8-сынып (факультативтік курс бағдарламасы)


Омбы қар — ат бауырлайтын қалың қар. Сонар қар



Скачать 322.22 Kb.
страница30/76
Дата27.04.2018
Размер322.22 Kb.
Название файлаҰлттық физика.docx
ТипБағдарламасы
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   76
Омбы қар — ат бауырлайтын қалың қар.
Сонар қар — алғаш жауған қалың қар.
Сүрі қар — ерте түсіп ерімей, қыс бойы қалыңдаған, тозаң топырақ сіңіп беті күлгін тарт-қан нығыз қар.
Сіреу қар — ұзақ мезгіл мызғымай жатқан аяқ бастырмас, көлік жүрісіне бөгеу қатты қа-лың қар.
Ұлпа қар — түйіршіктері үлбіреген жеңіл үлпек қар.
Үйме қар — боранды жел сырғытып, бір жерге тау-төбе үйілген қар.
Үрме қар — жел үрлеп, жиынтықтаған тығыз қар.

17 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Қазақтардың тұрмыс-тіршілігіне орай тойланатын тойлар

Сабақтың мақсаты: Ұлттық мейрамдар туралы түсінік беру,кеңестік дәуірде тойланған мерекелер туралы тайтып өту.

Адам баласының тіршіліктегі негізгі мақсаты тек еңбек етіп, өмірге қажетті материал-дық байлықты жасап, отбасын құрып, ұрпақ өсірумен шектелмейді. Олар қоғам құрып, өзінің мәдениетін, өнерін, салт-дәстүрін дамытып, ұлт болып қалыптасады.Егер де жеке адамның өмірі табиғаттың заңы бойынша шектеулі болса, ұлттың өмірі қаншалықты ұзақ болуы, сол ұлтты құрайтын адамдардың өмір сүре білу қабілетіне байланысты. Ал, ұлт болу үшін оның – тілі, діні, салт-дәстүрі, мәдениеті, өнері болуға тиіс. Сол ұлттың осын-дай басты белгілері сақталып,әрі қарай дамитын болса,оның ұлттық санасы қалыптасып, ол өзінің ұлттық мемлекетін құруға негіз болады.Осындай ұзақ мерзімді даму процесінде әрбір ұлттың басынан өткерген елеулі тарихи уақиғалар, оның өмір салтына байланысты қалыптасқан салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ырым-жоралар ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, ол сол ұлттың әр кез есіне алып, атап өтіп отыратын ұлттық мейрамына айналады.

Қазақ халқының да тарихи даму барысында қалыптасқан өзіне тән ұлттық мейрамдары болды. Ол мейрамдар қазақ халқының көшпенді өмір салтына байланысты табиғаттың маусымдық төрт мезгіліне тура келеді. Себебі қазақтар негізінен көшпенді мал шаруашы-лығымен айналысқандықтан, олардың күнделікті тұрмыс-тіршілігі табиғатқа өте жақын болды. Сол себепті қазақтар ауа-райының қолайлығына байланысты өздерінің ұлттық мейрамдарын атап өтіп, онда түрлі ұлттық өнерлерін көрсетіп,ұлттық ойындарын өткізіп отырды.Атап айтқанда ол мейрамдар – Наурыз, Қымызмұрындық,Мизам, Соғымбасы деп аталды.

Әрине бұл мейрамдарды барлық жерде өз дәрежесінде, кеңінен өткізіп отырды деуге болмайды. Жиырмасыншы ғасырдың басында Кеңес үкіметі аз халықтардың ұлттық санасын жойып, оларды орыс мәдениетіне өткізу үшін әртүрлі сылтаулармен олардың ұлттық мейрамдарын атап өтуге, ұлттық ойындарын ойнауға тыйым салды. Соның салдарынан Кеңес заманында қазақтар өздерінің ұлттық мейрамдарын ұмытқан болатын.

Оның орнына коммунистік идеологияны халықтың санасына сіңіру үшін Ұлы Окябрь,Бірінші май, Жеңіс күні, Конституция күні, Халықаралық әйелдер күні сияқты мейрамдарды кеңінен тойлап отырды. Оған қоса түрлі мамандыққа байланысты еңбек мейрамдарын атап өтуі дәстүрге айналды. Мысалы, шахтерлер күні, металлургтар күні, шабандар күні, диханшылар күні, медицина күні т.б.с.с.

Адам баласы қауымдасып өмір сүруі үшін қоғам құрғаннан бергі уақыт ішінде өзінің тәжрибесімен жиған білімі, еңбек ету дағдысы, мінез-құлық ережесі, рухани және материалдық құндылықтары бір ұрпақтан екінші ұрпаққа, ұжымнан жеке адамға жүйелі түрде беріліп отырды. Тарихи даму барысында осы әлеуметтік тәжрибені қалай қалыптастырып,сақтау жөніндегі әдіс–тәсілдер өмірге келді. Оны қазақтар салт-дәстүр деп атаған. Салт-дәстүрдің негізгі мақсаты, сол өткен ұрпақтардан қалған өмір сүру тәсілін, олардың ой – арманы мен іс-әрекеттерін жаңа ұрпақ жетілдіріп өзінің күнделікті өмір салтында іске асырып отырулары керек. Біз дәстүр деп өткеннен қалған рухани және материалдық мұраларды айтамыз.

Бұрын қазақ халқы өзінің хандық мемлекетін құрғанда олардың қазіргідей заң шығаратын парламенті немесе жазылған заң ережелері болған жоқ,бірақ та сол кездегі адамдардың діни нанымына, ар-ұятына бағытталынған салт-дәстүрдің арқасында қоғамда тәртіп орнап,адамдар өзара түсінушілікте өмір сүрді. Сол себепті қазірде де ата-бабамыздан қалған ұлттық салт-дәстүрімізді күнделікті өмір салтымызда кеңінен қолданып отырсақ, ол біздің рухани мәдениетіміздің сарқылмас көзі болары хақ.

Біз халқымыздың салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ырым-жораларын сараптап, ой елегінен өткізу арқылы, ата-бабаларымыздың өмірге көзқарасын, дүниетанымын,наным-сенімін, тыныс-тіршілігін көреміз және келер ұрпағына қандай үлгі-өнеге,ақыл-өсиет, асыл мұралар қалдырғанын білеміз. Келер ұрпақтың міндеті,сол ата-бабасынан қалған алтын қазынаны жетілдіріп, дамытып, күнделікті өмір салтында қолданысқа енгізу.Тек сондай жағдайда ғана ұлтымыздың рухани мәдениетін сақтап, оны әрі қарай жетілдіре аламыз. Егер де біз ұлт ретінде тарихи қалыптасқан төл мәдениетімізді күнделікті тұрмыста кеңінен пайдалансақ, бұл біздің ұлттық санамыздың қалыптасуына оң әсер етіп, жас ұрпақтың дүниетанымының,өмірге көзқарасының, мінез-құлқының дұрыс дамуына себебін тигізеді.

Қазақстан тәуелсіздік алып, өз алдына мемлекет болғаннан кейін өзінің мемлекеттік және ұлттық мейрамдарын белгілеп, оны атап өте бастады. Соның ішінде 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні, 25 қазан -Республика күні, 30 тамыз Конституция күні, 1 мамыр Ұлтаралық достастық күні, 9 мамыр – Жеңіс күні, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні, 21 наурыз қазақша жыл басы, 1 қаңтар християндық жаңа жыл. Осы айтылғандардан көріп отырғанымыздай Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін де, мейрам-мерекелерге кенде емес екен. Бірақ осы мейрамдар қазақтардың ұлттық санасын қалыптастырудағы рөлі қандай деген ой келеді. Бұл мейрамдардың ішінде 16 желтоқсан, 25 қазан, 30 тамыз мемлекеттік ресми мейрамдар ретінде өтілсе, ал 1, 9 мамыр, 8 наурыз, 1 қаңтар бұл Кеңес дәуірінен мұраға қалған мейрамдар, сонда ұлт-тық мейрам ретінде тек 21 наурыз қалады екен.

Өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдары Наурыз мейрамын Кеңес үкіметі орнағаннан кейін діни мейрам деп, оны атап өтуге тыйым салған болатын. Бұл мейрам Қазақстанда сексенінші жылдардың соңында Кеңес үкіметі әлсіреп құлауға таяған кезде, оны атап өтуге рұқсат етілді. Бірақ та ондаған жылдар бойы тойланбағандықтан ол халықтың жадынан шығып, кейбір нышандары ұмыт болған еді.

Қазіргі кезде Наурыз мейрамы ресми түрде жыл сайын атап өтілгенмен, бұрынғыдай шын мәнісіндегі халықтың ұлттық мейрамы болмай тұр. Көбіне 21 наурыз қаланың орталық алаңында концерт қоюмен шектеледі және әр ұжым бір ай бойы қай күні өткізгісі келсе,сол күні өткізіп,ол мейрамның маңызын төмендетіп жіберді.

Мысалы, Наурыз мейрамында атап өткерілетін іс-шаралар мен 1-ші қаңтарда жаңа жылды қарсы алудағы іс-шараларды салыстырып көрсек,екеуінің арасы жер мен көктей. Жаңа жылға бір ай бұрын қамданып, онда түрлі ойын-сауықтар, християндық әдет-ғұрып, ырым-жоралар кеңінен атап өтіледі.

Бізде қазір батыстың мәдениетіне еліктеудің шектен шыққаны соншалықты, өзіміздің ұлттық дәстүрімізге еш қатысы жоқ “Қасиетті Валентина“ күні деген батыстың діни ме-рекесін мектеп оқушыла-рынан бастап, бүкіл жастар жылма-жыл кеңінен атап өтетін болып алды.Егер де жастарымыздың санасы осылай батыстың мәдениетіне ауа беретін болса, өзіміздің ұлттық мәдениетіміз ұмыт болып, қазақ халқы өзінің ұлттық рухынан айырылып қалу қаупі бар. Сол себепті біз қазірден бұрынғы ұлттық дәстүрлі мәдениеті-мізді қайта жаңғыртып, оған уақыт талабына сай жаңалықтар енгізіп, күнделікті өмір сал-тымызда кеңінен қолдана білуіміз керек.

Ұлттық мейрамдардың ішінде мұсылманша жылдың басы болып саналатын Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы. Наурыз мейрамы 21-ші Наурыз күні, яғни жазғытұрғы күн мен түннің теңелген уақытына тұспа-тұс келеді. Наурыз айы көктем айы болып есептел-генімен, ол кезде Қазақстанның әр аймағында ауа-райы әр түрлі болады.

Егер де оңтүстік аймақтарда қар кетіп, жер көктеп, күн жылынып, жазғытұрғы мезгіл то-лық күшіне енсе, солтүстік аймақтарда қар жатады және қыстың ызғары әлі кетпеген уа-қыт.

Қазақтың ұлттық мейрамдарының ішінде көктемгі Наурыз мейрамынан кейін келетін “Қымыз мұрындық“.Бұл мейрам жаздың ортасында, күннің әбден ұзарып, түннің қысқар-ған мезгілі – Маусым айының 21-ші күні болады. Осы кезде малшылардың қысқы қыс-тауынан жазғы жайлауына көшіп, қой қырқылып, түйе жүнделіп, жылқы күзеліп болатын кезі. Төлдің бәрі аяқтанып, бағлан пісіп, бие байлап қымыз ашытып, ала қыстай бытырап шаруа соңында жүрген жұрт жайлауда киіз үй тігіп, ойын-сауық өткізіп көңіл көтеріп бір жасап қалды. Қан жайлауда бас қосқан халық қыз айттырып, құда түсіп, сүндет той, бесік той жасап,қазақтың әдет-ғұрпын,ырым-жораларын осы тойда кеңінен атап өтеді.Қымыз мұрындықтың қысқа түнінде боз балалар мен бойжеткендер таңға дейін алтыбақан теуіп, ақ-сүйек ойнап, қызойнаққа барып, жұмбақ жасырып, жасырынбақ ойнап, өлең айтып, ән шырқап көңіл көтереді.

Қазақтың өмір салтында бар,бірақ та онша еленіп тойлана бермейтін мейрам, ол “Мизам“ мерекесі. Бұл мейрам күзде күн мен түннің теңелген кезінде, яғни қыркүйек айының 21-ші күніне тура келеді. Бұл уақытта күннің жазғы қапырық ыстығы басылып, ауа-райы салқындай бастайды. Бұл мал семіріп, егін орылып, шөп шабылып, шаруаның бір ыңғай-ға келетін кез.

Ертеде қазақтың халықты көп жинап ойын-той өкізетін уақыты осы мизам мейрамына тұспа-тұс келетін. Ол кезде қазақта халқына еңбегі сіңген тарихи тұлғаларға арнап ас бе-ретін дәстүрі болған. Оған алыс-жақын жерлерден алты алаштың азаматтарын шақырып, онда – Ақындар айтысын, Аламан бәйге, Көкпар тарту, Қыз қуу, Балуандар күресі сияқ-ты түрлі ойындар өткізген.

Мизам мейрамынан кейінгі, желтоқсан айының соңына таман келетін мейрам “Соғымба-сы” деп аталады.Бұл 21-ші желтоқсан күні түн ұзарып,күн қысқарып,малшылардың қыс-қы қыстауына жайғасқан мезгілі. Қазақтар осы кезде күз бойы арнайы семірткен малын суық түсе соғымға сойған. Ауыл адамдары “соғым – ел асы”деген салтпен бірін-бірі қо-наққа шақырып, ұзақ түнді қысқарту мақсатында ақындарды айтыстырып, күйшілерге домбыра тартқызып, жыршыларға жыр, термешілерге терме, әншілерге ән айттырып ду-ман құрған.

Бұрынғы қазақтардың көңіл көтеріп, сауық-сайран салатын уақыты алғашқы қар жауған-нан кейінгі бүркітпен, тазымен, жүйрік атпен аңға шығатын кезі. Бұл мезгілді қазақтар “Қансонар” деп атаған және жаңа жауған қардың үстіндегі аңның ізімен соңына түскен аңын тауып, оған бүркіт салып немесе тазы жүгіртіп аң аулаған.

Егер де біз бұрынғы қазақтың ұлттық мейрамдары болып саналатын “Наурыз“, “Қымыз-мұрындық“, “Мизам“, “Соғымбасы“ сияқты мейрамдарын жылдың әр маусымында уақы-тында ұйымдастырып, кеңінен атап өтіп отырсақ, ұлттық рухани мәдениетіміздің қалып-тасып, оның әрі қарай дамитынына сенім мол.

Ұлттық сананы қалыптастыруда, ұлттық мейрамдар мен ұлттық ойындардың алатын ор-ны ерекше. Сол себепті жоғарыда аталған ұлттық мейрамдарымызды дамытып,онда—ұлттық өнерімізді,ұлттық ойындарымызды, ұлттық фольклорымызды кеңінен насихаттау уақыт талабы.

Мұны іске асырудың бірден-бір дұрыс жолы, қазақтың ұлттық мейрамдарын қайта жан-дандырып, оны өмір салтымызға батыл ендіру.Егер де біз осы шараларды қолға алып, оны өмірде іске асыруға ұмтылыс жасасақ, болашақта ұлтымыздың рухани мәдениеті сақталып, оның әрі қарай дамитынына ешқандай күмән жоқ.


Скачать 322.22 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   76

Похожие:

8-сынып (факультативтік курс бағдарламасы) icon2-3 І тарау. Бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастыру негізі
Оқушылардың ғылыми көзқарастарын қалыптастыру
8-сынып (факультативтік курс бағдарламасы) iconКонтрольное задание №1
В результате обучения борец должен уметь: определять цели борьбы; намечать правильный курс действий; реализовать выработанный курс...
8-сынып (факультативтік курс бағдарламасы) iconКурс лекций часть для студентов курса очной формы обучения специальности
Курс лекций по дисциплине пд. 01 Математика: алгебра и начала математического анализа; геометрия Часть 2[Текст] / О. А. Волкодамова,...
8-сынып (факультативтік курс бағдарламасы) iconҚаржы және бухгалтерлік есеп бағдарламасы «бекітемін» Мемлекеттік басқару және экономика жоғары мектебінің оқу және ғылым
Силлабус «Қаржы және бухгалтерлік есеп» бағдарламасының
8-сынып (факультативтік курс бағдарламасы) icon3 курс «Технология транспортных процессов»

8-сынып (факультативтік курс бағдарламасы) iconОсновы экономики. Курс лекций для учащихся

8-сынып (факультативтік курс бағдарламасы) iconОтчет по практике Студент Курс II группа 220 К
Специальность
8-сынып (факультативтік курс бағдарламасы) iconВакансии для студентов с 1-3 курс
Перспективы карьерного роста возможны после успешного прохождения практики/стажировки
8-сынып (факультативтік курс бағдарламасы) iconРеферат тема: Техногенные чс. 4 курс, группа 15303,15304
Охватывает территорию двух субъектов РФ или выходит за их пределы
8-сынып (факультативтік курс бағдарламасы) iconКурс лекций под редакцией профессора В. И. Шалупина для студентов всех специальностей дневного обучения Москва 2011





База данных защищена авторским правом ©refnew.ru 2020
обратиться к администрации

    Главная страница
Контрольная работа
Курсовая работа
Теоретические основы
Методические указания
Методические рекомендации
Лабораторная работа
Рабочая программа
Общая характеристика
Теоретические аспекты
Учебное пособие
Практическая работа
История развития
Пояснительная записка
Дипломная работа
Самостоятельная работа
Общие положения
Экономическая теория
Методическая разработка
Физическая культура
Методическое пособие
Исследовательская работа
Направление подготовки
Общая часть
Теоретическая часть
Общие сведения
Техническое задание
Общие вопросы
Образовательная программа
Управления государственных
Федеральное государственное
Экономическая безопасность
Конституционное право
реакция казахского
Основная часть
Организация работы
Техническое обслуживание
Российская академия
Понятие сущность
Усиление колониальной
прохождении производственной
Обеспечение безопасности
программное обеспечение
Выпускная квалификационная
квалификационная работа
муниципальное управление
Теория государства
Уголовное право
Математическое моделирование
Административное право
Название дисциплины
Земельное право