Туған жылыңның әсері
Қазақша жыл қайыру бойынша адам жасының он екі жылы бір мүшел болып саналады. Алайда адам өзінің алғашқы мүшеліне 13 жасында толады да, келесі мүшелін оған он екі жылды қосу арқылы анықтап, қалған мүшелдерін әрбір мүшел жасқа он екі жылдан қосу арқылы біліп отырады. Қазақша жыл қайыруға сәйкес 12 жыл 12 жануардың атымен аталған. Жұлдызнамашылардың айтуынша кім қай жылы туды, оның мінез-құлқы сол жыл аталған жануардың мінез-құлқына ұқсайтын болады. Әл-қисса,ендігі әңгіме адам-ның туған жылына тұспа-тұс келетін мінез- құлық нышандары хақында.
Поделитесь с Вашими друзьями: |