24 сабақ
Сабақтың тақырыбы: Мақал мәтелдердің физикаға қатысы
Сабақтың мақсаты:Физика сабағында мақал-мәтелдерді тиімді қолдану арқылы оқушы-лардың пәнге қызығушылығын арттыру,мақал-мәтелдердің қандай физикалық мағынасы мен байланысы барын түсіндіру.
Мақал-мәтел адам баласының тұрмыс-тіршілігіне терең еніп, халықтың өмірін, еңбек әрекетін, оның табиғат құбылыстарымен қарым-қатынасын дөп басып шынайы көрсетіп отырған. Сондықтан да олардың тәрбиелік мәні бар.Физикалық құбылыстарды қазақ хал-қының мәдениеті мен дәстүр салтын оқып үйренуде қолдану - бір-бірінен бөліп алуға болмайтын үш міндет атқарады. Олар білім беру, оның тәрбиелік мәні мен бала танымын кеңейту міндеттері. Жалпы физиканы оқытуда бұл міндеттерді жүзеге асыру мүмкіндік-тері баршылық. Әр пәнді оқыту кезінде сабақты қазақ халқының тұрмысы,әдет-ғұрпы,үл-гілі дәстүрлерімен шебер,ұштастырып, шәкірт бойында ұлттық мақтаныш, ұлттық па-триоттық сезімін қалыптастыру, оны бүгінгі күн талабына сай мазмұнды да, пәрменді жүргізуге күш салу-пән мұғалімдерінің басты парызы.Осы орайда ұлттық ерекшеліктер ұғымын жалаң тұрғыда емес,физикалық құбылыстарға үйлесімділікпен енгізу, яғни физи-калық ұғымдарды ұлттық таным-талғам арқылы танудың маңызы зор.
Тақырыптарға сай ұлттық бұйымдардың (киіз үй, ұлттық киімдер, ат әбзелдері,бесік, күн-делікті тұрмысындағы ертеден келе жатқан ыдыстар, .б.)ерекшеліктерін физикалық тұр-ғыдан түсіндіру;кейбір мақал-мәтелдердің,жұмбақтар мен ән жырлардағы өлең жолдары-ның физикалық мазмұны бар екендігіне көз жеткізу, т.б. әдістерді қолдануға болады.
Физика сабағында мақал-мәтелдерді қолдану арқылы оқушылардың пәнге қызығушылы-ғын арттырып шығармашылық қабілеттерін дамытуға болады.
Мақал-мәтел адам баласының тұрмыс тіршілігіне терең еніп, халықтың өмірін, еңбек әре-кетін, оның табиғат құбылыстарымен қарым қатынасын дөп басып шынайы көрсетіп отырған. Мақал- мәтелдердің ескірмес, тот баспас қасиеті оның бейнелеу,теңеу, суреттеу ерекшеліктеріне жете көңіл бөлінгендігінде. Сондықтан да, олардың зор дидактикалық және тәрбиелік мәні бар. Сонымен қатар кейбір мақал мәтелдерде табиғат құбылыстары, құбылыстар арасындағы өзара байланыс өте айқын беріле білген.
Сегізінші сыныпта «Жылу берілудің түрлері» тақырыбын өткенде мынандай мақал мә-телге талдау жасадым «Қол жұмылмай жылынбайды». Мақалдың тәрбиелік мәні,әрбір алға қойылған іс әрекеттің ойдағыдай, табысты орындалуы үшін бірліктің,ынтымақтас-тықтың қажеттілігі туралы болса, ал физикалық тұрғыдан адам жылуды алақаны арқылы бере алатындығы және жылу берілудің дененің ауданына тәуелділігі,қол жұмылғанда жылудың ұзағырық сақталатындығын байлпныстыра түсіндіруге болады.Тағы бір мақал «Жұпарды жасыра алмайсың». Тәрбиелік мәні жақсының жақсылығын жасырғанмен ел таниды.Адал адам қашанда жақсы ықыласқа бөленетіндігі меңзеледі. Ал, физикалық мә-нін былый түсіндіруге болады. Жұпардың иісінің молекулалары ауа молекулаларымен араласып таралатындықтан диффузия құбылысы болып өтеді,сондықтан жасырылған жұ-парды иісінен тануға болатындығын талдап түсіндірдік.
«Кебу және конденсация» тақырыбын өткенде мынадай мақал-мәтелдерді мысал келті-ріп, талдатуға болады.
1. «Аузы күйген үрлеп ішеді» мақалының тәрбиелік мәнін аштық: Жіберген қа-тенді екінші рет болдырмау керектігін, ал қатеңнен тиесілі қортынды жасай білуге мең-зейтінін, физикалық тұрғыдан – ыстық нәрсені үрлесек содан кебу үрдісі тездетіліп,нә-тижесінде оның температурасының төмендейтінін ұсынуға болады. Бұл физикада оқып үйренілген кебу құбылысына әбден үйлесіп жатады.
2. «Дән себілмей астық өнбейді, дария буланбай шық түспейді» мақалының тәр-биелік мәнін аштық: өмірдегі барлық құбылыстар өзара себеп-салдарлы байланыста бо-латындығынан болса, физикалық тұрғыдан – астында да, жер бетіндегі судың температу-расының артуынан ол буланып (кебу) ал температура төмендегенде су тамшыларының суынып – конденсациялануынан ішкі энергия кемуінен шық пайда болатындығын түсін-діреміз.
3. «Күн шыққан соң суарған суды күн жұтады. Күн батқан соң суарған суды жер жұтады» мақалының тәрбиелік мәнін ашамыз: егістіктің таңертең күн шықпай, не күн бата суару керектігі айтылады. Ал физикалық тұрғыдан күн шығып тұрғанда егістікті суарса температураның жоғарылағанынан кебу үрдісі жақсы жүреді. Жер тез кеуіп қала-ды, ал кеш бата суарғанда температура төменде-гендіктен кебу үрдісі баяу жүреді де су толығымен жерге сіңіп үлгереді.
Мақал-мәтелдерді физика сабағында пайдаланудың түрі көп. Оны тандауды, оқы-тылатын сыныптың ерекшелігіне қарай отырып, пән мұғалімінің өзі шешкені дұрыс бола-ды.
1. «Отты үрлеген жағады, Шындықты іздеген табады». Отты үрлеген кезде, отқа жаңа таза ауа келеді, от жақсы жанады. Өтірік айтпау керек. Әр уақытта шыншыл, әділ болу керек, әр уақытта шындық жеңеді, шындықты қажымай іздеу керек.
2. «Теректің жануында мін жоқ, Бірақ жылуында мән жоқ». Терек жақсы жанады, оның меншікті жану жылуы аз болғандықтан тез жанып кетеді де, жылуды аз береді.
3. «Азықсыз адам алысқа бармайды». Адам әр уақытта энергияны астан алады, егер тамақтанбаса, адамның әл-ауқаты да болмайды, сондықтан күнделікті дұрыс тамақ-тану қажет.
4. «Тонның жылуы терісінен емес - жүнінен». Тонды әдетте қойдың, түйенің тері-сінен илейді, ал жүннің арасында ауа болады. Ауаның жылу өткізгіштігі нашар, сондық-тан тон адамнң жылуын сыртқа, ал сыртқы суықты адам денесіне нашар өткізеді.
5. «Нан піскенше күлше күйеді». Неғұрлым қыздырылған дененің массасы аз бол-са, оған соғұрлым аз жылу керек. Таба нан салғанда нан жұқа болса, әрі кіші болса, ол күйіп кетпеу үшін отты аз қалау керек.
6. «Түндіксіз үйден түтін түзу шықпайды». Ертеде біздің ата-бабаларымыз көшіп-қонып жүргенде,киіз үйлерде тұрған,киіз үйдің төбесіндеуығы болған, оны киізбен жап-қан. Күндіз киізді ашып, жоғары жақтан салқын, таза ауа кіргізгенде, оны түндік деп ата-ған.
Енді тараулар бойынша мақалдарды топтастырып кетейік:
Поделитесь с Вашими друзьями: |