Ескіше ай атаулары
№
|
Ай аттары
|
|
Қазақша
|
Арабша
|
1
|
Қаңтар
|
Дәлу
|
2
|
Ақпан
|
Хұт
|
3
|
Наурыз
|
Хамал
|
4
|
Сәуір
|
Сәуір
|
5
|
Мамыр
|
Зауза
|
6
|
Маусым
|
Сарыатан
|
7
|
Шілде
|
Асад
|
8
|
Тамыз
|
Сүмбіле
|
9
|
Қыркүйек
|
Мизам
|
10
|
Қазан
|
Ғақраб
|
11
|
Қараша
|
Қаус
|
12
|
Желтоқсан
|
Жәди
|
13 сабақ
Сабақтың тақырыбы: Мүшел күнтізбесі
Сабақтың мақсаты:Оқушыларға мүшел күнтізбесі туралы баяндау
Қазақтың ерте заманнан берi ақыт есебiн жүргiзуде қалыптасқан жүйелерiнiн бiрi – мү-шел.Мүшел жүйе негiзiне сандық рет алынбай,алты адал,алты арам яғни алты үй, алты түз хайуандары атымен аталатын жылдық күнтiзбесi қабылданған.Он екi мүшел жылды "иемденген" хайуандар легi тышқаннан басталып,сиыр,барыс,қоян,ұлу,жылан,жылқы,қой, мешiн,тауық,ит атауларымен жалғас-тырылып, доңызбен аяқталады.
Мүшел жүйесi өткен оқиғалар мезгiлiн анықтауға, адам жасын есептеуге, т.б. пайдала-нылған.Әр мүшел жылдары наурыз айының 22 жаңасынан басталып келер жылдың 21 наурызында тәмамдалады.
Адамның жас есебiн шығарғанда сәбидiң ана құрсағында өткiзген уақыт бiр жылға ба-ланып, оған мүшелдiң 12 жылы жалғастырыла қосылып,бiрiншi мүшел 13 жас деп есеп-теледi.Одан әрi әр он екi жыл бiр мүшелге баланып,адамның жас мөлшерiне сәйкес тө-мендегiше атау берiлген.
Бiрiншi – сәби, балалық мүшел 13 жас.
Екiншi – ер жету мүшелi 25 жас.
Үшiншi – жiгiттiк мүшел 37 жас.
Төртiншi – орта жас мүшелi 49 жас.
Бесiншi – ақсақалдық мүшел 61 жас.
Алтыншысы – қартаң тартқан мүшел 73 жас.
Жетiншi – кәрiлiк мүшел 85 жас, т.с.с.
Адам баласы туғаннан бастап, өсіп-жетілу кезеңінде қатерлі жылдар болатындығын ай-тып келеді. Оны мүшел жас деп атайды. Алғашқы мүшел 13 жас – бұл адамның балалық шақтан ересектік шаққа дейінгі кезеңі. Ол кезде ер балалардың дауыстары өзгеріп, қыз балалардың дене бітімі сүйкімді бола бастайды.13 жас кейбір нәзік балалар үшін қауіпті, өйткені баланың бойындағы өзгеріс кезеңі жәйімен өтсе қауіп жоқ, ал күрт өзгерсе, кей-бір балалар жүрек, жүйке ауруларына ұшырауы мүмкін деседі. Осындай мүшел есік қақ-қанда: «О, Құдірет, мені осы мүшелден қатерсіз өткізе гөр!» – деп Аллаға жалбарынатын.
25 жас – жігіттіктің алғашқы сатысы. Ол кезде ер жігіт бусанып, дене құрылысы өсіп, же-тіліп, күші тасып тұратын кез. Бұл мүшелде де садақа беріп, келесі мүшелге дейін аман-есен болайын деп ниет етеді.
37 жас – адам өміріндегі ең басты мүшел. Бұл мүшелде адам жігітшіліктен мосқалдау ке-зеңге өтіп, ақыл тоқтатып, дүниеге қызыға да, қызғана да қарайтын кез.
49 жас – бұл адамның даналыққа аяқ басатын кезеңі. Бұл мүшелде кейбіреуі немере сүйсе де, кәрілікке мойын бұрмай, «маған кәрілік келмесе екен, әлі де болса қартаймай ойнап-күліп қалайыншы» дейтін кезі.
61 жас – адамның даналығы артып, өзінен туған балаға сын көзбен қарап, басқан ізін аң-дып, жаман-жақсысын ажыратып, өзі де тәрбиеге келетін кезеңі.
73 жас – бұл кәріліктің мойынға мініп, аяғын тұсап,отырса тұруы,тұрса отыруы мұң, жат-са ұйқы жоқ,адамның діңкесі құрып,«айһай,жас кезім-ай» деп көкірегі қарс айырыла күр-сініп, дөңбекшіп барып ұйықтайтын кез.
85 жас – бұл мүшелде адамның айдай басы қатып,өзінен кейінгілермен бала құсап ұрсып, жеген тамағын жеген жоқпын деп, өкпелегіш болатын кез.Сол үшін де ел арасында «күл-сең кәріге күл»,бұл жасқа жеткен де бар, жетпеген де бар деседі.
Әр адам баласы мүшел жастан өткен сайын садақа беріп, жеті нан үлестіріп келеді.
Поделитесь с Вашими друзьями: |