8-сынып (факультативтік курс бағдарламасы)


Жылқыға шалма тастау, құрық салу



Скачать 322.22 Kb.
страница34/76
Дата27.04.2018
Размер322.22 Kb.
Название файлаҰлттық физика.docx
ТипБағдарламасы
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   76
Жылқыға шалма тастау, құрық салу. Үзеңгі, тартпа, желбауға түсетін күштер дененің салмағы. Серпімділік күші мен дене массасының арасындағы байланыс арқылы түсіндірі-леді.Салмақ, ауырлық күш ұғымдарын ажырата білу тартылыс құбылысы, ауырлық күші-нің әсері арқылы түсіндіріледі.

19-20 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Киіз үй физикасы

Сабақтың мақсаты: Киіз үйдің құрылысының физикалық құбылыстарға ұштасуын оқу-шыларға түсіндіру

Ғұламалар айтып кеткендей,осы киіз үйден қазақ халқының аспан әлеміне, есептеу жүйе-сіне, физикалық заңдылықтарына, табиғат заңдылықтарын біліп, олармен тұрмыс-тірші-лікте санасу жолдарын білу,экономикалық біліктілігіне,мәдениет пен өнердегі талғамы-жалпы өмір тәжірибесіндегі іске бейім ділігі аңғарылады.Арғы-бергі тарихымыз бен мә-дениетімізді зерделей қарасақ киіз үйдің атқарған рөлі өте зор екеніне көз жеткіземіз. Біз-дің киіз үйіміз тек баспана ғана емес, ол сәулет, құрылыс, сурет, қолөнер сияқты бірнеше өнердің басын құрайтын ғажайып туынды десек те болады. Басқа елдердегідей емес, бұл ағаш, киіз, ши, әрі көшпелі (жылжымалы) құрылыс түріне жатады.Сонғы 7 – 8 ғасыр бойына киіз үйге өзгеріс енгізілмей, қазақтар үшін ең қолайлы баспана болып қалды. Киіз үй әлемге белгілі,яғни әлемдегі ең тез құрастырылып, тез жығылатын үй. Және де киіз үйіміз басқа халықтардың үйлерімен салыстырғанда бір де бір шеге пайдаланбай – ақ құрастырылатын үй деп танылады. Ол ауа райының қандай жағдайында да пайдала-нуға өте ынғайлы, ішіне жарық жақсы түседі,ауа алмасу талапқа сай, жел – дауылға шай-қалмайды,берік,төбесі жадағай емес,күмбез болып келеді.

Киіз үй өлшемдері.
Киіз үй негізгі 3 бөліктен тұрады:
1. Үйдің сүйектері (ағаштан тұратын бөліктері)
2. Киіздері (ши де осыған кіреді)
3. Бау шылаулары (баулары мен басқұр арқандары)Киіз үй бөліктерін дайындағанда эко-логиялық таза, табиғи материалды қолданған, яғни ешқандай денсаулыққа зиян келтіре-тін синтетикалық қоспалары жоқ.

Киіз үйді тіккенде алдымен керегелерді бір – біріне қосып, оның екі жағын есік босаға-сына таңғыштар арқылы бекітіледі. Кереге басын бас арқанмен орай тартып, маңдайша-ның екі жақ басына мықтап байлайды. Үйдің берік тұруының себебі оның салмағы осы бас арқанға түсетінімен түсіндіреледі. Содан соң бақан арқылы шаңырақ көтеріліп,оның жан- жағынан уық шаншылады.Уық тегіс шаншылып біткеннен кейін, ірге киіз жабыла-ды. Оның биіктігі жарты метрдей, онымен үй айнала орала жабып , түсіп кетпес үшін әр жерінен керегеге байланады. Ірге киіз желді күні шаң, топырақтан, қыста суықтан қор-ғайды.Осыдан кейін туырлық жабылады да,ол туырлық бау (құр) арқылы уықтан асып, қарсы керегеге байланады. Үй көлеміне қарай туырлық 3,4 бөлік болуы мүмкін.Туырлық екі босаға жақтан бастап жабылып, ол да бау арқылы белдеуге байланады.Ең соңында түндік жабылады.Киіз үйдің бөліктерін өлшеу жұмыстарын жүргізгенімді айта кетейін. Қазақтың киіз үйінің өзі тұнып өлшем ғой !!

А) биіктігі 135 – 140 см;
В) бас кереге – 1,5 м. 4 кереге (4 қанатты үй де) – 12 ш/м;
С) уық ұзындығы 3 – 5 метрге дейін, 6 – 8 қанатты үйде 100 – 120 шейін уық болған;
Д) Қазақ даласының шиі 2 – 2,5 м болған (үй қанқасын қоршаған);
Е) Бас құр, ояқұр 4 қанатты үйде 9, 9, 5,10 метрге дейін ұзындығы болған;
Ж) Желбеу – шаңырақтан ілініп, жер қазыққа жел, боран болғанда ілінеді. Кіші үйдің желбауының ұзындығы – 5 м;
З) жел – арқан 10 – 15 метрдей;
И) диаметрі – 5 м – ден 20 м – ге дейін.

Киіз үйдің бетінің ауданы мен көлемі. Киіз үйдің қазақ өмірі мен әлеуметтік жағдайына үйлесімдігі сондай, оны үлкейтіп,кішірейтіп, тіпті бірі – біріне қо-сып, 2 – 3 бөлмелі етіп тігуге де болады.Физика тұрғыдан қарастырсақ, үйдің көлемін табанының ауданын, қала-уымызша өзгерте беруімізге болады.

Үйдің табаны шеңбер болып келетіндіктен ауданының формуласы бойынша есептеп табуға болады S=π r2, мұндағы r шеңбердің радиусы.

Киіз үй екі геометриялық фигурадан құралады – цилиндр және қиық конустан. Киіз үй материалдарының физикалық қасиеттері.Киіз үй қанқасын түгел ағаштан – берік ағаштан (қайыңнан, талдан) жасалады. Киіз үйдің ағаштарын (уық, кереге, шаңырақ,күлдіреуіш) деформациялайды.

Деформация – дене пішінің немесе көлемінің өзгеруі. Қайын мен тал басқа ағаштармен салыстырғанда деформациялауға, яғни июге, бұруға, қысуға,созуға ыңғайлы, бір жағы-нан берік, қатты жақсы ма-териал болып табылады.

Үйшілер кептірілген ағаштарды алып қидың малмасына (диффузия процессі жүреді) не-месе ыстық шоқ араластырылған күлге (жұмсарту,балқыту) салып балқытады, яғни ағаш-тарды пластикалық деформацияға ұшыратады.Пластикалық деформация – сыртқы күш-тердің әсері тоқтағаннан кейін жойылмайтын деформация,яғни ағаш берген қалыпты сақтап қалады.Үйшілер ағаштарды тезге салып түзетіп алады, кейін морға салып кереге, уыққа, күлдіреушке лайықтап ырғаққа салынып, белгілі бір үлгі, жобаға келтіреді.Ағаш-тардың қызыл түсті жосамен бояйды және өсімдік майымен майлайды. Ағаш – кеуек де-не, суды,ылғалды жақсы сіңіреді.Ылғалданған ағаш беріктік қасиетін жоғалтады. Судың жұғу қасиеті ағашқа зиян. Май қабаты ағашты судың ылғалдықтың сіңіуінен сақтайды. Қазақ бабаларымыз судың майлы беттерге жұқпайтынын білген.Судың майлы бетке жұқ-пау себебін ғылыми түрде былай дәлелдейміз:сұйықтың молекулалары бір – біріне май-дын молекулаларынан гөрі, күштірек тартылады.

Киіз үйдің негізгі құрылыс материалы – киіз болып табылады.Синтетикалық материал айналасына оң зарядталған өріс тудырады.Ол өріс адамның ағзасына қолайсыз әсер ете-ді.Ал киіз – табиғи материал. Қой жүнін сабалап, біріктіріп жасайды.Жүннің бір талшы-ғын микроскоп арқылы қарастырғанда,қылдың қуыс каналы бар екенін анықтауға бола-ды. Жүнге ыстық су құйып және механикалық әрекет нәтижесінде ширатады, көлемі V кішірейеді, тығыздығы артады .Киіз басудың ең жоғарғы тығыздығы р =0,55 г/ см3.

Енді киіздің жылу өткізгіштігіне тоқталайық.

Жүннің жылу өткізгіштігі нашар, өйткені қалай сабаласа да ,жүн талшықтарының ара-сында бірталай ауа болады. Ауаның жылу өткізігіштігі нашар болады,өйткені ауа моле-кулалары бір – бірінен алыс орналасады да, энергияның бір молекуладан екіншісіне бе-рілуі қиынға соғады. Сондықтан киіз үй-дің аптап шілдеде сая, ызғырықта жылы баспана болады.

Киіздердің , баулардың жиектерінің беріктік шегін арттыруға шүберекпен,түйенің шүйда жібімен арнайы әдіптейді. Жылқының қылы, түйенің шүйдесі ең беріктік шегі максимал материалдар. Металл материалдардан жасалған арқандар ат қылынан жасалған арқандар-дан беріктік шегінен кем болып жатады. Баулар қысыммен киіздерді ұстап тұратын бол-ған.

Үй киіздерін әзірлеп болғаннан, оны ақ бормен немесе күйген сүйекпен борлайды. Бұл әдемі ақ түс береді, әрі киіздердің берік болуына, су, жылу, суық өтпеуіне едәуір әсер етеді.Киіз үй ақ түсті болуы жарық шағылдыру қабілеті өте жоғары болатынын бабала-рымыз білген .Ақ түс қара түстен 13 есе, сары, көгілдір түстерден – 2,5 есе артық. Қазақ көшпелі халық болғандықтан уақытының көбін ашық аспан астында өткізеді. Ал, күн сәулесінің ультракүлгін бөлігі атмосфераның жоғарғы қабаттарында нашар жұтылатын-дығынан адам ағзасына елеулі әсер етеді .Мөлшері нормадан асса әсері денсаулыққа қа-уіпті.Ал ақ киіз атмосферадағы түрлі сәулелердің, магнит,электр өрістердің,жылу алма-суының т.с.с зиянды әсерінен қорғайды.

Киіз үйдің бір бөлшегі – кәдімгі ши. Оны жүнмен орап безендіріп тоқиды. Оны шым ши дейді, орау-сыз шиді – ақ ши деп атайды.Ши кереге мен туырлықтын екі ортасына келеді. Шым ши жылылыққа әсері мол. Ши тұрғанда сырттан құрт – құмырсқа, жылан кіре ал-майды. Ши кәдімгі фильтр ролін ойнайды десе де болады.

Кереге үйдің барлық салмағын көтеретін іргесі, қабырғасы. Қабырғаға түсетін күш кере-гелер арқылы тең үлестіріледі.Қазақ атамыз көшпелі халық болғандықтан,үй салмағы кө-шіп – қонуға жеңіл болған. Үйді жығып үй сүйектерімен, киіздерін жылқы, түйлерге ар-тып, жер ауыстырып отырған. Малмен күн көрген қазақ жазда жайлауға ,қыста қыстауға , малға шөбі шүрайлы жерлерге орналасып, қоңыс теуіп отырған.

Қандай ыстық болса да киіз үйдің ауасы таза, салқын болуы конвекцияға байланысты. Конвекция – (латын сөзі конвекцио – тасымалдау деген сөзінен) жылудың газдың ағыны арқылы тасымалдануы. Бауымен керіліп туырлық көтерілсе сырттан үйге кірген ауа қай-тадан жоғары өрлейді, өйткені жылы ауа ұлғайяды.Ұлғайған ауаның тығыздығы суық ауаның тығыздығынан кем болады, сондықтан жылы ауа қабаты өрлей жоғары көтері-леді. Жылы ауаға суық ауа тарапынан жоғары қарай әсер ететін архимедтік күш жылы ауаға төмен қарай әсер ететін ауырлық күшінен артық болады.Сонымен конвекцияда жы-лы ауа ағыны жоғары көтеріліп, салқын ауа оның орнын басады. Ошақтың дәл үйдің центріне орналасатының түтін тарту күші сол центрде көп болатындығымен түсіндіріле-ді.

Киіз үйдің салқын,жарық болуы оның түндігіне байланысты. Түндік қазіргі үйдегі терезе-нің ашпалы көзінің (форточка) және мұржаның ролін атқарады. Түндіктен кірген салқын ауа төмен түсіп, жылы ауа мен суықта от жаққандағы түтін түндік арқылы сыртқа шыға-ды.

Қазіргі уақытта кез – келген құрылыс, үй – жайын салғанда оның орнықтылығын есептеу ең басты мәселе. Ал киіз үйдің орнықтылығы барынша жетілдірілген, барлық тепе – тең-дік шартына жауап береді. Механикада дене орнықты болу үшін ауырлық центрінен жүр-гізілген тік сызық тіреу бетін қиып өтуі тиіс және ауырлық центрі неғұрлым төмен бол-ған сайын дененің орнықтылығы арта түседі. Киіз орнықтылығы біріншіден киіз үйдің тіреу беті өте үлкен, екіншіден ауырлық центрінен жүргізілетін тік сызықты ұзындығы тіреу бетінің радиусынан әлдеқайда кіші болғандықтан киіз үй төбесі уықтармен сыр-ғауылдар жоғары сақина шаңыраққа бекітілгенде, күмбезденіп жасалады. Үй жел-да-уылдарға төзімді, шайқалмайтын екенін білеміз, басқа елдің баспанасымен салыстыр-ғанда киіз төбесі жадағай емес, аққыш пішінді етіп жасалған, яғни ата – бабаларымыз күмбездің аэродинамикалық қасиеті жоғары екенін білген.

Дауылды күндері үй шайқалмас үшін оған салмағы бар зат байланады. Жел-бауға диір-мен тастары, бөшке байлаған. Шаңыраққа салмақты зат ілулі тұрғасын бүкіл үй сүйек-теріне қосымша салмақпен әсер етеді.Дауылда үйдің орнықтылығы, мықтылығы артады.

Киіз үйдің төбесіне жаңбыр іркілмес үшін 450 шамасында иілген ағаштан күлдіреуіш ор-натады. Жаңбыр – шашын тамшылары төбесінде кідірмей ,оп – оңай жүн талшықтармен сырғып түседі. Ешқандай өлшеу құралсыз сүйекшілер 450- тай ағашты игені де даналық.

Айта кететін жәйт, қазақтар киіз түндіктің көмегімен үйге түсетін жарықтың бағытын қа-лауынша реттеп отыратын болған. Түндік толық ашылса үйге біркелкі,мол жарық түсетін болған.Ыстық күндері күннің ащы сәулелерінен түндікті күн түскен бетін жартылай жа-уып, сәулелерден қорғанған. Түн-діктің 4 ұшы бар. Күннің көкжиекте аууына байланыс-ты кезекпен әр ұшы шешіліп, күннің бағыты бойынша байланған.Керісініше,салқындау күндері жарық жақсы беру үшін үйге сәулелері кіретіндей түндікті ашып отырған.

Сыздан қорғану үшін еденді жеңіл ағаш қалқандардан құрастырады,оның үстіне киіз кі-лемдер– теке-меттер мен сырмақтар төселеді. Жер қыртысында қисапсыз көп каппиляр-лар болуының нәтижесінде су жоғары көтеріліп, интенсивті түрде буланады. Сондықтан үйлердің табанын дымқылдануынан изоляциялаған. Қазіргі кезде целлофан, линолиум сияқты заттар төсеп барып ,текеметтер жаяды. Үй іргесін шөппен бітеп, айналасын қа-мыспен шалылап қоралайды. Көбінесе қопалы, қамысты жерді паналайтындықтан жел де көп болмайды.Әрқашан қоныс аударғанда таза жерге тігілген үйдің саф ауасы аспан, жер, сумен астасып, қасиетті қара шаңырақтың киесі адамның көкірегіне нұрлы сәулесін құй-ған.

Киіз үй –көшпелі обсерватория болған.Байыптап қарасақ киіз үй қанқасы мен құрылысы-нан көшіп-қонуға ыңғайлы обсерваторияның қарапайым сұлбасын байқайсың.Бұл туралы Еуропа және орыс ғалымдары тамсана отырып айтса даланың тыныс-тіршілігінен бейха-бар олар тұжырымды ештеңе дей алмайды. Сондықтан киіз үйдің қарапайым құпиясын өзіміз шешуге әрекет жасап көрелік.

Суреттің жоғары бөлігінде қазіргі астрономия саласында қолданылатын аспанның жыл-жымалы картасы бейнеленген.Ал суреттің төменгі бөлігінде жуық түрде шеңберлік өл-шемі сәйкес келетін –киіз үй салынған. Енді сырт қарағанда бір-біріне ұқсастығы жоқ екі бөлікті сәйкестіндіріп көрейік.



  1. Киіз үйдің ортасында отырған адам «шаңырақ» арқылы наурыз және көкек айларында аспанның солтүстік жартышырында біздің жерімізге көрінетін ең басты жұлдыздар мен шоқжұлдыздарды көре алады.



http://infust.kz/wp-content/uploads/2011/11/fizjoba10kl.png

А) Солтүстік нүктеде –Темірқазық,Жетіқарақшы,және Айдаһар.


Ә) Шығыс нүктеде- Егіздер,Орион,Персей,Возничий,Торпақ және Үркер.
Б) Батыс нүктеде –Бүркіт,Лира,Аққу,Геркулес,Волопас
В) Сотүстік нүктенің төменгі жағы-Кассиопея,Пегас,Тоқты,Балықтар,Суқұйғыш, Ешкі-мүіз,Кит шоқ-жұлдыздары.

Жыл маусымдарымен бірге айлар да орын ауыстырған сайын бізге көрінетін шоқжұлдыз-дардың орны да өзгеріп отырады. Мұның себебін жұлдыздардың тұрақты орнын сақта-майтындығынан емес ,керісінше,Күн мен Күнді айналған Жер мен Айдың осы шоқжұл-дыздар арасында қозғалып жүретіндігінен деп түсінуіміз керек.

2 . Астынғы ұшы керегенің торкөзіне байланып,үстінгі ұшы шаңыраққа шаншылатын уықтар киіз үйдің ішінде отырып көрінетін аспан жарты шарын градустарға бөлініп қа-растыруға қолайлы. Аспан жарты шары 360 градус деп белгілеп ,оны шаншылған уық са-нына бөлсе,екі уықтың арасындағы градус мөлшерін білуге болады.Осы мөлшер арқылы түнде- түнгі уақытты,күндіз-күндізгі уақытты, сондай –ақ Айдың өзгермелі фазаларын ажыратуға мүмкіндік туады.

3. Киіз үй әдетте алты қанат немесе он екі қанат болады.Қазақстан жерінде жыл маусым-дары 6 ай қыс және 6 ай жаз болып болып екіге бөлініп есептелген. Алты ай жазда халқы-мыз-жайлауда,алты ай қыста –қыстауда болады.

Киіз үйдің үш қанаты 6 ай жазды(наурыз,көкек,маусым,мамыр,шілде,тамыз) немесе 2 маусымды (көктем және жаз) қамтыса ,қалған үш қанаты 6 ай қысты(қыркүйек,қазан, қа-раша ,желтоқсан қаңтар,ақпан) немесе 2 маусымды (күз және қыс) қамтиды.

4. Киіз үйдің есігі 7 қанат болып есептелмегенімен,шеңбердің ауқымын сәл кеңейтуге септігі тиді. Киіз үйде есік қандай қызмет атқарады.?


А) 30күн *3 ай =90 күн* 2 маусым =180 күн* 2 =365 күн
Ә) 360 күн + 5 «қонақ»= 365 күн

Яғни,киіз үйдің есігі жыл санатынан тыс қосылатын «Бес қонақ» күндерінің мөлшерін білдіреді.




Скачать 322.22 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   76

Похожие:

8-сынып (факультативтік курс бағдарламасы) icon2-3 І тарау. Бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастыру негізі
Оқушылардың ғылыми көзқарастарын қалыптастыру
8-сынып (факультативтік курс бағдарламасы) iconКонтрольное задание №1
В результате обучения борец должен уметь: определять цели борьбы; намечать правильный курс действий; реализовать выработанный курс...
8-сынып (факультативтік курс бағдарламасы) iconКурс лекций часть для студентов курса очной формы обучения специальности
Курс лекций по дисциплине пд. 01 Математика: алгебра и начала математического анализа; геометрия Часть 2[Текст] / О. А. Волкодамова,...
8-сынып (факультативтік курс бағдарламасы) iconҚаржы және бухгалтерлік есеп бағдарламасы «бекітемін» Мемлекеттік басқару және экономика жоғары мектебінің оқу және ғылым
Силлабус «Қаржы және бухгалтерлік есеп» бағдарламасының
8-сынып (факультативтік курс бағдарламасы) icon3 курс «Технология транспортных процессов»

8-сынып (факультативтік курс бағдарламасы) iconОсновы экономики. Курс лекций для учащихся

8-сынып (факультативтік курс бағдарламасы) iconОтчет по практике Студент Курс II группа 220 К
Специальность
8-сынып (факультативтік курс бағдарламасы) iconВакансии для студентов с 1-3 курс
Перспективы карьерного роста возможны после успешного прохождения практики/стажировки
8-сынып (факультативтік курс бағдарламасы) iconРеферат тема: Техногенные чс. 4 курс, группа 15303,15304
Охватывает территорию двух субъектов РФ или выходит за их пределы
8-сынып (факультативтік курс бағдарламасы) iconКурс лекций под редакцией профессора В. И. Шалупина для студентов всех специальностей дневного обучения Москва 2011





База данных защищена авторским правом ©refnew.ru 2020
обратиться к администрации

    Главная страница
Контрольная работа
Курсовая работа
Теоретические основы
Методические указания
Методические рекомендации
Лабораторная работа
Рабочая программа
Общая характеристика
Теоретические аспекты
Учебное пособие
Практическая работа
История развития
Пояснительная записка
Дипломная работа
Самостоятельная работа
Общие положения
Экономическая теория
Методическая разработка
Физическая культура
Методическое пособие
Исследовательская работа
Направление подготовки
Общая часть
Теоретическая часть
Общие сведения
Техническое задание
Общие вопросы
Образовательная программа
Управления государственных
Федеральное государственное
Экономическая безопасность
Конституционное право
реакция казахского
Основная часть
Организация работы
Техническое обслуживание
Российская академия
Понятие сущность
Усиление колониальной
прохождении производственной
Обеспечение безопасности
программное обеспечение
Выпускная квалификационная
квалификационная работа
муниципальное управление
Теория государства
Уголовное право
Математическое моделирование
Административное право
Название дисциплины
Земельное право