8-сынып (факультативтік курс бағдарламасы)



Скачать 322.22 Kb.
страница6/76
Дата27.04.2018
Размер322.22 Kb.
Название файлаҰлттық физика.docx
ТипБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76
8.Қортынды сабақ «Табиғатты қорғау-адами парыз және табиғаттың жойқын күш- тері»(1 сағ)
Күнтізбелік тақырыптық-жоспар




Сабақтың тақырыбы

Сағат саны

Мерзімі

Кіріспе (1 сағат)

1/1

Кіріспе. «Физика және астраномия» пәнінің халықтық физикамен байланысы

1




Астраномиялық түсініктер (5 сағат)

2/1

Әлемнің пайда болуы

1




3/2

Жер туралы мифологиялық аңыз-әңгімелер.

1




4-5/3-4

Ай- қазақ дәстүрінде

2




6/5

Ғаламшарлар мен шоқжұлдыздардың қазақша атаулары туралы

1




Күнтізбе және қазақ өлшемдері ( 8 сағат)

7/1

Қазақша жыл санау

1




8/2

Есепшінің есебі кісесінде

1




9/3

Қазақ календары нмесе «Қарыз кітабы»

1




10-11/4-5

Қазақтың байырғы өлшемдері

2




12/6

Ай атаулары туралы

1




13/7

Мүшел күнтізбесі

1




14/8

Тоғыс есебі

1




Табиғат құбылыстары (3 сағат)

15/1

Бұлт.Жел. Жаңбыр.

1




16/2

Қар. Аяз.

1




Физика және салт-дәстүр (7 сағат)

17/1

Қазақтардың тұрмыс тіршілігіне орай тойланатын тойлар

1




18/2

Ұлттық ойындардың физикамен байланысы

1




19-20/3-4

Киіз үй физикасы

2




21-22/5-6

Домбыра физикасы

2




23/7

Ұлттық киімдер мен тұрмыстық заттардың физикалық мағынасы

1




Физика қазақ әдебиетінде және музыкасында (3 сағат)

24/1

Мақал-мәтелдердің физика тұрғысынан қолданылуы

1




25/2

Физика және қазақ прозасы

1




26/3

Физика және музыка

1




Физика және ырым-нанымдар (7 сағат)

27/1

Туған ай мен жылдың мінез-құлықпен сәйкестігі

1




28-29/2-3

Жан-жануарларға,жәндіктерге қарап ауа-райын болжау

2




30/4

Құстарға қарап ауа-райын бақылау

1




31/5

Ауа-райының жақсару нышандары

1




32/6

Ауа-райын табиғат көріністері мен құбылыстары арқылы болжау

1




33/7

Айлардағы табиғат құбылыстарына қарап ауа райын болжау

1




34/1

Жылдық қайталау.Қортынды сабақ

1





Сабақта қолданылған материалдар мен дидактикалық тапсырмалар:
1 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. «Физика және астраномия» пәнінің халықтық физика- мен байланысы

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға осы таңдаулы курстың оқытылу мақсаты мен қарастыратын мәселелері туралы қысқаша шолу жасау.Оқушылардың ұлттық салт-дәстүрлер,ырым-нанымдар туралы не білетіндіктері жөнінде пікірталас ұйымдастыру.

Қазіргі күнде ұлттық білім беру жайлы көп айтылып жүр.Соның негізі ретінде ұлт-тық дүниетаным мәселелері қолға алынуда,.Біздің негізгі мақсатымыз ұлттың болашағы болғандықтан, іске асаратын әрекеттерімізде, білімнің ұлттық сипатын, рухани мазмұнын қамтамасыз етуіміз шарт.Ұлттық мәдени мұра, рухани қазына, елдің салт-дәстүрі,тілі мен ділі, ұлтымыздың рухани өмірін сақтап қана қоймай, оны байытып, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, тарихи құндылықтарын, әсіресе сана-сезімін қазіргі адамзат өркениеті биігіне кө-теруіміз керек. Білім беру процесінің ұлттық моделін қалыптастырудың қазіргі әдіснама-лық және әдістемелік негіздерін жасау қолға алынуы керек, төл оқулықтар жағдайы қа-растырылуы тиіс.


Осы жерде тағы бір айта кететін жайт, осы күнгі алған білімдеріміз тез естен шығып қа-лады,ал ұлтымыздың салт-дәстүрі,өз ұлтының ерекшеліктері,фольклоры ғылыммен ұш-тастырса мәңгі ұмытылмайды. Өйткені,олар ұлтымыздың өмір сүру қалпын түзеді.Сон-дықтанда,халықтық мұра,халықтық дәстүр – білім алудың әдіснамалық негізі болуы ке-рек. Білім беру саласында жаңа оқыту құрылымын жасауда жоғары белсенділік, жаңа әдістер,инновациялық ұстаным жасау керек.
Ғылыммен байланыстырған ұлттық құндылықтарымызды жаңғырту, үйрену, оны тү-гелдей қайталау емес,керісінше, оны қоғам мен уақыт сипатына қарай өркениетке табан тірейтін,ұлттық мәдениет,бүкіл білім мазмұнын құруға алып келеді деуге негіз бар. 
• Халықтың ғасырлар бойы жинақталып ,іріктеп алған озық тәжірибесін физика ғылымы-мен байланыстыру мен заңдылықтарға арқа сүйене отырып түсіндіру мен дәлелдеу, жас ұрпақтың бойына сіңіру,баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын дүниетанымын, өмірге көзқарасын және оған сай мінез-құлқын қалыптастыру
• Жас ұрпаққа халқымыздың асыл дәстүрі мен салтанатынан мағлұмат бере отырып,дені сау,ұлттық рухта тәрбиеленген ,сана-сезімі оянған,рухани ойлау дәрежесі биік ,мәдениет-ті ,парасатты,ар-ожданы мол,еңбекқор,бойында басқа игі қасиетер қалыптасқан адамды тәрбиелеу
• Ұлттық құндылықтар мен рухани-мәдени байлығымызды танып-білуге тәрбиелеуде өз Отанының құндылықтарын және мұраларын танып жетік меңгеру,мақтану
Табиғаттану ғылымдарының ішінде ,өзгелерден гөрі,тезірек дамып келе жатқан,өмір-де кеңінен қолданыс табатын физика пәні.

Ұлттық таным-талғам арқылы физикалық ұғымдарды таныстыру және меңгеру үшін жаңа өміршең,мазмұнды,құнды ,халықтың салт-дәстүрімен физика сабақтарын байланыстыру.


*Бұл таңдаулы курста оқытылатын тақырыптар туралы қысқаша шолу жасау.
*Сабақтың ІІ бөлімінде оқушылардың «Физика мен қазақтың салт дәстүрі мен тұрмысы» тақырыбында пікірсайыс оздырып,жалпылама түсініктерін,білімдерін тексеру.
2 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Әлемнің пайда болуы

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға әлемнің жаратылысы туралы ата-бабаларымыздан қалған аңыз-әңгімелерді баяндау.

ӘЛЕМНІҢ ЖАРАТЫЛЫСЫ ТУРАЛЫ

Бүкіл әлем туралы, оның қайдан, қалайша пайда болғандығы туралы мәселелер ежелден бері адамзатты толғандырып келе жатқан мәселелер болып табылады.

Діни  көзқарастық ағымдар бұл  мәселерді  әр  алуан  мағынада түсіндірді.Ғылым пайда болғаннан кейін Әлем туралы мифтік және діни көзқарастар біртіндеп өзгере бастады.

Әлемді космология ғылымы зерттейді. Ежелден-ақ ғалам жаратылысының тылсым сырларын меңгеруге деген құштарлық адамзат баласының жанын жай таптырмаған. Табиғаттың дүлей күшіне қарсы тұру, өмір сүру үшін арпалысу да ақыл-ойдың дамуына мол әсерін тигізді.Тіршілік тауқыметін жеңілдету үшін адамдар жаратылыс тылсымдарын жете зерттеп, оны игерудің қажеттігіне көз жеткізді. Әлі де бүткіл ғаламның сыры толық ашылып біткен жоқ. Бірақ бүгінгідей өркениетке жету – жылдар, ғасырлар бойғы адамзат баласының ақыл-ойының жемісі.

Ертедегі ата-бабаларымызды да «Әлем қалай жаратылды? Мына кеңістікте Жер құлап кетпей қалай тұр?» деген сияқты сауалдардың толғандырғаны ақиқат.Бұл сауалдар оларды толғандырып қана қоймай,адамзаттың бүкіләлемдік тартылыс заңын ашуға қол жеткізгені бес саусақтай белгілі. Олардың дүниені танудағы жетістіктерінің бір парасы бүгінгі күнге дейін өз мәнінде толықтай жетсе, бір парасы көмескіленіп, бұлдыр аңыз қалпында сақталған. Сол бір көмескі аңыздардың өзін мұқият зерделей түссең, ежелгі бабаларымыздың ақыл-ой жетістіктеріне тәнті болмасқа лажың жоқ.

Сондай аңыздардың бірі пайғамбарымыз Мұхаммед с.ғ.с. хақында. Бір күні пайғамбарымыздан сахабаларының бірі:

–Уа, Алламыздың сүйікті құлы, осы Жерді не көтеріп тұр?– деп сұрапты. Сахабаның сауалына пайғамбар:

–Жерді өгіз көтеріп тұр,– деп жауап береді.

Арада бірнеше күн, ай өтеді. Тағы бірде әлгі сахаба өткендегі сауалын қайталап:

–Уа, Алланың елшісі, Жерді не көтеріп тұр,– деп және сұрайды.

–Жерді балық көтеріп тұр,– деп жауап береді бұл жолы пайғамбар.

Осыған орай халық арасында «Теңізде балық, балық үстінде көк өгіз бір мүйізімен Жерді көтеріп тұр. Бір мүйізі талып, екінші мүйізіне ауыстырғанда жер сілкінеді»деген түсінік қалыптасқан. Алайда аталмыш өгіз бен балық туралы әпсананың астарына ешкім де терең мән беруге құлықты болмады.

Сабақтың қалған уақытында: Оқушыларға өз-ойларынан әлемнің пайда болуы туралы аңыз-ертегі немесе қиял-ғажайып әңгіме құрып, үйден аяқтап келуді және деректер жинап келуді тапсыру.

3 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Жер туралы мифологиялық аңыз әңгімелер

Сабақтың мақсаты: Жердің жаратылысы туралы мифологиялық аңыз-әңгімелермен та-ныстыру

Әлемнің және Жердің жаралуы, формасы туралы аңыздар мен мифтер әр түрлі халық-тарда бір мезгілде емес, әр кезеңдерде пайда болды. Сондықтан олардың дүниетанымда-рында айырмашылықтар да, ұқсастықтар да бола береді, қайсысының шындыққа жақын екенін айыру қиын. Бірақ біз үшін негізгі, ең маңызды ұғымдар барлық мифтерде кезде-седі: жер кіндігі, төрт құбыла, жоғарыда – көк аспан, төменде – қара жер. Мәселен, ежел-гі шумерлердің мифінде жоғарғы құдай Энлилдің жаратуымен аспан мен жер пайда бол-ған. Ал су құдайы Энки «ме»-нің көмегімен (әлемді басқару туралы құдай заңдары) әлем-ге тәртіп енгізіп, солардың үстінен бақылап отырған.


Ежелгі Мысырда күн құдайы Ра алдымен Шу (ауа құдайы) мен Тефнутты (ылғал құда-йы) жаратады, олар өз кезегінде Геба (жер құдайы) мен Нутты (аспан құдайы) туғызады. Дегенімен Раның өзі қайдан пайда болды? Кейінгі мифология бұл сұраққа жауап бермей-ді, өйткені Ра – жоғарғы құдай. Ал ежелгі мифтерде жауап бар: бастабында Нун деген құ-дайдың қарамағындағы алғашқы дәуір мұхиты өмір сүрген еді. Кейін оның суы тартыла-ды да, әлемнің кіндігі, негізі болып табылатын алғашқы төбешік пайда болады. Төбешік-тің басында жатқан жұмыртқадан (қайдан келгені белгісіз бір қаз басып шығарған) құс кейіпті Ра пайда болады. Мұхиттан Метуэр атты аспан сиыры шығады да, оның төрт аяғы аспан-шатырдың тірегі және төрт құбыланың қызметін атқарады.
Ал, якуттардың, Алтай халықтарының, америкалық үндістердің және кивай папуастар-дың мифтерінде әлемнің кіндігі, аспан мен жердің өзара бөлінуі, төрт құбыланың ерекше-ленуі жайлы нұсқауларды таба аламыз. Мұның бәрі Әлем мен Жердің пайда болуы жай-лы модельді көз алдымызға елестетуге мүмкіндік туғызады.
Ал, енді ежелгі түркілердің,бабаларымыздың дүниетанымына келсек,Тәңір, дүниедегі жан иелерін жаратушы, барлығына тіршілік лебін үрлеуші Бас Құдай делінеді. Бірақ Тә-ңір пайда болғанға дейін ғаламды бұлдыраған тұман, буырқанған мұхит басып жатқан. Күндердің бір күнінде мұхиттың ортасында Ақ Жарық көрініп, одан нұр шашқан алтын жұмыртқа шыққан. Оның ішінде күллі әлемнің болашақ түп атасы Тәңір жаралған.
Тәңір өте ұзақ, миллиондаған жылдар бойы ұйықтады. Ақыры, бір күні оянады да, жұ-мыртқаның қабығын жарып сыртқа шықты. Жұмыртқаның үстіңгі жағынан Көкті жарат-ты, ал төменгі бөлігінен Жерді жасады. Көк Жерге құлап кетіп, жер жүзінде тағы да ала-сапыран орнамау үшін Тәңір олардың арасына асатаяқ – темір қазық қойды. Ол Аспан та-яғы – Темірқазық жұлдызы. Тәңір Темірқазыққа Көк жүзін айналып жүретін аспан арғы-мақтарын – жұлдыздар мен шоқжұлдыздарды байлап тастады.
Жердің қақ кіндігіне әлемдік Сумер тауы (немесе Хан Тәңірі) орналасқан. Бұл – ежелгі түркілердің Олимпі. Онда құдайлар мен біздің ата-бабаларымыздың аруақтары мекен етеді.Таудың дәл ортасында Жер мен Көк түйіседі. Олардың тоғысқан жерінен алтын бұ-тақты, алқа жапырақты Бәйтерек өсіп шыққан. Бәйтеректің ұшар басы Үлкен Тәңір ме-кендейтін Жоғарғы әлемге дейін жетеді.
Аңыз бойынша, ежелгі үнділер Жерді пілдің арқасында жатқан жазықтық түрінде елес-теткен. Піл үлкен тасбақаның арқасында, ал тасбақа шиыршықталып оралған жыланның үстінде тұрады.
Сондай-ақ 6 мың жылдық тарихы бар хат түрінде сақталған Вавилонның мифтері де қызық.Өздерінің мәдениетін одан да ежелгі халықтардан алған Вавилон тұрғындары Жерді Вавилон қаласының шығыс жағына орын тепкен тау түрінде елестетеді.Олар Ва-вилонның оңтүстігінде теңіз шалқып жатқанын, ал шығыс жағында асып өтуге мүмкіндік бермейтін тау жатқанын білген.Сондықтан оларға Вавилонды «әлемдік» таудың батыс жағына орын тепкен қала деп ұққан. Тау теңізбен қоршалған, ал теңізге төңкерілген кесе-дей қатты аспан – өз құрлығы мен суы,ауасы бар деп ойлаған. Аспан құрлығы – бұл Зо-диактың 12 шоқжұлдыз белдеуі.Күн әр шоқжұлдызда шамамен бір айдай тұрақтайды. Құрлықтың осы белдеуімен Күн, Ай және бес планета қозғалыста болады. Жер астында өлгендердің жаны құлайтын түпсіз тамұқ.Түнде Күн осы жер астынан Жердің батыс шеті арқылы шығысқа өтіп,күндіз тағы да көкке көтеріледі.Күннің теңіз көкжиегіне батқанын бақылаған адамдар,Күн теңізге батып, теңізден шығады деген түйіндеуге келген.
Ал гректердің Жер туралы ежелгі түсінігін біз Гомердің «Илиада» және «Одиссея» поэ-маларынан табамыз. Онда Жерді жауынгерлердің қалқаны сияқты дөңестеу келген диск түрінде елестеткен.Құрлықты жан-жағынан Океан өзені шаяды. Жер үстінде мысты ас-пан шатыры, Күн сол арқылы жылжиды, ол күн сайын шығыстағы Океан суының асты-нан көтеріліп, батыстағы сол суға батады.Көп халықтарда тағы мынандай миф кең тарал-ған:Жер таба нан сияқты жазық, оның алып өгіз мүйізімен көтеріп тұрады. Өгізді – алып балық, балықты мұхит ұстап тұр. Өгіз көтерген затын бір мүйізінен екінші мүйізіне ауыс-тарған кезде жер сілкінеді деп ұғынған.
Ал адамдар алыс саяхаттарға шыға бастаған кезде дәлел-деректер молайып, Жердің бір тегіс жазық емес, дөңес екені анықталды. Осылайша оңтүстікке жылжи отырып, саяхат-шылар оңтүстікте бұрын белгісіз болып келген жаңа жұлдыздарды байқайды. Солтүстікке жылжығанда да сондай құбылыстар байқалады.Жердің дөңестігі алысқа ұзап бара жатқан кемелер арқылы да дәлелденеді.Кеме көкжиектен біртіндеп төмен түседі, ал-дымен корпусы, одан кейін желкендері, одан кейін олар да көрінбей кетеді.Осы негізде адамдар Жердің шар сияқты дөңгелек екеніне көз жеткізеді.
Әйгілі ежелгі грек оқымыстысы Аристотель (б.э.д IV-ғасырда) Жердің шар кейіптес еке-нін ай тұтылуына қарап бірінші дәлелдейді: Толық Айға түскен Жердің көлеңкесі қашан-да дөңгелек екені тайға таңба басқандай анық еді.
Ақыр соңында ежелгі әлемнің әйгілі астрономы Аристарх Самосский (б.э.д IV-ғасырдың соңы – ІІІ-ғасырдың ортасы.) Күн өзге планеталарымен бірге Жерді емес, Жер және бар-лық планеталар Күнді айнала қозғалатынына көз жеткізеді.Бірақ оның қолында анық көр-сететін дәлелдер аз еді. Ал оған 1700 жылдан кейін поляк оқымыстысы Коперник қол жеткізеді.
Ал бүгінде, ғылым дамығаннан кейін, кейбір құбылыстар арқылы орағытып түсіндіріп жатпай-ақ, Жердің жан-жақты сипаттамасын дәл есептер мен өлшемдер арқылы көз жет-кізуге болады.

Жер – күн жүйесіндегі тіршілігі бар бірден-бір, бірегей планеталардың бірі. Сан қиял табиғат ерекшеліктері, аптап ыстығы мен қақаған аязы, миллиондаған жылдар бойы өсіп-өнген тірі организмдер мен өсімдіктер әлеміне бай планета. Дегенімен бүгінде Жер табиғат күштерінің әсерінен бөлек, адам әрекетінің ықпалынан көбірек өзгерістерге ұшырап келеді.



4-5 сабақ

Скачать 322.22 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76

Похожие:

8-сынып (факультативтік курс бағдарламасы) icon2-3 І тарау. Бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастыру негізі
Оқушылардың ғылыми көзқарастарын қалыптастыру
8-сынып (факультативтік курс бағдарламасы) iconКонтрольное задание №1
В результате обучения борец должен уметь: определять цели борьбы; намечать правильный курс действий; реализовать выработанный курс...
8-сынып (факультативтік курс бағдарламасы) iconКурс лекций часть для студентов курса очной формы обучения специальности
Курс лекций по дисциплине пд. 01 Математика: алгебра и начала математического анализа; геометрия Часть 2[Текст] / О. А. Волкодамова,...
8-сынып (факультативтік курс бағдарламасы) iconҚаржы және бухгалтерлік есеп бағдарламасы «бекітемін» Мемлекеттік басқару және экономика жоғары мектебінің оқу және ғылым
Силлабус «Қаржы және бухгалтерлік есеп» бағдарламасының
8-сынып (факультативтік курс бағдарламасы) icon3 курс «Технология транспортных процессов»

8-сынып (факультативтік курс бағдарламасы) iconОсновы экономики. Курс лекций для учащихся

8-сынып (факультативтік курс бағдарламасы) iconОтчет по практике Студент Курс II группа 220 К
Специальность
8-сынып (факультативтік курс бағдарламасы) iconВакансии для студентов с 1-3 курс
Перспективы карьерного роста возможны после успешного прохождения практики/стажировки
8-сынып (факультативтік курс бағдарламасы) iconРеферат тема: Техногенные чс. 4 курс, группа 15303,15304
Охватывает территорию двух субъектов РФ или выходит за их пределы
8-сынып (факультативтік курс бағдарламасы) iconКурс лекций под редакцией профессора В. И. Шалупина для студентов всех специальностей дневного обучения Москва 2011





База данных защищена авторским правом ©refnew.ru 2020
обратиться к администрации

    Главная страница
Контрольная работа
Курсовая работа
Теоретические основы
Методические указания
Методические рекомендации
Лабораторная работа
Рабочая программа
Общая характеристика
Теоретические аспекты
Учебное пособие
Практическая работа
История развития
Пояснительная записка
Дипломная работа
Самостоятельная работа
Общие положения
Экономическая теория
Методическая разработка
Физическая культура
Методическое пособие
Исследовательская работа
Направление подготовки
Общая часть
Теоретическая часть
Общие сведения
Техническое задание
Общие вопросы
Образовательная программа
Управления государственных
Федеральное государственное
Экономическая безопасность
Конституционное право
реакция казахского
Основная часть
Организация работы
Техническое обслуживание
Российская академия
Понятие сущность
Усиление колониальной
прохождении производственной
Обеспечение безопасности
программное обеспечение
Выпускная квалификационная
квалификационная работа
муниципальное управление
Теория государства
Уголовное право
Математическое моделирование
Административное право
Название дисциплины
Земельное право