8-сынып (факультативтік курс бағдарламасы)


Домбыраның тарихы тым арыда



Скачать 322.22 Kb.
страница37/76
Дата27.04.2018
Размер322.22 Kb.
Название файлаҰлттық физика.docx
ТипБағдарламасы
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   76
Домбыраның тарихы тым арыда.
Осы сөзімізге негіз болғалы тұрған бір жайды да айта кетейік. Домбыраның «ұрпағы-ның» шығысқа таралып, ханзулар тарапынан домбыра делінбей, «пи-па» атануының өзі 2000 жылдың арысындағы (Хән әулетінің тұсындағы) әңгіме.
Хән тарихнамаларында Хән әулеті жақпен тығыз байланыста болған Оңтүстік Шинжяң өңірі (мысалы Күшар төңірегі) Хуаңхы мен Чаңжяң жаққа (мысалы Чаңәнге) пипаны әкеп таратқан деп жазысады. Тек Оңтүстік-Солтүстік әулеттер тұсының өзінде-ақ Ішкі Жұңгода бір топ әйгілі пипашылардың болғаны айтылады.Жапонның Орта Азияны зерт-теушісі, компазиторы Шоре Шигео өзінің «Пипаның тегі» атты еңбегінде пипаның Хән әулеті тұсында Ираннан Батыс Өңір арқылы (мысалы, ол тұста Хән әулетімен байланысы ең тығыз, әрі күшті, әрі құдандалы ел Үйсін мемлекеті арқылы) шығысқа тараған. Күшардағы мың үй суреттерінде пипаның рәсімдері бар дейді. Бұл бергі тарихтың, ұзаса екі мың жылдың алдындағы өмірдің дерегі. Ал, үш-төрт мың жылдың алдындағы құдды қазіргі қазақ домбырасы сықылды жартас суреттері (петроглифтер) домбыраны Ұлы Далада ерте пайда болғанын айқын аңғартады.
Ол кездегі пипа өз төркінінің атауы бойынша «ғұд»,«уд» делінеді екен. Европалықтардың музыка аспабы луте мен оуд та осымен тектес секілді.Кей ғалымдар луте мен оуд бір сөз, ол арабтың әлуд (мағынасы - ағаш) дегенінен шыққан деседі. Бәл-кім. Дегенмен, осы айтылған музыка аспаптарының бәрі де (домбыра сықылды) ағаштан, мал ішегінен жасалады.
Әбу Насыр Әл Фараби атамыздың айтуынша, Удты Алла алғаш жаратқан аңыз кейіпкер Адамның алтыншы ұрпағы Ламеч жасаған. Қайғылы Ламеч өлген ұлының мәйітін терек-ке іліп қояды. Кейін сол ұлының кепкен сүйегінің пішіні бойынша уд аспабын жасап шы-ғады.
Шынысын Тәңіркөрер дейтін ғалым: Уд аспабы Орта Азиялық түріктердің қобызынан шыққан, оған ішекті қосқан да солар депті. Домбыраны қырғыздар сықылды түрік халық-тары әлі де қобыз дейді.
Шығыс хән әулеті тұсындағы Лю Ян жазған «Шымиң аспаптары» дегенде «Пипа әсілі түріктерден шыққан.Ат үстінде шертіледі.Ішегін қақсаң пи,па деген үн шығады» депті. Мұндай мәлімет Хән әулеті тұсында Үйсін ұлысына ұзатылған хән қағанкесі Лю Шижүн туралы баянда да бар.
Екі ішегін «тең бұраудан» шыққан домбыраның аты өзге тілдерге «тәмбүр», «тамбұр», болып та құбылған көрінеді.

*** ***


Ия, домбыра - қазақ халқының өмірінен аса маңызды орын алатын, ең кең тараған,өзіндік музыкалық сипаты бар, екі ішекті,көп пернелі, жеке әнді сүйемелдеуге де, күй тартуға да, халықтық-фольклорлық музыкаға да,классикалық шығармаларды да орындауға қолданы-латын, мүмкіндігі кең, күрделі аспаптар қатарындағы музыкалық аспабы.
Өткен жүз жылдықта керемет бір ғажап күйлер шығарған ұлы халық композиторы,барма-ғынан бал тамған майталман домбырашы Құрманғазымен бірге Байжігіт, Дәулеткерей, Тәттімбет, Сейтек, Қазанғап,Сүгір, Тоқа, Байсерке секілді саңлақ күйшілер домбырада тартылатын күйлердің музыкалық формасын үздіксіз жетілдіріп күллі қазақ жұртын қол-дарына қаратқан еді.Домбыраның техникалық мүмкіндіктеріне ілесе оның тарту өнері де едәуір өрге басты,дамыды.
Домбыраның бойындағы құрылыстық бөліктері (мысалы,басы,құлақтары,пернелері,мо-йыны, шанағы, бетқақпағы, ілгегі, ішектері және тиек,кемер ағаш, тұжым ағаш, бастыр-ма, ойық, қалқа, түйме,өрнек, желкелік сықылдылары) жоғарыда аталған аттас не пішін-дес өзге музыка аспаптарынан ( пипа, қобыз, тәмбүр, уд, т.б.)тым парықты емес.Бұл да олардың түптеп келгенде тектестігінен хабар береді.

*** ***


Домбыраны шерткен кездегі ішектің дірілі тербелістердің бір түрі.Ішек қаттырақ дірілде-се, толқын да күштірек болады. Ішек жиі тербелсе, толқынның адымы да жиілеу (ұзын-дығы қысқалау) болады. Әрине ішектің қаттырақ дірілдеуі домбырашының оны қатты-рақ қағуына байланысты. Домбыра ішегінің тербеліс күйінің өзгеруіне келейік. Ішек тер-белісі, оның материялын былай қоя тұрғанда, ішектің домбыра құлағы арқылы тартылу қаттылығы мен ішектің ұзындығына (демек қай пернені басқаныңа) байланысты. Ішек қа-тайса не пернелерді басу арқылы тербелер ішек бөлігінің ұзындығы қысқарса, ол жылда-мырақ тербелетін, тербелу жиілігі артады. Демек одан жоғарырақ жиілікті толқын тарай-ды. Егер ішек босаса не басылған пернеден былайғы тербелер бөлігі ұзарса,онда ол баяу қозғалатын, шабандау тербелетін, тербеліс жиілігі төмендейтін болады. Соған сай төмен жиілікті толқын тарайды.
Ал, басылған перне шанақ бетіндегі тиекке қанша жақындаса, ішектің тербелер бөлігі сонша қысқарады. Ол соған сай жоғарырақ жиілікпен тербелетін, жиілікті толқынды ауа-ға тарататын болады. Керісінше, басылған перне шанақ бетіндегі тиекке қанша алыстаса, ішектің тербелер бөлігі сонша ұзарады. Ол соған сай төменірек жиілікпен тербелетін, сол жиіліктегі толқынды ауаға тарататын болады.
Демек, ішектің белгілі дәрежеде тартылуы мен белгілі бір пернесін басу кезіндегі қағы-луы одан соған сай тербеліс тудырып, сол тербелістен ауаға толқын таратады. Домбырашылардың ішектен алуан толқын таратуының сыры міне осында.

*** ***


Енді есту мен құлаққа бұрылмай болмайтын секілді.Құлақ- есту органы.Анатомиялық құрылымына қарай құлақ үш бөлімнен тұрады екен. Сыртқы құлақ (құлақ қалқаны мен сыртқы есту жолы),ортаңғы құлақ (бір-бірімен жалғасып жатқан дабыл қуысы, есту тү-тікшесі мен емізік тәрізді өзінің үңгірі), Ішкі құлақ (“лабиринт”) дегендерден.Есту — адам организмінің дыбыс тербелістерінен тараған дыбыс толқындарын қабылдау қабіле-ті. Адам қоршаған ортадан көбінесе өздері шығаратын дыбыстарды қабылдап,оған жауап қайтарады. Есту қабілеті адамдардың ерекшелігіне, жасына,физиологиялық, экология-лық жағдайына, т.б. байланысты болады. Адамдағы есту барысын есту талшықтары (ар-найы нервілер) атқарады. Адамдар дыбыс толқындарын құлақ қалқаны мен сыртқы есту жолы арқылы қабылдап,сыртқы құлақ пен ортаңғы құлақ арасындағы дабыл жарғағын тербеліске келтіреді де,одан әрі ортаңғы құлақтағы өзара байланысқан балға, төс, үзеңгі сүйектеріне береді. Үзеңгі сүйегі ішкі құлақ ішінде болатын органдарды тербелтіп, одан арғы органға жібереді. Тербелген талшық дыбыс қабылдайтын клеткаларды тітіркендіре-ді.
Адам 16 — 20 Гц-тен 20 мың Гц-ке дейінгі жиіліктегі дыбысты қабылдай алады екен. Бұл толқындардың дыбыс толқындары деп атайды

*** ***


Жалпы алғанда, ішекті музыка аспаптарының үні ішегінің материялына, қаттылығына, жуандығына, шанағының материялына, көлеміне, басылған пернелері мен шертушінің қағысына, қағу шапшаңдығына, т.б. қарай алуан әуен шығарады.Бұл әуендерді орындап отырған музыка нотасына қарай құбылту адам жанын қоса дірілдететін рухани тербеліс тудырады. Домбыраның ғажайып құдіреті міне осында.

Енді домбыра туралы өз ата-бабаларымыздан қалған аңызға құлақ түрелік:

«Ертеде бір хан болыпты. Оның жалғыз қызы бар екен. Хан қызын өзі сияқты хан бала-сына атастырып қояды. Қыз бойжеткенде кедей жігітке ғашық болып, көңіл қосып жүре-ді екен. Мұны білген хан жігітті дарға астырады. Жігіт өлгеннен кейін қыз мезгіліне жет-пей бір ұл, бір қыз туады. Ел сөзінен сескенген хан жаман атқа қалмаудын амалын іздеп, қос бүлдіршіннің көзін жоюды астыртын Мыстан кемпірге тапсырады. Сәбилерді көз көрмес, құлақ естімес жерге апарып, биік өскен ағаштың басына қызды шығысқа, ұлды батысқа қаратып іліп кетеді. Нәрестелердің көз жасы тамған ағаш бұтақтары суалып, қу-рай бастайды. Қос жүрек соғуын тоқтатқанда, бәйтерек те өсуін тоқтатады.Ел ішіндегі өсек сөз,өтірік өкпеге шыдамаған қыз егізін іздеп жолға шығады. Бармаған жер, баспаған тауы қалмайды. Қатты шаршап діңкесі қатқан қыз әбден қурап, қабағы түсіп, шіруге ай-налған биік ағаштың түбіне қисая кетеді.Оны бір сүйкімді саз,сиқырлы әуен оятады. Құлақ түріп тыңдаса » ән салып " тұрған қасындағы биік ағаштан күмбірлеген үн естіле-ді. Қыз күндіз егізін іздеп, түнде осы «әнші» ағаш-тың түбіне келіп, көңіл жұбатып, ты-нығып жүреді. Бір күні айналаға көз салмақ болған қыз ағаштың басына шығамын деп құлап қалады. Ағаш жуан, түбінен басына дейін қуыс екен. Жіңішке басының екі жағын-да бұтақтан — бұтаққа керіліп қалған ішектерді көреді. Бұл қыздың екі баласынан қалған жұрнақ еді. Батыс жағындағы ішек бостау, ал шығыс жағындағы ішек қатты тартылыпты. Шертіп көрсе, керемет үн шығады. Қыз байғұс бостау тартылған ішектің үні мұңды шы-ғатындықтан ұлым- Мұңлық ,ал ащы,тым зарлы шығатындықтан қатты тартылған ішекті қызым - Зарлық деп ат қойып, күндіз түні қолынан тастамай күй шығарып, ел кезіп, егізін іздеп кеткен екен».


Скачать 322.22 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   76

Похожие:

8-сынып (факультативтік курс бағдарламасы) icon2-3 І тарау. Бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастыру негізі
Оқушылардың ғылыми көзқарастарын қалыптастыру
8-сынып (факультативтік курс бағдарламасы) iconКонтрольное задание №1
В результате обучения борец должен уметь: определять цели борьбы; намечать правильный курс действий; реализовать выработанный курс...
8-сынып (факультативтік курс бағдарламасы) iconКурс лекций часть для студентов курса очной формы обучения специальности
Курс лекций по дисциплине пд. 01 Математика: алгебра и начала математического анализа; геометрия Часть 2[Текст] / О. А. Волкодамова,...
8-сынып (факультативтік курс бағдарламасы) iconҚаржы және бухгалтерлік есеп бағдарламасы «бекітемін» Мемлекеттік басқару және экономика жоғары мектебінің оқу және ғылым
Силлабус «Қаржы және бухгалтерлік есеп» бағдарламасының
8-сынып (факультативтік курс бағдарламасы) icon3 курс «Технология транспортных процессов»

8-сынып (факультативтік курс бағдарламасы) iconОсновы экономики. Курс лекций для учащихся

8-сынып (факультативтік курс бағдарламасы) iconОтчет по практике Студент Курс II группа 220 К
Специальность
8-сынып (факультативтік курс бағдарламасы) iconВакансии для студентов с 1-3 курс
Перспективы карьерного роста возможны после успешного прохождения практики/стажировки
8-сынып (факультативтік курс бағдарламасы) iconРеферат тема: Техногенные чс. 4 курс, группа 15303,15304
Охватывает территорию двух субъектов РФ или выходит за их пределы
8-сынып (факультативтік курс бағдарламасы) iconКурс лекций под редакцией профессора В. И. Шалупина для студентов всех специальностей дневного обучения Москва 2011





База данных защищена авторским правом ©refnew.ru 2020
обратиться к администрации

    Главная страница
Контрольная работа
Курсовая работа
Теоретические основы
Методические указания
Методические рекомендации
Лабораторная работа
Рабочая программа
Общая характеристика
Теоретические аспекты
Учебное пособие
Практическая работа
История развития
Пояснительная записка
Дипломная работа
Самостоятельная работа
Общие положения
Экономическая теория
Методическая разработка
Физическая культура
Методическое пособие
Исследовательская работа
Направление подготовки
Общая часть
Теоретическая часть
Общие сведения
Техническое задание
Общие вопросы
Образовательная программа
Управления государственных
Федеральное государственное
Экономическая безопасность
Конституционное право
реакция казахского
Основная часть
Организация работы
Техническое обслуживание
Российская академия
Понятие сущность
Усиление колониальной
прохождении производственной
Обеспечение безопасности
программное обеспечение
Выпускная квалификационная
квалификационная работа
муниципальное управление
Теория государства
Уголовное право
Математическое моделирование
Административное право
Название дисциплины
Земельное право