Сәуірде туылғандар: Көкек (сәуір) айында жарық дүние есігін ашқандардың мінезі – қатал. Олар өз мақсатына жету үшін батылдық, табандылық танытады, шешімді тез қа-былдайды, өзіне-өзі есеп бе-ріп, қателігін, кемшілігін, жетістігін саралап, салмақтап оты-рады. Өздерінің тұрмыс жағдайы оларды қатты толғандырады. Бірқалыпты өмір сүргенді қалайды.
Ерлер үйленерде сезімнен гөрі есепке көңіл бөліп, үйленгенде жағдайы қалай болады, ол әйелдің басқа әйелдерден артықшылығы қандай, ата-аналары кімдер, әлеуметтік дәрежесі қандай, соның бәрін ой таразысына салады. Сәуірде туылған әйелдер үшін керісінше, оларға тұрмыс жағдайы басты мәселе болып саналмайды. Олар адамгершілік пен сыйлас-тықты ең бірінші орынға қояды. Отбасына құрметпен, сыйластықпен қарайды. Ақылдылығы, мінезінің ашық жарқындылығымен көпшілікті үйіріп әкетіп, ұйытқы бола біледі.
Поделитесь с Вашими друзьями: |