8-сынып (факультативтік курс бағдарламасы)


Жиырмасыншы ғасырдағы мүшел жылдар



Скачать 322.22 Kb.
страница25/76
Дата27.04.2018
Размер322.22 Kb.
Название файлаҰлттық физика.docx
ТипБағдарламасы
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   76
Жиырмасыншы ғасырдағы мүшел жылдар

 


Тышқан

1900

1912

1924

1936

1948

1960

1972

1984

1996

2008

Сиыр

1901

1913

1925

1937

1949

1961

1973

1985

1997

2009

Барыс

1902

1914

1926

1938

1950

1962

1974

1986

1998

2010

Қоян

1903

1915

1927

1939

1951

1963

1975

1987

1999

2011

Ұлу

1904

1916

1928

1940

1952

1964

1976

1988

2000

2012

Жылан

1905

1917

1929

1941

1953

1965

1977

1989

2001

2013

Жылқы

1906

1918

1930

1942

1954

1966

1978

1990

2002

2014

Қой

1907

1919

1931

1943

1955

1967

1979

1991

2003

2015

Мешiн

1908

1920

1932

1944

1956

1968

1980

1992

2004

2016

Тауық

1909

1921

1933

1945

1957

1969

1981

1993

2005

2017

Ит

1910

1922

1934

1946

1958

1970

1982

1994

2006

2018

Доңыз

1911

1923

1935

1947

1959

1971

1983

1995

2007

2019

Бұл кездерде адам жасы "дөңгелек сандар" – 50,60,70, 80-ге жеткенде мүшел той, (сан-дық мөлшерi мүшелге сәйкеспесе де) атанып мерекеленiп жүр. Ел егемендiк алып, ұмыт-тырылған әдет-ғұрып қалпына келгенде, мүшел жасты құр "дөңгелек сандарға" ұштас-тырмай, қазақтың жыл қайыру мүшелi 37,49, 61, 73... жастарға байланыстырып тойлау жөн сияқты. Халықтың қайран 25 деп аңсайтын, ұлуғұлайтын жасының өзi осы екiншi мүшел емес пе?



14 сабақ

Сабақтың тақырыбы: «Тоғыс есебі»

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға «Тоғыс есебі» туралы тереңірек мағлұмат беру.

«Тоғыс есебі» ерекше маңызды. Тоғыс есебі – шаруа жайымен, мал шаруашылығымен шұғылданып өмір кешкен байырғы қазақ халқының үркер қозғалысына негізделген күнтізбесі.Тоғыс есебін жүйрік білетін есепшілер мен көкірегі дана қариялар азайып кетсе де,ескі сүрлеумен із шолуға ниет еттік.Айдың үркерді басып өтуі – тоғыс деп аталады. Дәл тоғыс кезінде үркер айдың арғы жағында тасада қалады да, жердегі адамдарға көрінбейді. Ай жылжып өткен соң тоғыс аяқталып, үркер көрінеді.Ай толған кезде ауа райы бұзылып, өзгеріс болады.Тоғыс үш күнге жалғасады. Алғашқы күні тоғаяды. Келесі күні ауыл үй қонады. Үшінші күні өтіп шығады.

Бір тоғыстан екінші тоғысқа дейінгі мерзімді тоғыс айы деп атайды. Үркіп үйірінен бөлінген малға ұқсатып үркер деп атаған. Үркер күн мен айдың орбитасына жақын болғандықтан, оған қатысты күн мен айдың орналасуына қарап жыл мезгілін, айдың қай тоғыс екендігін анықтап отырған. Күнтізбесін үркердің қозғалысына негізделген көшпелі халық шаруашылығын, науқанды жұмыстарын да тоғыс есебіне сәйкестендірген.

Үркерге қарап қыс пен жаздың басын анықтаған. Халық «Үркер шаңырақтан көрінсе, үш ай тоқсан қысың бар, ел жатқанша үркер жамбасқа келсе, жаз шықпағанда несі бар» деп тәмсілдеген. Күз басында үркер іңірде күншығыстан, қыс басында іңірде төбеден, көктем басында іңірде күн батыстан көрінеді. Ал жазда үркер түнде көрінбейді.


Тоғыс айының ұзақтығын ғылымда 27 күн, 7 сағат, 43 минут деп есептейді. Мұны жуық шамамен 28 күнмен есептейміз. Бір жылда 13 тоғыс айы бар немесе ай мен үркер бір жылда 13 рет тоғысады.Жаз басында үркер аспан сферасының екінші жартысында көк-жиектен төмен кетеді де,жер шарының солтүстік жартысындағы елдерге 40 күн көрінбей-ді. Қазақ мұны үркер 40 күн жерде жатады деп айтады. Сол 40 күнде екі рет тоғысуға тиіс. Бірақ біз көре алмаймыз, тек он бір тоғысты ғана көре аламыз.

13 тоғысты 28 күнмен көбейткенде 364 күн болады. Бұл – мизамша санаудан бір-екі күн кем деген сөз. Бұл күндер жыл аяғында тоғыстан тыс қосылып отырады. Тоғыс есебі бойынша, жыл басы – бір тоғыс ай. Ол әрдайым мамыр айына сәйкес келеді. Бұрын жыл басын мамыр айынан есептеген. Бұл айда құстар келіп болады. «Жыл құсы» деген атау осыған байланысты.

Сонан соң 25,23,21,19,17,15,13,11,9,7,5,3 тоғыс айлары келеді. Ең ақырғы тоғыс – 3 тоғыс айы. Тоғыс үнемі тақ санға келе бермейді. 4,6,8 тоғыс та болуы мүмкін. Қалыптасқан дәстүр бойынша оны тақ санға сәйкестендіріп айта береді.

Тоғыс есебі ежелгі түркі және үнді халықтарына белгілі болған. Мәселен, қазақтар, қырғыздар, хакастар, алтайлықтар, тувалар қолданған. Тоғыс айларының әдеттегі айлармен сәйкестігі төмендегідей болып келеді.

23 тоғыс – Шілде 21 тоғыс – Тамыз 19 тоғыс – Мизам 17 тоғыс – Қазан
15 тоғыс – Қараша 13 тоғыс – Желді 11 тоғыс – Қаңтар 9 тоғыс – Үштің айы
7 тоғыс – Бірдің айы 5 тоғыс – Көкек 3 тоғыс – Мамыр 1 тоғыс –Маусым

Көшпелі қазақ халқы күйек алу, бие байлау, мал төлдету, көшіп-қону сияқты шаруа нау-қандарын тоғысқа үйлестіріп ұйымдастырып отырған. Моңғолиядағы қазақтар тоғыс есе-бін бүгінге дейін қолданып келеді. Алайда тоғыс есебін дұрыс болжайтын көнекөз қария-лар азайғандықтан, ағаттық орын теуіп, әр жерде әртүрлі есептеу кездесіп жүр. Бұл – ор-тақ нақтылы күнтізбенің болмауына байланысты.

Тоғыс есебімен тығыз байланысты есептің бірі – амалдар.Амал – кейбір айларда 5-10 күнге, кейде бірнеше аптаға созылатын ауа райының қолайсыз кезі немесе айдың қолай-сыз бөлігі. Амал байырғы қазақ күнтізбесінде наурызға сәйкес келетін ай атына байла-нысты шыққан.
Зодиактың тоқты деп аталатын шоқжұлдызын арабтар Әл-Хамал деп атаған. Амал атауы осыған байланысты шыққан тәрізді. Амалда ауа райы бұзылып, адамға да, малға да жай-сыз болып,қара суық,ызғырық жел не жауын-шашын, қар жауады. Амалда тиянақты ас-трономиялық не метрологиялық заңдылық болғанымен, жыл сайын дәл сол мерзімде ауа райында өзгеріс болатындығы – өмір шындығы.

Моңғолия қазақтары амалды былайша есептеп, шаруашылығын осыған үйлестіріп кел-ген.

Тоқырауын амалы – қаңтардың жиырмасында кіріп,жиырма бесінде шығады. Бұл – күн тоқтаған кезге байланысты келетін амал.
 Ақпан амалы – Үттің айының онында жүріп, он бесінде шығады. Халық аңызында Ақ-пан-Тоқпан есімді ағайынды екі жігіт кезекпен қой бағады екен. Ақпан қой жайған күні ауа райы кенеттен бұзылып, қоймен бірге далада үсіп өлген. Сол қыс жұтқа айналып, со-дан ақпан амалы қалған дейді.

Үт амалы – үт айының жиырмасында кіріп, жиырма бесінде шығады. Арпа- бидай сат-қан сарт елден жиған-терген малын айдап бара жатып, жолда қырылған, жазғытұрым құрттағанда табылған. Сарттар күзгі берген егінінің борышын жинап, жаңа егін қамына кірісетін кез болса керек.

Наурыз амалы – бірдің айының онында кіріп, он бесінде шығады.

Әз амалы – бірдің айының жиырмасында кіріп, жиырма бесінде шығады. Әзді ақ сақал-ды үлкен қария адамның бейнесімен бейнелеп түсінеді. «Әз болмай, жаз болмас, жаз бол-май, мәз болмас» деген сөз қалған.

Отамалы – көкектің онында кіріп, он бесінде шығады. Сіріңке жоқ заманда көрші ауыл-дан от алуға барған әйел қайтып үйіне жеткенше бұрқақта адасып, үсіп өледі. Осыдан отамалы атанған. «Отамалы – оңына бақса от алғанша, терісіне бақса оталғанша» деген тәмсіл сөз бар.

Сәуір амалы – мамыр айының онында кіреді. Кейбір жылы сәуірде ауа райы бұзылып, 40 күнге жалғасады. Қариялар сәуір амалы кіргенде бұлтты бақылайды. Бұлт төніп, ыды-рамаса,сәуірдің бұлты қалып қойды дейді. Ол жылы сәуір амалы ұзаққа созылып, бұлт төніп, мұз жауады. Сондықтан «сәуір болмай, тәуір болмас» деген тәмсіл айтады.

Саратан-Зауза амалы – маусымның онында кіріп, он бесінде шығады.Сары атан түйеге мінген Зауза атты қыз Құрбан айтта қыдырып, жолда үсіп өлген дейді. Содан Саратан-Зауза атанған. Амалдар жөнінде басқа қазақ жерлерінде әр түрлі болжамдар айтылуы мүмкін. Бұлардың сыртында «көкірек-шал», «құралайдың салқыны», «аласапыран», «бұлбұл торғай» сияқты амалдар айтылады. Наурыз айының (көкектің) жиырмасы кезін-де аласапыран деген амал кіреді.

Құралайдың салқыны – шамамен мамырдың жиырмасында болады. Бұл – аң төлдейтін мезгіл.Сол кезде тау басына бұлт төніп, аспан бұзылады. Аң солай өрлеп бұлтпен тасала-нып төлдейді. Амал бір-неше күнге жалғасады.Киіктердің құралайы аяқтанады. Амал аты осыған байланысты қойылған.

Бұлбұл торғай амалы жаз басында болады. Жаз торғайының келуіне байланысты болуы мүмкін.Тоғыс пен амалдарды есептеу Моңғолиядағы қазақтар ортасында да әлі толық, нақтылы емес.
Ал қазақша ай аттары Қазақстанда амал аттарымен ауыстырып қолданылып келеді. Біз-дің елдің ұғы-мынша, Ақпан, Наурыз, Сәуір деген ай емес, амал аттары. Моңғолия қазақ-тары Ақпанды – Үттің айы, Наурызды – Бірдің айы, Сәуірді – Көкек айы деп атайды.
Көне түркілерде жыл есебі реттік санмен айтылған.Кей айларды реттік санмен атау Қы-тай және Монғолия қазақтарында сақталған. Моңғолия қазақтары жыл он екі айды Қаң-тар,Үттің айы, Бірдің айы, Көкек,Мамыр,Маусым, Шілде, Тамыз, Мизам, Қазан, Қараша, Желді деп атайды.

Халық жыл маусымында күн мен түннің теңелуін, күннің ұзаруы мен қысқаруын мұқият қадағалап отырған. Бұл дәстүр әлі де жалғасын тауып келеді. Осыған байланысты халық арасында ертеден қалыптасқан тәмсіл сөздер сақталған. Мәселен, «Күн тоқырауда торғай адым, қаңтарда қарға адым ұзарады, шілдеде шіл адам қысқарады» деген сөз бар.

Үттің айы – күштің айы дейді. Бұл – аяз күшейетін ай. Бірдің айы – сүрінің айы дейді. Бұл – ет сүрленетін ай.

«Көкекте – көк ішек» деп тағы айтады.Көкекте көк шығып,малдың ішегі көгереді. «Мамырда – май ішек» дейді. Мамырда малдың ішегіне май жүгіретін ай деген сөз.


Скачать 322.22 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   76

Похожие:

8-сынып (факультативтік курс бағдарламасы) icon2-3 І тарау. Бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастыру негізі
Оқушылардың ғылыми көзқарастарын қалыптастыру
8-сынып (факультативтік курс бағдарламасы) iconКонтрольное задание №1
В результате обучения борец должен уметь: определять цели борьбы; намечать правильный курс действий; реализовать выработанный курс...
8-сынып (факультативтік курс бағдарламасы) iconКурс лекций часть для студентов курса очной формы обучения специальности
Курс лекций по дисциплине пд. 01 Математика: алгебра и начала математического анализа; геометрия Часть 2[Текст] / О. А. Волкодамова,...
8-сынып (факультативтік курс бағдарламасы) iconҚаржы және бухгалтерлік есеп бағдарламасы «бекітемін» Мемлекеттік басқару және экономика жоғары мектебінің оқу және ғылым
Силлабус «Қаржы және бухгалтерлік есеп» бағдарламасының
8-сынып (факультативтік курс бағдарламасы) icon3 курс «Технология транспортных процессов»

8-сынып (факультативтік курс бағдарламасы) iconОсновы экономики. Курс лекций для учащихся

8-сынып (факультативтік курс бағдарламасы) iconОтчет по практике Студент Курс II группа 220 К
Специальность
8-сынып (факультативтік курс бағдарламасы) iconВакансии для студентов с 1-3 курс
Перспективы карьерного роста возможны после успешного прохождения практики/стажировки
8-сынып (факультативтік курс бағдарламасы) iconРеферат тема: Техногенные чс. 4 курс, группа 15303,15304
Охватывает территорию двух субъектов РФ или выходит за их пределы
8-сынып (факультативтік курс бағдарламасы) iconКурс лекций под редакцией профессора В. И. Шалупина для студентов всех специальностей дневного обучения Москва 2011





База данных защищена авторским правом ©refnew.ru 2020
обратиться к администрации

    Главная страница
Контрольная работа
Курсовая работа
Теоретические основы
Методические указания
Методические рекомендации
Лабораторная работа
Рабочая программа
Общая характеристика
Теоретические аспекты
Учебное пособие
Практическая работа
История развития
Пояснительная записка
Дипломная работа
Самостоятельная работа
Общие положения
Экономическая теория
Методическая разработка
Физическая культура
Методическое пособие
Исследовательская работа
Направление подготовки
Общая часть
Теоретическая часть
Общие сведения
Техническое задание
Общие вопросы
Образовательная программа
Управления государственных
Федеральное государственное
Экономическая безопасность
Конституционное право
реакция казахского
Основная часть
Организация работы
Техническое обслуживание
Российская академия
Понятие сущность
Усиление колониальной
прохождении производственной
Обеспечение безопасности
программное обеспечение
Выпускная квалификационная
квалификационная работа
муниципальное управление
Теория государства
Уголовное право
Математическое моделирование
Административное право
Название дисциплины
Земельное право