*Бұл сабақтың өту барысы туралы алғы сөзде айтып кеттім.
21-22 сабақ
Сабақтың тақырыбы: Домбыра физикасы
Сабақтың мақсаты: Қазақтың ұлттық музыкалық аспабы-домбыраның физикалық тұр-ғыдан сипатын айтып оқушыларға баяндау
Домбыра – қазақ халқының аса қастерлі музыка аспаптарының бірі. Сондық-тан бұл жай-лы сөз қозғау қиынырақ болуы да мүмкін.Дегенмен сөздің де алуан түрлі арқауы, тоқсан түрлі толғауы болады ғой. Домбыра туралы сөзге композитор не шертуші шебер ғана емес, ақын да, жазушы да, ағашшы ұста да, айта берсек мүсінші мен сыршы да араласуы мүмкін. Олардың әр қайсысы домбыраның бел-гілі бір қасиетін көбінесе өз мамандығы тұрғысынан әңгімелейтіні табиғи.
Күңіренген бір тәтті күй даланы алды,
Табиғат тыпа тыныш бола қалды.
Қырдағы қоян, құлан құлақ тігіп,
Қамыстан жолбарыс та ыңыранды.
...
Күн тыңдап кірмей тұрды ұясына,
Бұлт тыңдап, мінбей тұрды тау басына.
...
Су ақпай жатты тоқтап арнасында,
Қарғалар қатып қалды жар басында. ... –
деп көркем сөзді көгендей,әрлі сөзбен әсірелей баяндаса, ағаш шебері өзінің қарапайым лебізімен домбыра жасайтын материялға және домбыраның бөліктеріне (шанағы, өңеші, мойны, құлағы, тиегі, т.б.) аялдауы мүмкін.
Ал, ендеше біз де өз мамандығымыз бойынша, домбыра физикасы жайлы сөз қозғайық. Сөз өзімізге таныс ұлттық музыка аспабымыз домбыра мен талайымызға бейтаныс физи-ка үстінде болатындықтан, ең әуелі физика жайлы аз-кем тоқтала кеткен жөн сықылды.
Физика — материя әлемін және оның күйін, өзгерісін, құрылымын, қозғалысын зерттей-тін жаратылыстану өңіріндегі іргелі ғылым. Былайша айтқанда, табиғаттың негізгі қа-рым-қатынастарын, заңдылықтарын зерттейтін пән.
Біздің айтарымызға тіке сүйеу болатын физика тарауы - акустика. Акустика атауы грек-тің естілетін, тыңдалатын деген сөзінен алынған көрінеді.Ол- физиканың ең төменгі (мы-салы нөл Герц) жиіліктен (әр уақыт бірлігі ішіндегі тербеліс не толқын саны) ең жоғарғы жиілікке (мысалы, 1011—1013 Герц-ке) дейінгі аралығын қамтитын тербелістер мен тол-қындарды және олардың затпен өзара әсерлесуі мен түрліше қолданылуын зерттейді. Біз осыны айтқанда сізге домбыра ішегінің дірілі мен дауысы елестей бастаған да шығар. Акустиканың тарихы өте ұзын. Оған адам құлағының дыбысты ести алуы мен жұрттың оған назарының ерте аууы себеп болған шығар. Біздің заманымыздан бұрынғы 6-ғасыр-да өмір сүрген Пифагор естілетін дыбыс тонының (дауысының) жоғарылығы мен перне-нің арасындағы байланысты тапты. Одан екі ғасыр беріде өмір сүрген Аристотель дыбыс шығаратын дененің ауаны қысатындығын, оны сирететіндігін, ал жаңғырық дыбыстың кедергіден кері қарай шағылу екенін түсіндірді. 15-16 ғасырда өмір сүрген Леонардо да Винчи дыбыстың шағылуын зерттеп,дыбыс толқындарының таралуының дыбыс көздері-не тәуелсіз болатындығын айтты. 17- ғасырдың аяғы мен 18-ғасырдың басындағы Г.Гали-лей дыбыс шығаратын денеде тербеліс пайда болатындығын және дыбыстың жоғарылы-ғы оның жиілігіне,ал күші дыбыс амплитудасына(тербелу құлашына) тәуелді екендігін тапты.Бертінде,француз физигі М.Мерсенн ауадағы дыбыс жылдамдығын анықтады. 17-ғасырдың аяғынан 20-ғасырдың басына дейін акустика дамыды, бірақ механиканың бір бөлімі ретінде қаралды.Қазір ол физиканың көлемді,күрделі,қызықты,маңызды бір сала-сы.Акустика, даму барысында, механикалық тербелістердің жалпы теориясы, дыбыс тол-қындарының таралу және пайда болу заң-дылықтары,дыбыстың негізгі сипаттамаларын өлшеу әдістері Ньютон механикасына, Гуктің заңына, Гюйгенстің толқындық қозғалыс принципіне негізделіп жасалды. Сөйтіп дыбыс толқындарының диапазоны(алабы) кеңейіп,акустика инфрадыбыс(16 Гц-ке дейін) пен ультрадыбыс (20 кГц-тен жоғары) алаптарын қамтыды.Сөйтіп, талай ғалымдардың күш салуы арқасында акустика тіпті да-мып барады. Өткен ғасырдың 20-жылдары радиотехника мен радиохабар таратудың да-муына байланысты акустиканың жаңа даму сатысы басталды. Техникалық сұраныс акус-тиканың қолданылатын жаңа бағыттарын дүниеге әкелді.Біз сөз қылатын өңір – домбыра-дан шығатын адам құлағына естілетін дыбыс осы акустика арқылы түсіндіріледі.
Поделитесь с Вашими друзьями: |