Ит жылы туылғандар:Мінезі сөзшең, талас-тартыс, дау-дамайға лезде араласып кетеді. Оны өзі де білмей қалады. Алайда ешкімге зияны жоқ. Сенімді,сыр шашпайтын сабырлы адамдар.Өзімшілдеу, оқшау,бірбет.Байлыққа қызықпайды,бірақ қашан да қалталы.Өз де-генінен қайтпайды,әділ,ісіне тыңғылықты.Олардан іске басшылар шығады.
Доңыз жылы туылғандар:Оңаша, табиғат аясында, бау-бақшада еңбек еткенді, көңілді кештерге қатысқанды ұнатады. Көп нәрсеге басын қатырмайды,ол жөнінде көп ойланбай-ды. Отбасында бала-шағасы көп болады. Өжет,жанқиярлыққа бара алатын,қолға алға ісін аяқсыз қалдырмайтын,уәдеге берік адал жандар.Көп оқиды,көп біледі,бірақ мақтанқұмар емес.Олар тез шамданып қалғанымен,ұрыс-керіске бармайды.
Поделитесь с Вашими друзьями: |