8-сынып (факультативтік курс бағдарламасы)


-11 сабақ Сабақтың тақырыбы



Скачать 322.22 Kb.
страница18/76
Дата27.04.2018
Размер322.22 Kb.
Название файлаҰлттық физика.docx
ТипБағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   76
10-11 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Қазақтың байырғы өлшемдері.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға байырғы қазақ өлшембірліктері туралы, олардың мөл-шерлік сандық шамалары туралы баяндау.
Халық өлшемдері – ұлт мәдениеті мен этнографиясының қызықты салаларының бірі бо-лып саналады. «Халық айтса, қалып атпайды» дегендей халық өлшемі анық өлшем десек, қателеспейміз.Өйткені оны ата-бабаларымыз бірнеше ғасырлар бойы қолданып және сол арқылы өлшем негіздерін жасаған.
1)Ұзындық өлшемдері:
Енді халық арасында кең таралған байырғы өлшемдерге тоқтала кетейік.Орта Азия мен Қазақстанда ең көп тараған байырғы өлшемдердің ішінде ұзындық бірліктері төмендегі-дей:
Қолдың қары немесе қары – кеуденің орта тұсынан кере созылған қолдың ортаңғы сауса-ғының ұшына дейінгі аралық (80-85 см шамасы)тең ұзындық бірлігі.Кейде оң иықтан бү-кіл кеудені бойлай өтіп, кере созылған сол қолдың ортаңғы саусағының ұшына дейінгі аралықта (1 м шамасы) қары ретінде пайдаланылған. Шығыс елдерінде кең тараған бұл бірліктің шығу тегі де тым әріден басталады. Ертедегі вавилондықтарда қолдың қары 525 мм шамасында болған.Ол вавилондық өлшеу бірліктері жүйесінің негізінде алынған.Қал-ған ұзындық бірліктері осы бірліктің туындысы ретінде пайдаланылған.Египеттіктерде үлкен қары (шамамен 525 мм) және кіші қары (шамамен 450 мм) қатар қолданылған.Ба-бырдың жазбаларында(16 ғ.) 6 тұтамға (шамамен 500 мм)және одан біржарым есе артық қары да кездеседі. Бұхарада 1,07 м-ге немесе 1,5 аршынға тең қары пайдаланылған.Ол ба-зар қарысы (177,8 см) және хан қарысы (213,36 см) болып бөлінеді. Алғашқысы сауда – саттықта, ал соңғысы салықты өтеу пайдаланылған. Мысалы, арқан салығы құлаш пен және қан қарысымен өтелген. Сонымен қатар жібек маталар құлаш қары немесе ұзын қа-рымен (164,45 см), ал бөз келте (қысқа) қарымен (57,79 см) өлшенген.
Қарыс – толық жазғандағы бас бармақ пен шынашақ ұштарының арасына тең ұзындық бірлігі (19-20 см шамасында). Тұрмыста, құрылыс жұмысында пайдаланылған. Киіз үйдің уығы 12 – 16 қарыс мөлшерінде жасалды.
Елі –сұқ қолдың еніне тең ұзындық бірлігі (шамамен 2 см) мұнда өлшенетін дененің үсті-не қолды салып,оған сұқ қолдан бастап шынашаққа дейін қанша саусақ орналасқанын анықтайды, қатар орналасқан төрт саусақтың ені төрт елі деп аталады (шамамен 7-8см) . Бас бармақтың ені үшін (шамамен 2,2 -2,3 см) кейбір жерлерде қатар қойылған алты арпа дәнінің ені алынған (Бабыр жазбалары 16 ғ.). Қазы майының қалыңдығы, ою – өрнектің мөлшері тағы басқа енімен өлшенген.Буын – ортаң қолдың ұшынан оның ортаңғы буы-нына дейінгі аралыққа тең ұзындық бірлігі (шамамен 5-6 см). Сәулетті сарайлар мен түр-лі ғимараттардағы ою – өрнектің мөлшерін осы буынмен өлшенген;тігін, киім пішу жұ-мыстарында да қолданылған.
Шынтақ – қолдың ортаңғы саусағының ұшынан шынтақтың бүгілген жеріне дейінгі ара-лық. Қазақстанда кең тараған Бұхар шынтағы шамамен 40-41 см.
Тұтам –бүгілген төрт саусақ пен алақан арасындағы қуыстың ұзындығына тең өлшем.Ба-быр жазбаларында тұтам шамамен 8-8,5 см – ге дейін ұзындық өлшемі делінген.
2)Қашықтық өлшемдері:
Қадам – адам адымына тең ұзындық бірлігі. Бүкіл шығыс елдеріне кең тараған фарсах – 12000 қа-дамға тең деп саналады. Құрылыс жұмыстарымен суару жүйесінде кеңінен қол-данылған. Бұхар әмірі бойлары бірдей бірнеше адамды іріктеп алып, қадамның мөлшерін белгілемек болмақ. Бұл сияқты талпыныстар басқа жерлерде де кездеседі. Осындай мәлі-меттерге қарағанда қадам 60-70 см шамасында болғанға ұқсайды.
Құлаш – иық деңгейіне сәйкес созылған екі қол ұшының арасына тең ұзындық бірлігі. 1838 жылғы мәлімет бойынша Фергана құлашы 166-170 см, Қазақстанда қолданылып келген Бұхар құлашы 142 см – ге тең. Құлаш сауда – саттықтың жұмысында тұрмыста сондай – ақ салықты өтеу кезінде пайдаланылған. Сондай – ақ құлаштың да сала, кере, көш, құлаш атты түрлері болған. Аршын – көне түрік заманында қолданылған ұзындық бірлігі.Ол кездегі мәні белгісіз. Кейбір мәліметтерге қарағанда 16 ғасырдан бастап аршын 71,12 см-ге тең ұзындық өлшемі ретінде Россияның шет аймақтарында пайдаланылған. Парсы (Иран) тілінен енген бұл өлшемнің бастапқы дәл мағынасы – шынтақтан саусақ-тың ұшына дейінгі аралық.Кейбір әдебиеттерде хан аршыны деген атпен саусақтың ұшы-нан мұрынның ұшына дейінгі аралыққа тең өлшем де ұшырасады.Кез – ескілікті әдебиет-терде аршынның синонимы ретінде кездесіп қалады.
Өлшеу техникасы жөніндегі оқулықтар мен техникалық әдебиеттерден «ярд» «дюйм», «фунт» сияқты ескілікті өлшемдердің күні бүгінге дейін маңызын жоя қоймағандығын байқауға болады. Бұл келтіріліп отырған мысалдардан қазақтық халықтық терминдердің шығу төркіні, қолданылу мақсаты, өміршеңдігі, аталу сәттілігі жағынан да басқа халық-тардың ұлттық өлшемдерімен деңгейлес болғанын байқауға болады. Алайда түрлі тарихи себептерге байланысты өлшеулік мәні бар байырғы терминдеріміз ұлт шеңберінен аса алмай, нақты мәнге ие бола алмаған. Сондықтан да қазақтың «бармағы» мен «табаны» немесе «құлашы» мен «қарысы» арық пен семіздің, ұзын мен қысқаның жекелеген мүшелеріне тәуелді күйінде қалып қойған.Өлшемдердің ала – құлалығынан туатын түрлі халықаралық қатынастардағы қиыншылықтарды жеңілдету мақсатымен қазіргі кезде дүние жүзінде өлшемдердің бірыңғай метрлік жүйесі (СИ) қолданылды. Сондықтан бар-лық жерде қолданып келе жатқан байырғы өлшемдер әр елдің көне мұрасы ретінде ғана сақталып, тарих қойнауында қалып барады.
Қазақ халқының егін шаруашылығымен айналысқан жерлерінде жер мөлшерін (ауданын) өлшеуге пайдаланылған бірліктерінің ішінен ең көп тарағаны – танап. Танап – Орта Азия мен Қазақстанда пайдаланылған аудан бірлігі. Оның алуан түрлі мәндері бар. Көне жаз-балар мен саяхатшылардың естеліктеріндегі мәліметтерде қайшылықтар көп. 1927 жылы Өзбек ССР Орталық статистикалық басқармасы ұйымдастырған комиссияның қорытын-дысында мөлшері келтірілген. Осы мәлімет бойынша танаптың ең көп тараған мөлшері: Хорезм танабы – 4097 шаршы метрге,Бұхара мен Самарқанда қолданылған танап – 2731,35 шаршы метрге, Қазақстанның суармалы аудандарында (Әулиеата, Қазалы, Шым-кент т.б.) танап – 1820,83 шаршы метрге тең. Тепе – Орта Азия, Монғолстан және Қазақ-станда жер өлшеу кезінде қолданылған көне аудан бірлігі. Ол шамамен екі шаршы шақы-рымға тең.

ә) Көлем өлшемдері:


Ертедегі адам бір нәрсенің ауданын, үлкендігін (көлемін) сөз еткенде,оны да өзіне таныс басқа нәрсенің ауданымен, үлкендігімен (көлемімен) салыстырып, мысалы, аудан туралы айтқанда: «түймедей», «теңгедей»,«ат төбеліндей», «алақандай», «туырлықтай», «ауыл аймағындай» деп, ал бір нәрсенің үлкендігін «жұдырықтай», «ат басындай», «үйдей», «таудай» деп ұғынысқан. Әдет бойынша қазірден қолданылатын, өлшеуіштердің алғаш-қы нышаны болған. Осы сөздер өлшеу мен өлшеуіштер тарихы жөнінде және халықтың өмірі, кәсібі туралы едәуір мәліметтер береді.
Ертедегі адамдар заттардың салмағын өлшейтін қазіргідей таразы мен гирлер болған жоқ, нәрсенің ауыр – жеңілін көрсететін «зілдей»,«қаңбақтай» деген сияқты салыстырма ұғым ғана болды.
б) Салмақ өлшемдері: Мысқал (1 грамм), қадақ (750 грамм), келі (1 килограмм), пұт (16 килограмм), батпан (100 килограмм).Бұл өлшемдермен бірге халық «Салмағынан жер ойылғандай», «түйеге жүк болғандай» деген сияқты бейнелеу теңеу сияқты айшықты сөз өрнектерін қолданып ,ауыр, жеңіл деген сөздерді де пайдаланады.
в) Тереңдік, ауа – райы, сауда өлшемдері:
Қанжылым, жылы, ыстық, суық, салқын, мұздай,тағы да осылайша анықтап, бір заттың судың астын немесе ауа – райының қалыбын белгілейді. Ауа – райын жылы, ыстық, қа-пырық, қайнап тұр, күйіп тұр, аспан айналып жерге түскендей, ми қайнататын ыстық… деп жаз айындағы күн райын айтса, қыста: шуақ, май тоңғысыз, шыбынсыз жаз, суық, салқын,үскірік, бет қаратпас аяз, тфу десе түкірік жерге түспейтін аяз деген теңеулер арқылы күннің қаншалықты суық екенін анықтап соған сәйкес әрекет ете бастайды.
Ақшалай саудада тиын мен теңгені, алтын, күміс, жамбы (қой тұяқ,тай тұяқ) сияқты құнды металдарды қолданған. Ал айырбас саудада әркімнің келісіміне сәйкес шамамен түйені – құлынды биеге, биені – бұзаулы сиырға, сиырды – тай, құнанға, тайды – үш – төрт қойға айырбастаған.
Кеңінен тараған негізгі өлшем бірліктері мыналар:
Салмақ өлшемі:
Батпан -300-450 кг
Дағар -100-130 кг
Найза қап, қанар -70-80 кг. 
1 қап шамамен -50-60 кг.
1 арқа (жүк) -45-50 кг.
Қоржын -40 кг
Пұт -16 кг 
1 жамбы күміс -6 кг
1 пітір. бидай -3 кг
Келі -1 кг
1 қадақ шамамен -400 г
1 ширек шай шамамен -250 г,
1 әшмөңке шай шамамен -50 г,
1 таймөңке шай шамамен -25 г.
1 қайнатым шай шамамен -6,5 г, 
1 шөкім тұз шамамен -12,5 г, 
1 Мысқал -5 грамм
Қашықтық өлшемдері:
Ара қоным жер -200-250 км.
Күншік жер -90-100 км.
Түстік жер -30-40 км.
Ат шаптырым жер -20-35 км.
Бір көш жер -10-15 км.
Құнан шаптырым жер -8-10 шақырым (құнанды 10-15 шақырымға да шаптырады).
Қозы көш жер -6-7 км 
Қой өрісіндей жер -5-6 км.
Тай шаптырым жер -4-5 км
Бір бауыр жер -4-5 км.
Көз ұшындағы жер -2,5-3 км 
Шақырым -1 км
Дауыс жететін жер -250-300 м
«Әй » дейтін жер -100 м
Таяқ тастам жер -10-15 м
Адым ( қадам ) -1 м
Қол созым жер.
Қарға адым жер.
Қамшы салым жер – тым жақын жер.
Таяқ тастам жер.
Иек астындағы жер – бір қыр асты, таяу жер.
Әудем жер – тиіп тұрған жер.
Ит үргені естілер жер.
Қара көрінім жер.
Қозы өрісіндей жер.
Аяқ жетер жер.
Ит өлген жер.
Жер түбі.
Алты айшылық жер – Меккеге қажылыққа барар, тым шалғай жер.
Ұзындық өлшемі: 
Құлаш -1,80 м
Аршын -75 см
Кез -50 см
Қарыс -20 – 22 см
Сүйем -17 – 18 см
Сынық сүйем -14 – 15 см
Сере -10-12 см 
Тұтам -8-10 см
Елі -1,5 см

Тереңдік өлшемі:


Қыл елі. Пышақ сырты (қыры). Шынашақ. Елі. Жарты елі. Бармақ елі. Табан елі, күрек бойы, құрық бойы, кісі бойы тәрізді тереңдік өлшемдері сөз қисынына қарай пайдала-нылған.
Оқ бойы -1,0-1,5 м (жебе ұзындығы)
Найза бойы -3-5 м 
Арқан бойы -10-12 м 

Скачать 322.22 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   76

Похожие:

8-сынып (факультативтік курс бағдарламасы) icon2-3 І тарау. Бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастыру негізі
Оқушылардың ғылыми көзқарастарын қалыптастыру
8-сынып (факультативтік курс бағдарламасы) iconКонтрольное задание №1
В результате обучения борец должен уметь: определять цели борьбы; намечать правильный курс действий; реализовать выработанный курс...
8-сынып (факультативтік курс бағдарламасы) iconКурс лекций часть для студентов курса очной формы обучения специальности
Курс лекций по дисциплине пд. 01 Математика: алгебра и начала математического анализа; геометрия Часть 2[Текст] / О. А. Волкодамова,...
8-сынып (факультативтік курс бағдарламасы) iconҚаржы және бухгалтерлік есеп бағдарламасы «бекітемін» Мемлекеттік басқару және экономика жоғары мектебінің оқу және ғылым
Силлабус «Қаржы және бухгалтерлік есеп» бағдарламасының
8-сынып (факультативтік курс бағдарламасы) icon3 курс «Технология транспортных процессов»

8-сынып (факультативтік курс бағдарламасы) iconОсновы экономики. Курс лекций для учащихся

8-сынып (факультативтік курс бағдарламасы) iconОтчет по практике Студент Курс II группа 220 К
Специальность
8-сынып (факультативтік курс бағдарламасы) iconВакансии для студентов с 1-3 курс
Перспективы карьерного роста возможны после успешного прохождения практики/стажировки
8-сынып (факультативтік курс бағдарламасы) iconРеферат тема: Техногенные чс. 4 курс, группа 15303,15304
Охватывает территорию двух субъектов РФ или выходит за их пределы
8-сынып (факультативтік курс бағдарламасы) iconКурс лекций под редакцией профессора В. И. Шалупина для студентов всех специальностей дневного обучения Москва 2011





База данных защищена авторским правом ©refnew.ru 2020
обратиться к администрации

    Главная страница
Контрольная работа
Курсовая работа
Теоретические основы
Методические указания
Методические рекомендации
Лабораторная работа
Рабочая программа
Общая характеристика
Теоретические аспекты
Учебное пособие
Практическая работа
История развития
Пояснительная записка
Дипломная работа
Самостоятельная работа
Общие положения
Экономическая теория
Методическая разработка
Физическая культура
Методическое пособие
Исследовательская работа
Направление подготовки
Общая часть
Теоретическая часть
Общие сведения
Техническое задание
Общие вопросы
Образовательная программа
Управления государственных
Федеральное государственное
Экономическая безопасность
Конституционное право
реакция казахского
Основная часть
Организация работы
Техническое обслуживание
Российская академия
Понятие сущность
Усиление колониальной
прохождении производственной
Обеспечение безопасности
программное обеспечение
Выпускная квалификационная
квалификационная работа
муниципальное управление
Теория государства
Уголовное право
Математическое моделирование
Административное право
Название дисциплины
Земельное право