12 сабақ
Сабақтың тақырыбы: Ай атаулары туралы
Сабақтың мақсаты: Ай атауларының атауларының аталуы туралы баяндау
Жыл – Жердің Күнді бір айналып шығуына кететін уақыт. Жай жылдары 365 тәуліктен, кібісе жыл-дары 366 тәуліктен тұрады. Бір жылда 12 ай бар.
Ай – жылдың бөлігі,уақыт өлшемі, ұзақтығы Айдың Жерді бір айналып шығатын мезгі-ліне тең. Ай-дың тынысы мен сипаты - өзіне тән ауа райы.
Бағзы заманнан әр жыл он екі айға таратылып,үш-үштен төрт маусымға жұптастрылған. Маусым атаулары: көктем, жаз, күз, қыс немесе төрт тоқсан:жыл тоқсан, жаз тоқсан, күз тоқсан және қыс тоқсан.Жыл санау жүйесінің негізіне әр ай мен маусым атаулары айғақ-тап тұрғандай,ауа райының ауыспалы,құбылмалы, өзгермелі факторлары алынған. Осы ұстанымға сүйеніп, ауа райының сыр-сипатын көп жылдар бойы байқап,бақылап зертте-ген халықтың болжамды тұжырымдары жеткілікті.Өмір-тоқтаусыз қимыл, қозғалыс. Жыл жылға ұқсамайды және өзгере берді.
Жыл – он екі ай. Көптеген мұсылман елдерінде жылдың бірінші айы – наурыз, бірінші маусым-жазғытұрым (көктем).
Астрономия тұрғысынан көктем 93 күн (наурыздың 22 жұлдызынан маусымның 22 жұл-дызына дейін). Бұл – жер шары орбитасының күн меп түннің жазғытұрғы теңелу нүктесі-нен жазғы күн тоқырау нүктесіне дейінгі мезгіл аралығы.
Күн жылынып, қар кетеді, тоң жібиді. Ағаштар жапырақ жайып, жер көктейді. Көктем атауы осыдан шыққан.Жан-жануар, жәндіктер қысқы ұйқыдан оянады, жыл құстары ора-лып ұя салады. Мал төлдеп , су бөгеліп, егіншілік жұмысы басталады. Бұл шаруаның қар-балас шағы. Күн ұзарып, түн қысқара беретін, «жуан жіңішкеріп, жіңішке үзілетін»» осы кез халық аузында «ҰЗЫН САРЫ».
Наурыздың (парсыша «Нау» — жаңа, «Руз» — күн яғни жаңа күн) 22 жұлдызы күн мен түннің ұзақтық мерзімі теңесетін, Жаңа жылдың бірінші — Ұлыстың ұлы күні.
Халық: «Ақпан қысты аластаса, Наурыз жаназасын шығарады. Наурыз — әзілқой ай, жы-латады да, күлдіреді де», - дейді.
Көктемнің шуағы мол да, мерзімі қысқа.Бірде күн төбе қыздырса, кейде табан сыздатады. Наурыздың орта немесе соңғы шені өкпек жел соғып,қар күрт еріп, жер лайсаң тартатын шақ «Аласапыран» аталады.Жаңа жылдың алдында не алғашқы күндері жауған, жылтыл-дап көз шағылыстырар жұмсақ ұлпа қар «Наурыздың ақша қары» тез ериді. Бұл қар «Құс қанаты» яғни құс келер алды қар деп те аталады.
Наурыздың 17 жұлдызынан (кібісе жылы 16 жұлдызынан) 21 жұлдызына дейінгі аралық — «Бес-қонақ».
Наурыздың соңында шаруаға жайлы жағдай туғызар 5-10 күндік жауын-шашынды амал — Бес тоғыстың бет жуары. Бұл ай-ит шуақ, кемпір шуақ, ескек желді ай. Наурызда Үр-кер туа таң атады.
СӘУІР
Айдың екі атауы бар. Екеуі де қар кетіп, күннін жылынуына сәйкесті шықса керек. Бірі-көкек,сол кезде келіп, алғаш «көкектеп» шақырған құстың дауысы естілуіне, екіншісі-сәуір, халықтың «Сәуір тумай, тәуір болмайды» деген мәтеліне байланыстырылады.Кө-кек айы көктемнің күшіне енер шағы, жауын-шашынды ай. Кейде тәулік бойы үзілмей сылбыр жаңбыр жауады. Ол — «Сәуірдің ақ жаңбыры».Көкек отамалы — желді, бірде қарлы, бірде жаңбырлы, ауа райының құбылмалы қолайсыз шағы, айдың 11 жұлдызында кіріп, 17 жұлдызында шығады. Есепшілердің айтуы бойынша, отамалы: «Қара жерге кел-сем, қар әкелемін (боранды, жауын-шашынды қолайсыз ауа райы), қарға келсем, қар әке-темін» — дейді екен. Осыған орай, «Отамалы ойылған қыс» сөз тіркесі бар.
МАМЫР
Жылдың үшінші айы, көктемнің ең сұлу жасыл шағы және әуезді соңы. Жыл құстары келіп болады, ұя салып, балапандарын өргізеді. Аққудың,қаздың,үйректің топшысы бе-кімеген, ұша алмайтын үрпек балапандары мамыр деседі. Осыған ыңғайлап,айға «МА-МЫР» атауы берілсе керек. Мамырдың 17-19 жұлдыздары - құралай, қара суық дауылды күндер.
МАУСЫМ
Бұл кезең жер шары өз орбитасынан жазғы күн тоқырау нүктесінен күн мен түннің күзгі теңелу нүк-тесіне дейінгі аралық. Астрономия тұрғысынан жаз 93 күн (Маусымның 23 жұлдызынан қыркүйектің 23 жұлдызына дейін).«Үркер жанбасқа келсе, жаз шықпағанда несі бар», — дейді халық Күнделікті тұрмыста, көктем мен күздің жылы кездерін алты ай жаз деп те есептейді.
Жаз — табиғаты жадыраңқы, адамзаттың, жанжануарлар әлемінің тіршілігіне жайлы, ша-руашылық жүргізуге ең қолайлы кез.
Жаздың бірінші айы, қосалқы атауы отамалы. Бұл жердің отаю кезеңін меңзейді. Қазақ-та «Маусым – табаныңнан таусыл» деген мәтел бар. Мағынасы – аталған айда қауырт ша-руашылық жұмыстардың көптігін, соған орай адамның ақ тер, көк тер болып еңбек етуін білдіру.
«Күн ілінді» дейді халық күннің ұзарғанын. Маусымның 22 жұлдызы күн ілінген,ең ұзақ күн, ең қысқа түн. Күннің ең биік қалыпта болатын жазғы күн тоқырауы. Жаз жаңбырлы болса, қыс қарлы. Айдың 20 жанасында таң ата Үркер жұлдызы көрінеді, ыстық жел со-ғады.
Поделитесь с Вашими друзьями: |