*Бұл сабақтың өту барысы туралы алғы сөзде айтып кеттім.
23 сабақ
Сабақтың тақырыбы: Ұлттық киімдер мен бұйымдарының физикамен байланысы
Сабақтың мақсаты: Ұлттық киімдердің физика заңдылықтарымен байланысын түсін-діру.
Біздің бабаларымыздың әрі әдемі,әрі жылы,әрі жүріс-тұрысқа қолайлы киінуге тырысқан. Киімдерді тігуге ақ түсті мата, мал терісі, құстың, қой, түйенің жүні сияқты табиғи мате-риалдарды қолданған, ешқандай денсаулыққа зиян келтіретін қоспалары жоқ. Мысалы, түлкішек, қасқыр тон т.б. сыртқы жүн киімдерді тіккенде теріні жүнімен ішке қаратып тігеді. Оны былай түсіндіреміз: адам денесінің жылуы жүн талшықтарының арасындағы ауаның жылу өтімділігінің төмен дәрежеде болуының арқасында сақталады. Шалбар – мал терісінен тігілген берік және жел өткізбейтін жылы болады,балақтарын жеңдердің беріктік шегін арттыруға шүберекпен арнайы әдіптейді.Беріктік мәніне жеткен кезде ғана мата жыртылады.Етіктің аяққа ыңғайлылығын (заттың серпінділік қасиеті,бұл жерде жүргенде артық күш жұмсалуға сеп) және беріктігін (механикалық қасиеттері) көздейтін пішіні. Байпақ – сабалап біріктірген жүннен жасалады. Жүнді қандай сабаласа да оның талшықтарының арасында бірталай ауа болады. Киіз жеке талшықтардан тұрғандықтан оңай деформацияланып,адамның аяғының қалпына түседі,яғни аяққа түсер қысымды азайтады.
Әйел киіміне жаулық, кимешек, сулама, күндік жатады. Жаулық екі бөліктен тұрады: ас-тыңғы тікелей басқа киілетін бөлігі –кимешек,екіншісі үстіңгі–салма пішінде.Екеуі де ақ матадан тігіледі. Ақ матаның жарық сәулесін шағылту қабілеті өте жоғары. Халық уақы-тының көбін ашық аспан астында өткізеді. Күннің ультракүлгін бөлігі атмосфераның жо-ғарғы қабаттарында нашар жұтылатындығынан адам ағзасына елеулі әсер етеді,мөлшері нормадан асса әсері денсаулыққа қауіпті.Ал ақ жаулық қазақ әйелдерінің басын, арқасын, кеудесін атмосферадағы түрлі сәулелердің магнит,электр өрістерінің,жылу алмасуының зиянды әсерінен қорғайды.
Бас киімдер (тақия,бөрік, сәукеле, тымық) шошақ болады және үнемі киіледі.Адамның төбесімен бас киімнің арасында ауа жиналады. Ауа – жылу изоляторы және метеоқорға-ныс ролін атқарады.Жалпақ жиекті бас киімдердің жиектері адам көзін, бетін күн сәуле-сін тура түсуінен қорғайды.
Әшекейлерді зергерлер жылу жұмсау арқылы физикалық қасиеттеріне әсер етіп агрегат-тық күйлерін өзгертеді, ығысу, иілу,бұрау деформацияларына ұшыратады.Әшекейлер кү-містен,асыл тастардан жасалады,аса зиянды ультракүлгін,инфрақызыл сәулелеріне қарсы шағылту қызметін атқарады.
Қамшыны иленген теріден қиып өреді.Өрілу қамшының беріктігін арттырады.Аттың ері-нің астын жалпақ қылатын себебі – аттың арқасына аз қысым түсіру.Ердің астына киіз са-лады, сол кезде үйкеліс күші азаяды. Ердің екі жағындағы үзеңгі адамның салмағын екі жаққа теңгеруге ыңғайлы.
Поделитесь с Вашими друзьями: |