18 сабақ
Сабақтың тақырыбы: Ұлттық ойындардың физикамен байланысы
Сабақтың мақсаты:Ұлттық ойындар – мәдениетіміздің байлығы екеніне тоқтала келе олардың физикаға қандай қатысы барына тоқталып түсіндіру
Егер де байыппен ойлап қарасақ, адамның өмірі үш саладан тұрады: олар материалдық байлықты жасау үшін – еңбек етеді,денесі дем алу үшін – ұйықтайды және көңіл көтеру үшін – ойын-сауық өткізеді. Ұлттық ойындар көбіне осы ойын-сауық кезінде орындалып, іске асып отырады. Олай болса, адам өмірінде ұлттық ойындардың алатын орны өте зор екен.Ал оның ұлттық деп аталатын себебі, ол ойындар қандай да болмасын бір этникалық топтың аумағында, сол ұлттың тілі, діні, салт-дәстүрі сияқты пайда болып, қалыптасып, дамып отырады.
Ұлттық ойындардың ерте заманда пайда болғаны даусыз және ол қоғамда адамдардың бір-біріне жақындасып, олардың оңай тіл табысуына көмектеседі. Ұлттық ойындардың түрі мен мазмұны өз заманындағы қоғамдық қатынас пен өмір салтының түріне қарай әркез өзгеріп отырады. Оның пайда болуының басты себебі,ол еңбек ету процесіндегі адамдардың тәжірибесінен туындайды және онда еңбек ету процесіндегі көріністермен қатар дене шынықтыру,соғыс өнері, діни нанымдар және сыйқырлық әрекеттер де орын алады.
Әр халықтың ұлттық ойындарының түрі мен мазмұны сол халықтың тұрған жерінің бе-деріне,ауа-райына, шаруашылық ерекшеліктеріне тығыз байланысты.Мысалы,таулы жер-де өмір сүретін халықтар мен жазық далада өмір сүретін халықтардың не орманда өмір сүретін халықтар мен шөлейт жерлерде өмір сүретін халықтардың, көшпенді мал шаруа-шылығымен айналысатын халықтар мен отырықшы егін егетін халықтардың ұлттық ойындарының бір-бірінен айырмашылығы өте көп. Сонымен қатар,әр діндегі халықтар-дың ұлт-тық ойындарының да бір-біріне ұқсамайтыны анық. Яғни ұлттық ойындар әр халықтың тұрмыс-тіршілігіне, діни нанымына, өмірге көзқарасымен тығыз байланысты екен.
Егер де қазақ халқының ұлттық ойындарына назар аударып көрсек, ол оның көшпенді мал шаруашылығымен айналысатынына және жазық, кең далада өмір сүретініне байла-нысты, соған лайықталынған ұлттық ойындар.
Ұлттық ойындардың өзін оның мазмұнына қарап бірнеше топқа бөлуге болады:
1. Дене шынықтыруға және жауынгершілікке бейімделген спорттық ойындар: Аламан бәйге, Тай жарыс, Жорға жарыс, Көкпар, Қыз қуу, Қазақша күрес, Арқан тартыс т.б.с.с.
2. Халықтың әр саладағы өнерін көрсететін ойындар: Айтыс, Жыр, Терме, Күй, Ән-би т.б.с.с.
3. Жастарға лайықты ойындар: Алтыбақан, Ақсүйек, Айгөйлек, Соқыр теке, Көрші-көр-ші, Жасырынбақ, Жұмбақ, Асық ойындары т.б.с.с.
4. Фольклорлық жанрларға құрылған ойындар: Қыдыр ата, Алдар көсе, Жиренше шешен, Асан қайғы, Қожанасыр, Тазша бала, Шық бермес Шығайбай, Қалтырауық Қамыр кем-пір,Қарашаш т.б.с.с.
5. Күнделікті тұрмыс-тіршілікте атқарылатын ойын-сауықтар: Қансонар, Тоғыз құмалақ, Бастаңғы, Шілдехана, Бесік тойы, Қырқынан шығару, Сүндет той, Қыз ұзату, Келін түсі-ру т.б.с.с.
Біз қазақтың ұлттық мейрамдары олардың өмір сүру тәсіліне байланысты жылдың төрт маусымына тура келетінін және онда ауа-райының қолайлығына байланысты қазақтың ұлттық ойындарының кеңінен атап өтілетінін айтқан болатынбыз. Қазақтар мейрамдарда ұлттық ойындарын ашық жерде, көбіне ауылдың шетінде, биік төбенің басында ұйымдас-тыратын болған. Себебі биік төбенің басында тұрып оның баурайында өтіп жатқан ат ойындарын және басқа да ұлттық ойындардың түрлерін көріп тамашалауға болады.
Наурыз мейрамы кезінде ауа-райы қолайлы болса, қазақтың ұлттық ойындарының бәрін өткізуге болады.
Жаздың орта шенінде күн жылынып, түннің әбден қысқарған кезінде өтетін “Қымызмұрындық“ мейрамында жастардың сүйікті ойындары: Алтыбақан, Ақ сүйек,Айгөлек, Жаяу жарыс, Қазақша күрес; Ат ойындарынан: Қыз қуу, Аударыспақ сияқты ойындарды көбірек ұйымдастырған дұрыс.
Ал күзде күн салқындағанда өткізілетін Мизам мейрамында бірінші кезекте ат ойындарын, соның ішінде Аламан бәйгеге, Көкпар өткізуге өте қолайлы уақыт.
Қысқы “Соғым басы” деп аталатын мейрамда негізінен қазақ халқының салты бойынша соғым сойылып, ауылдастар бірін-бірі қонаққа шақыра бастайды. Осы мейрам кезінде күйшілер домбыра тартып, әншілер ән айтып, жастар би билеп, басқа да қазақтың Орамал тастау, Көрші-көрші сияқты ойындарын өткізуге болады.
Бұл мейрамда ең қызығы алғашқы жауған қарда аңшылар Қансонарда аң аулауға шығып бүркіт салып, тазы жүгіртіп қоян, түлкі, қасқыр сияқты құздың аңын аулайды.
Біз қазақтың ұлттық мейрамдары кезінде көрсетуге болатын кейбір ойындары туралы сөз еттік. Ал, шын мәнісінде күнделікті өмір салтында қолдануға болатын қазақтың салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ырым-жоралары өте көп, әңгіме тек соларды орнымен күнделікті өмірде іске асыра білуде. Егер де біз қазақтың ұлттық ойындарын, өнерін, мәдениетін өмірде көп қолдансақ, ол біздің рухани құндылықтарымыздың сақталып, әрі қарай дамуына оң әсер етеді.
Қазақтың ұлттық ойындары туралы , мысалы, алтыбақан , аударыспақ, арқан тарту ойындары.
Поделитесь с Вашими друзьями: |