8-сынып (факультативтік курс бағдарламасы)


-29 сабақ Сабақтың тақырыбы



Скачать 322.22 Kb.
страница65/76
Дата27.04.2018
Размер322.22 Kb.
Название файлаҰлттық физика.docx
ТипБағдарламасы
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   76
28-29 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Жан-жануарларға,жәндіктекрге қарап ауа-райын болжау

Сабақтың мақсаты: Жан-жануарларға,жәндіктекрге қарап ауа-райын болжау ерекше-ліктерін түсіндіру.

ҚОЙ


—     күзде, қыста өріске шығар алдында ойнақшып секіріп, бірін-бірі қуалап сүзіссе, аяз тұрар, мұндай әрекеттері жылы маусымда байқалса, ауа райы бұзылар;

—      қысты күні қорадан ерте өргізерде шықпсай шегіншектеп, маңырап, шулай берсе, ауа райы бұзылады;

—      қысқы жайылымда үйіріліп топтасса немесе сапырылысып ілгері-кейін жүре берсе, үрит-соқ сүзіссе, қорадағы көңді тұяғымен тепкілесе, тістерін жиі-жиі қайраса, кешікпей боран соғады;

—     қыс басында қора қабырғасын жиектеп шашырай жатса, қыс қаһарсыз жұмсақ бо-лар;

—     тұяғымен төсін жиі қасыса, сойғанда қарын түгі қалың болса, қыста қар қалың бо-лар;

—     қыста қораға топырламай, еркін кірсе, таңертең желге қарсы қарап күйсеп жатса, ауа райы тұрақтанып, жақсарады;

—     күзде тау беткейіндегі отар үнемі өрді беттеп жайылса, қозылар енелерінен қалғыш-тап, отардан бөліне берсе, күздің соңы, қыстың басында сақа қойлар аузына бір-бір тал шөп тістеп өрістен қайтса қыс қатты болар;

—    қозылар қоралы қойдың алдын орап жайылса — қыс қолайлы;

—    жүні қобырап, дымқыл тартса, жиі-жиі пысқырынса, лақ, қозы секендеп ойнақтаса, сақа қойлар құлағын қаққыласа, жаңбыр жауар;

—     сілкініп сүйкеніссе, маңырап шуласа, жауын басылып, күн көзі ашылар.

 ЖЫЛҚЫ, ТҮЙЕ, СИЫР

—     мизан туған күні түйе бір жағын ықтап, жайсыз жатса — келер қыс қатты; басып құ-былаға беріп, төрт аяғын керіп жатса — жайлы;

—      қыста түйе ернін жиі жыбырлатып,жылқы оқыранып,құр жұтынса, көктем ерте туа-ды;

—     жылқы жиі пысқырынса, ауа райы бұзылады;

—     суатқа айдаған Қара мал пысқырынып тебінсе, жанбыр жауады;

—     сиыр танауын тартып, мойнын жиі-жиі былғақтатып мазаланса, дауыл не боран со-ғады.

БАЛЫҚ

—     өзенде күні-түні шоршып ойнаса, судан шоршып шығып, шыбын-шіркейді қақса, жаңбыр жауады;



—      шортан ауға ілінбей, қармақ қақпаса, мамыр айының соңында күн желді болады;

—     бұлтсыз ашық күні қармақ қақпаса, кешікпей ауа райы бұзылады.

 ҚОЯН

– жазды күні өте көп тараса – алдағы қыс қатты;



– қыста үйді төңіректесе, аяз тұрады.

 АҚТИІН


– күзде ұясын теректің төменгі діңіне салса - келер қыс аязды, жоғары діңіне салса – жы-лы;

– жаңғақты көп жинаса - алдағы қыс ұзақ әрі суық.

  ДОҢЫЗ

– әлсін-әлсін қатты шыңғыра берсе, жауын-шашын болмақ.



 ИТ

– қарға жатса, не керіліп њзақ жатса, таяуда књн жылынбақ;

– ұзақ ұйықтаса, ауа райы бұзылмақ;

– жерге аунай берсе, жазда жаңбыр жауады, қыста бұрқасын соғады;

– итаяққа құйған асты аз ішіп, бұйығып жата берсе, жаңбыр жауады, мезгілсіз қайта-қай-та ұлуы - жаманшылық белгісі не табиғат апатының хабары.

МЫСЫҚ


– бұйығып ұзақ ұйықтаса, күн жылынады;

– жуынса - күн шуақ;

– суды әдеттегіден кебірек жалап ішсе, ауа райы жылынады;

– пеш үстіне шығып бұйығуы - салқындық нышаны;

– жерді осқылап тырналаса - қыста бұрқасын, жазда жел тұрып, жаңбыр жауады;

– тұмсығын ашып ұйықтаса-күн ашық, бауырына тығып ұйықтаса жаңбыр жауады;

– тұмсығын бауырына тықса - қыста аяз, құйрығын ширатпай, жазып жүрсе, бұрқасын соғады;

– артқы екі аяғымен тұрып, алдыңғы аяқтарымен жер тырналаса, боран соғады.

АРА

—     шырын жинаудан ерте оралса, ауа райынын қолайлылығы сақталады;



—    ұясына кеш қайтса, ұясына топталып жиналса, таласса және қатты гуілдесе, жаңбыр жауады;

—    таңертең ойнаса, шырын жинауға ұясынан ерте ұшса, көк жапырақ жайған мойыл мен шетен ағашына тобымен жиналып гуілдессе, ауа райы ашылады;

—    жауын-шашында ұясынан ұшып, қайта қонып гуілдессе, ауа райы жақсарады;

—     ашулы және қызғанышты құлық танытса — жаз құрғақ, қуаң;

—     жаңбыр бұлты төніп келгенде жұмысын тоқтатпаса, жаңбыр жаумайды;

—     ұясынан ұзап шықпаса, ауа райы бұзылады;

—     омарта тесігін ашық қалдырса — жылы, балауызып бітесе — келер қыс суық;

—    ұя қабырғаларына топтанып отырса, аптап түседі.

 ӨРМЕКШІ

—    кешкісін жаңадан өрмек тоқыса, өзі жұрт көзіне көбірек керінсе, ертеңіне ауа райы жақсарады;

—    өрмекті шеңберлеп тоқыса, ауа райы ашылады;

—     өрмек торы көп болса, күн ысиды;

—     өрмегін жерге жақын тоқыса, күн жылынады;

—    өрмектің арқау (бас) жібін ұзын өрсе, қолайлы ауа райы тұрақтанады;

—     өрмегін тездетіп ере бастаса, өзіне ұя салуға кіріссе, күн суытады;

—     өрмектің ұзын желі аралықтарын көлденен қысқа жіптермен бекітіп, жаңа торын жиілетсе, жел көтеріледі немесе жаңбыр жауады;

—    қазан айының алғашқы күндері ұзын ақ ермегі ұшса — күз жылы, қар кеш түседі.

КӨБЕЛЕК


—     гүлге қонбаса, ауа райы жақсарады;

—    сіркіреген жауында ықтасыннан шығып ұшса күн көзі ашылады;

—     бұтақтар арасын, қуысын немесе басқа ықтасындарды паналаса, найзағай ойнайды.

ШЕГІРТКЕ


—    кешкісін топтанып секіріп немесе шөп басына қонып ұзақ шырылдаса, ауа райы жақсарады;

—    даладағы шырылы әдеттегіден қатты шықса — ауа райы құрғақ;

—     шетен ағашы гүлдегенде топтанып жүрсе — жаз ыссы, қуаң.

 ТЫШҚАН


—     жазда ініне бидай сабаны мен құрғақ шөпті көп тасыса — келер қыс қарлы, суық әрі ұзақ;

—    мезгілсіз інінен шықса, жаңбыр жауады.

 ШАЯН

—    судан жағаға шығып ұзақ жатса, жаңбыр жауады.



 ҚҰНДЫЗ

—    күні бойы тынбай еңбектенсе, жаңбыр жауады.

 ҰЛУ

—     шөптің сабағын бойлап жоғары көтерілсе, аптап түседі.



 ЖАУЫН ҚҰРТЫ

—    жер бетіне шығып жыбырлап жүрсе, кешікпей жаңбыр жауады.

 СУ ЖЫЛАН (САРЫБАС ЖЫЛАН)

—     жолға шығып ұзақ жатып жылынса, жаңбыр жауады;

—     мезгілді маусымда ұйықтамаса, күз ұзақ әрі жылы болады.

 ШЫБЫН


—    қысты күні ұйде ұшса, боран соғады;

—    ертеңгісін қатты ызыңдап ұшса, ауа райы жақсарады.

 МАСА

- кешке қарай және түнде топтанса, ауа райы жақсарады;



- топ-тобымен шелектегі суға үймелеп ызыңдаса немесе кешке таман қатты ызыңдап ұшса, ертеңіне жаңбыр жауады.

 ҚҰМЫРСҚА

—     ертеңгісін илеуінің аузын ашып, ерсілі-қарсылы шұбыра бастаса, тыным таппай жұмыстанса, ауа райы жақсарады;

—     күзде көріңсе — келер қыс жылы;

—    күзде үйіндісі биіктей түссе — келер қыс қатты;

—     сапарынан асыға оралса, илеуіне тығыла бастаса, жауын жаумақ.

 

ҚОҢЫЗ


—     жазды күні әдеттегіден көп өрсе — жаз қуаң;

—     ызыңдап ұшса — күн ашық;

—     кешкісін төмен ұшса, алақанға отырғызғанда тұрақтамай, тез ұшып кетсе, түнде жарқырай түссе (жарық қоңыз), ауа райы жақсарады;

—     бұлыңғыр ауа райында түстіктен жел соғып тұрғанда ұшса, күн көзі ашылады.

 ҚҰРБАКА

—     суда отырса, жаңбыр жаумайды, жағаға шығып тырбандап секіріп жүрсе, жауын жауады;

—     сыртқы қабығы көкшіл тартып, кеште ұзақ және қатты бақылдаса, ауа райы жақса-рады.

 КИІК


—    топ-топ болып басқа жаққа бет алса, ауа райы қатты бұзылып, суық түседі.

 


Скачать 322.22 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   76

Похожие:

8-сынып (факультативтік курс бағдарламасы) icon2-3 І тарау. Бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастыру негізі
Оқушылардың ғылыми көзқарастарын қалыптастыру
8-сынып (факультативтік курс бағдарламасы) iconКонтрольное задание №1
В результате обучения борец должен уметь: определять цели борьбы; намечать правильный курс действий; реализовать выработанный курс...
8-сынып (факультативтік курс бағдарламасы) iconКурс лекций часть для студентов курса очной формы обучения специальности
Курс лекций по дисциплине пд. 01 Математика: алгебра и начала математического анализа; геометрия Часть 2[Текст] / О. А. Волкодамова,...
8-сынып (факультативтік курс бағдарламасы) iconҚаржы және бухгалтерлік есеп бағдарламасы «бекітемін» Мемлекеттік басқару және экономика жоғары мектебінің оқу және ғылым
Силлабус «Қаржы және бухгалтерлік есеп» бағдарламасының
8-сынып (факультативтік курс бағдарламасы) icon3 курс «Технология транспортных процессов»

8-сынып (факультативтік курс бағдарламасы) iconОсновы экономики. Курс лекций для учащихся

8-сынып (факультативтік курс бағдарламасы) iconОтчет по практике Студент Курс II группа 220 К
Специальность
8-сынып (факультативтік курс бағдарламасы) iconВакансии для студентов с 1-3 курс
Перспективы карьерного роста возможны после успешного прохождения практики/стажировки
8-сынып (факультативтік курс бағдарламасы) iconРеферат тема: Техногенные чс. 4 курс, группа 15303,15304
Охватывает территорию двух субъектов РФ или выходит за их пределы
8-сынып (факультативтік курс бағдарламасы) iconКурс лекций под редакцией профессора В. И. Шалупина для студентов всех специальностей дневного обучения Москва 2011





База данных защищена авторским правом ©refnew.ru 2020
обратиться к администрации

    Главная страница
Контрольная работа
Курсовая работа
Теоретические основы
Методические указания
Методические рекомендации
Лабораторная работа
Рабочая программа
Общая характеристика
Теоретические аспекты
Учебное пособие
Практическая работа
История развития
Пояснительная записка
Дипломная работа
Самостоятельная работа
Общие положения
Экономическая теория
Методическая разработка
Физическая культура
Методическое пособие
Исследовательская работа
Направление подготовки
Общая часть
Теоретическая часть
Общие сведения
Техническое задание
Общие вопросы
Образовательная программа
Управления государственных
Федеральное государственное
Экономическая безопасность
Конституционное право
реакция казахского
Основная часть
Организация работы
Техническое обслуживание
Российская академия
Понятие сущность
Усиление колониальной
прохождении производственной
Обеспечение безопасности
программное обеспечение
Выпускная квалификационная
квалификационная работа
муниципальное управление
Теория государства
Уголовное право
Математическое моделирование
Административное право
Название дисциплины
Земельное право