақ;
— бір аяғын бауырына алып, екінші аяғымен қаздиып ұзақ тұрса, күн суытады;
— құйрығын бұландата берсе, бұрқасын соғады;
— жаңбыр сіркіреп тұрғанда далаға шығып жем іздесе, ақ жаңбыр ұзаққа созылады;
— жаңбырлы күндері қораз таң ата шақырса, күн ашылады.
Поделитесь с Вашими друзьями: |