8-сынып (факультативтік курс бағдарламасы)



Скачать 322.22 Kb.
страница27/76
Дата27.04.2018
Размер322.22 Kb.
Название файлаҰлттық физика.docx
ТипБағдарламасы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   76
Қатпарлы бұлт — қалың қабатты қоңыр ала бұлт.

Қауырсын бұлт — тарам-тарам, жеділ бұлт.

Көшпелі бұлт — көкжиектен саумалай кетеріліп, тез кошкен бұлт.

Кілегей бұлт — жұқа, сирек бұлт.

Маса бұлты — желсіз, тымырсық түнгі тұнба бұлт.

Өркеш бұлт — түйе өркештенген ала бұлттар тізбегі.

Саума бұлт — үзіп-үзіп күні бойы жауар бұлт.

Сеңсең бұлт — қат-қабат жалбыр бұлты.

Сетінеуік бұлт — іргесі сөгіліп, ыдыраған бұлт.

Сұр бұлт — аспанды жаппай торлап, төрт-бес шақырым биіктікте жүретін тұнжыр бұлт.

Түйдек бұлт — үздік-үздік, бір-біріне ұласа көшкен бұлт.

Ұшпа бұлт — шоғырымен тіркесе көшетін жеңіл шұбарала бұлт.

Шағырмақ бұлт — күн қызуын бөгетсіз өткізетін селдір бұлт.

Шарбы бұлт — жер бетінен екі-үш шақырым биіктікте жүзген жұқалтаң бұлт.

Шөкпе бұлт — төмен қонған ауыр бұлт.

Жаңбыр — бұлттан бөлініп, жерге түсетін атмосфералық су тамшылары, тосап.

Ақ жаңбыр — бірқалыпта толассыз ұзақ жауатын жаңбыр.

Боз жаңбыр — жаңбырдың баяу, сілбірегі жауатын түрі.

Бұршақ — мұз күйінде түсетін кішкене домалақ түйіршік, атмосфералық жауын-шашын.

Бұршақ жаңбыр — атмосфералық су тамшыларының салқындықтан кішігірім бұршаққа айналып жаууы.

Былғары бүрку — атмосфералық тосаптың тамшыламай бүркуі.

Қара жаңбыр — күзгі қалың жаңбыр.

Қарлы жаңбыр — ерте көктемдегі және күздегі қар аралас жауын.

Мұзақ — жаңбыр тамшыларының жерге мұз болып түсуі.

Нөсер — төгіп-төгіп жауып, тез аяқталатын будақ жаңбыр.

Өткінші жаңбыр — аспан күмбезі көшпелі ала бұлттанып, тез жауып өтетін жаңбыр.

Соқыр жауын — күн кезі шығып тұрғанда жауатын ұсақ тамшылы өткінші жаңбыр.

Сылбыр жаңбыр — желсіз күнгі жай жаңбыр.

Сіркіреу — ете баяу себезгілеп жауу.

Сірлету — жаңбырдың бүркуден, сіркіреуден мол, нөсерден саябыр жаууы.

Себездеу — жайлап бүрку, баяулап жауу.

Сілбілеу — жаңбырдың жайлап ұзақ жаууы.

Сел — қар мен мұздың еруінен немесе қатты нөсердің салдарынан болатын су тасқыны.

Сіркіреме — ете ұсақ тамшы түрінде түсетін майда жауын.

Шық — суық түндерде және таңертең топырақ бетіне не шөп басына тұрып қалатың мөлдіреген тамшы су, атмосфералық дымқыл.

Кемпірқосақ — жаңбырдан кейін аспан күмбезінде түрлі-түсті доға түрінде көрінетін жолақ, атмосферадағы оптикалық құбылыс.

Қос кемпірқосақ — Күн сәулесі жаңбыр тамшысына белгілі бір бұрыш жасай түсіп, оның ішінде екі рет шағылысуы нәтижесінде қабаттас түскен екінші кемпірқосақ.

Ай кемпірқосақ — түнгі ай сәулесінің осындай әсерінен пайда бодған кемпірқосақ.

Ошаған — кемпірқосақтың күне атауы.

Найзағай — будақ жаңбыр бұлттарынан не қатпарлы жаңбыр бұлттарынан дауыл кезінде пайда болатын аса күшті электр ұшқындары.

Күркір — бұлтты күндері найзагай жарқылдағанда пайда болатын жаңғырыққан қатты дыбыс.

Жел — атмосфера қабатында қысымнын бірқалыпты тарамауынан пайда болатын, кейде қатты, кейде баяу соғатын ауа ағымы.

Ақ боран — алай-түлей түтеген боран.

Ала қаншық — бір бәсендеп, бір ұйытқыған боран.

Ала құйын — астаң-кестең ұйытқыған боран.

Ақ құйын — қар, шаң боратып қатты соққан құйын.

Азынау жел — гуілдеп соққап аңқыма жел.

Аңызақ жел — жазғытүрғы тым жылы әрі құрғақ жел.

Алтын күрек — оңтүстіктен үзбей соғып, қыстын соңғы қарын күрт ерітетін жылы жел.

Баяу жел — лебі бәсең жел.

Боранды жел — қарды бұрқыратып ұйытқып соғатын ысқырық жел.

Борасын — қиыршықтап борайтын сырғыма боран.

Бұрқан — долданып, аласұрып өршеленген боран, жел.

Бұрқасын, бұрқақ — жерге түскен қарды суырып соғар бәсең жел.

Дауыл — шаңдатқан, борандатқан, алай-дүлей осқырған жел.

Жайдақ жел — жауынсыз, шаңсыз баяу соғатын жел.

Жатаған жел — төмен, жер бауырлап ескен жел.

Жаяу боран — жаңа түскен үлпек қарды жер бетінен не қатқан қар үстінен үрген еспе боран. «Ақбасқын» деп те аталады.

Жаяу борасын — жаяу бораннан ақырынырақ соғатын жел.

Жаяу бұрқасын — бәсең боран.

Желең жел — сәл-пәл соғатын жел.

Желемік жел — әлсіз жел.

Желкем — желтең жел.

Желорай — ашық есік, терезеден енген суық ауаның белмедегі жылы ауамен тоғысуы.

Жеңіл жел — солғын жел.

Жоғары жел — биіктен үйірілген жел.

Ебі жел — дауылды жел.

Ескек жел — есе соққан жел.

Еспе жел — желпінді екпек жел.

Заулама жел — іркілмей соғатын екпінді жел.

Керімсал жел — шілдеде оңтүстіктен соғатын аңызақ жел.

Көк дауыл — аязды қарлы боран.

Көлденең жел — кесе, көлбеу жел.

Қайтыс жел — қарқыны басылған жел.

Қара боран — түтеген қарлы боран.

Қара дауыл — шаң топырақ көтерген сойқанды жел.

Қара жел — бұлтты күнгі ызғарлы жел.

Қарыма жел — бет қаритын өткір жел.

Қара құйын — топырақ, құм боратқан жел.

Қарсы жел — жүріс бағытқа қарсы жел.

Қоңыр жел — майда, самал жел.

Қума жел — қуалай соғатын жел.

Құйын — үйіріле, ұйытқи соғатын, кейде шаң-тозанды көкке үйіріп соғатын екпінді жел.

Қызыл жел — аңызақ ыстық жел.

Майда жел — жұмсақ самал.

Мырза жел — жанға жайлы қоңыр жел.

Өкпек жел — көбіне көктемде соғатын ызғырық жел.

Өксік жел — ышқынған қатты жел.

Өтпе жел — бір бөлменің қарсы қабырғаларындағы ашық терезелерден ерсілі-қарсылы ескен жел.

Сақаусыраған жел — қарқыны бәсендеген жел.

Салқын жел — ызғарлы күзгі жел.

Самал жел — қоңыр салқын майда жел.

Сары жел — тынымсыз соққан жел.

Саумал жел — айналып соққан қайталама жел.

Сырма — сусымалы бұрқақ.

Тас боран — тас, топырақ суырып соққан қаһарлы жел.

Тау желі — тау аңғарынан ескен жел.

Тентек жел — ала құйын есер жел.

Теңіз желі — теңізден ескен жел.

Теріскей жел — терістіктен ескен салқын жел.

Толағай — толассыз соққан жел.

Түтек — алай-түлей боран.

Ұйытқыма боран - ұйытқи соққан қарлы боран.

Үрме жел - екпіні бір басылып, бір көтеріліп соғар жел.

Үскірік жел — күзгі, қысқы құрғақ суық жел.

Уіл - желдің, самалдың ақырын дыбыс шығарып соғуы.

Ызғырық жел — өңменнен өтер ызғарлы жел.

Ықтырма жел — адамды, малды ықтырып, бет қаратпайтын суық жел.

Ыстық жел — от лепті аптап жел.


Скачать 322.22 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   76

Похожие:

8-сынып (факультативтік курс бағдарламасы) icon2-3 І тарау. Бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастыру негізі
Оқушылардың ғылыми көзқарастарын қалыптастыру
8-сынып (факультативтік курс бағдарламасы) iconКонтрольное задание №1
В результате обучения борец должен уметь: определять цели борьбы; намечать правильный курс действий; реализовать выработанный курс...
8-сынып (факультативтік курс бағдарламасы) iconКурс лекций часть для студентов курса очной формы обучения специальности
Курс лекций по дисциплине пд. 01 Математика: алгебра и начала математического анализа; геометрия Часть 2[Текст] / О. А. Волкодамова,...
8-сынып (факультативтік курс бағдарламасы) iconҚаржы және бухгалтерлік есеп бағдарламасы «бекітемін» Мемлекеттік басқару және экономика жоғары мектебінің оқу және ғылым
Силлабус «Қаржы және бухгалтерлік есеп» бағдарламасының
8-сынып (факультативтік курс бағдарламасы) icon3 курс «Технология транспортных процессов»

8-сынып (факультативтік курс бағдарламасы) iconОсновы экономики. Курс лекций для учащихся

8-сынып (факультативтік курс бағдарламасы) iconОтчет по практике Студент Курс II группа 220 К
Специальность
8-сынып (факультативтік курс бағдарламасы) iconВакансии для студентов с 1-3 курс
Перспективы карьерного роста возможны после успешного прохождения практики/стажировки
8-сынып (факультативтік курс бағдарламасы) iconРеферат тема: Техногенные чс. 4 курс, группа 15303,15304
Охватывает территорию двух субъектов РФ или выходит за их пределы
8-сынып (факультативтік курс бағдарламасы) iconКурс лекций под редакцией профессора В. И. Шалупина для студентов всех специальностей дневного обучения Москва 2011





База данных защищена авторским правом ©refnew.ru 2020
обратиться к администрации

    Главная страница
Контрольная работа
Курсовая работа
Теоретические основы
Методические указания
Методические рекомендации
Лабораторная работа
Рабочая программа
Общая характеристика
Теоретические аспекты
Учебное пособие
Практическая работа
История развития
Пояснительная записка
Дипломная работа
Самостоятельная работа
Общие положения
Экономическая теория
Методическая разработка
Физическая культура
Методическое пособие
Исследовательская работа
Направление подготовки
Общая часть
Теоретическая часть
Общие сведения
Техническое задание
Общие вопросы
Образовательная программа
Управления государственных
Федеральное государственное
Экономическая безопасность
Конституционное право
реакция казахского
Основная часть
Организация работы
Техническое обслуживание
Российская академия
Понятие сущность
Усиление колониальной
прохождении производственной
Обеспечение безопасности
программное обеспечение
Выпускная квалификационная
квалификационная работа
муниципальное управление
Теория государства
Уголовное право
Математическое моделирование
Административное право
Название дисциплины
Земельное право