Көлем өлшемі:
Ине жасуындай. Түйіршік. Түйір. Алақандай. Жапырақтай. Ат төбеліндей. Ұлтарақтай – адам табанының көлемі. Табақтай – жалпақ. Тулақтай – мал терісінің көлемі. Үй орнын-дай – киіз үйдің ішкі көлеміндей. Бір танап жер – гектардың алтыдан бір бөлігі. Бір мо-йын жер – жарты гектар. Бір айдам жер – бір гектар. Көлдей – өте көлемді, кең.
Саба -180-200 л (жылқы терісінен тігілген ыдыс).
Көнек -15-16 л (бие сауғанда пайдаланылатын былғарыдан тігілген ыдыс)
Тосық -8-10 л (ешкі терісінен тігілген ыдыс)
1 саба (қымыз) -10-15 литр.
1 шелек -12,3 литр,
1 көнек сүт -6 – 7 литр
торсық (айран) -6-7 литр.
Шара -1,5-2 л;
Аяқ -1 л;
Тостаған -0,5 л;
Ожау -0,5 л;
Қасық -50 г;
Мерзім ( уақыт өлшеуіші ):
Бір сәт -1 секунд
Сүт пісірім -5 – 10 минут
Бие сауым -1,5 сағат
Ет пісірім -2,5 – 3 сағат
Бір түн, бір күн -24 сағат
Апта -7 күн
Ай -30 – 31 күн
Тоқсан -3 ай
Жыл -365 күн
Ғасыр -100 жыл
1 мүшелмен -12 жыл
1 мүшел -13 жас
2 мүшел -25 жас
3 мүшел -37 жас
4 мүшел -49 жас
Поделитесь с Вашими друзьями: |