Бас бунақ – "Қара қатқақ, аш өзек шақ". Шамамен ақпан айының 9 жаңасынан маусым айының 9 жұлдызына дейiнгi уақыт.
Орта бунақ –"Тұяқ терлер қой күлер кез".Шамамен маусым айының 10 жұлдызы жаңасынан қазан айының 9 жаңасы аралық.
Аяқ бунақ –"Тоқты терлер, қой күлер кез".Шамамен қазан айының 10 жаңасынан ақпан айының 9 жұлдызына дейiнгi шақ.
Жылды жоғарыда айтылғандай бунақтау, негiзiнен шаруашылық жұмыстарын ыңғайлы жүргiзу мақсатында қолданылса керек.
9 сабақ
Сабақтың тақырыбы: Қазақ календары немесе «Қарыз кітабы»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға күнтізбе туралы деректер туралы баяндау
Қазақ ұлттық энциклопедиясында: «Күнтізбе, календарь (латынның «calendarivm» — қарыз кітабы деген сөзінен шыққан)— ұзақ уақыт мезгілін есептеудің аспан денелерінің көрінерлік қозғалысының ауық-ауық қайталану ерекшелігіне негізделген жүйесі, анықтамалық басылым», — деп көрсетілген. Ежелгі Римде әрбір айдың бірі күні «календы» деп аталған деседі. Сол күні қарызға алғандар несиеқорларға төлем төлеп отырған. Соған сәйкес календылары көрсетілген «Қарыз кітабы» болған көрінеді.
… Әр дәуірде әр халық өзінше күнтізбе жасауға тырысты. Олардың түгелге жуығы аспан денелерінің қозғалысымен байланысты болды. Аспан денелерінің қозғалысына негізделген күнтізбелер үш топқа бөлінеді, олар — Күн күнтізбелері, Ай күнтізбелері және аралас күнтізбелер.
— Белгілі фантаст-жазушы,ТМД астрономия-геодезия қоғамының толық мүшесі Жүніс Сахиевтің шығармаларына сүйеніп айтар болсам, күнтізбе атаулының ең көнесі — Ай күнтізбесі. Ол біздің эрамыздан бірнеше мың жыл бұрын пайда болған. Вавилондықтардың, қытайлықтардың, еврейлер мен үнділердің күнтізбелерінде бұл ерекше орын алады.
Ай ширектерін жақсы түсініп алған адам баласы уақыт өте келе Күнге назар аударды.Одан кейін пайда болған Ай-Күн күнтізбесі біздің дәуірімізге дейінгі алғашқы мыңжылдықта Ежелгі Қытайда, Ежелгі Грецияда, т.б. елдерде қолданылды.
Біздің дәуірімізге дейінгі 46 жылы Римде жоғары билікті өз қолына алғаннан кейін он жыл өткенде Юлий Цезарь патша сол кезге дейін қолданылып келген Рим күнтізбесіне өзгерістер енгізуді қолына алды. Кейін бұл күнтізбеден де кемшіліктер табылып, 1592 жылы Рим папасы Григорий ХІІІ төңірегіне қызметшілері мен жұлдызшы ғалымдарын жинап, арнайы комиссия құрады. Комиссия көптеген күнтізбе жобаларын қарай келіп, Италияның белгілі математигі әрі дәрігері Луиджи Лилио Гараллидің күнтізбесін қабылдайды. Ол кейін Григорий күнтізбесі атанып кеткен. Бұл санат бойынша әрбір 400 жылдағы айырмашылық 2 сағат 55 минутқа тең болады. Ал әрбір жылда қосылатын 26 секунд тек 3600 жыл өткенде 1 тәулікті құрайды. Біз қазір осы күнтізбе бойынша өмір сүріп келе жатырмыз, — дейді Қ.Бөлеков.
Ең дәл күнтізбе — Майя күнтізбесі?!.
Жүніс Сахиевтің айтуынша, күнтізбе атаулыдағы ең дәл күнтізбені Майя патшалықтарындағы абыз-астрономдар жасаған:«Дәл күнтізбе жасауда Христофор Колумб заманына дейін мыңдаған жылдар бұрын бүгінгідегі Орталық Америкадағы Юкатан жарты аралын жайлаған Майя тайпасының ежелгі үндістері алдарына жан салмайды. Олар ерекше дамыған өркениетті көптеген патшалықтан тұрған.
… Аймақ тропиктік аймақ болғандықтан, жыл алты ай құрғақ, алты ай нөсерлі. Осыған байланысты Майя патшалықтарындағы абыз-астрономдар неше ай, неше күн нөсер, неше күн құрғақ болатынын дәл білуге тырысты. Олар төрт қырлы, екі сатылы платформаның үстіне тұрғызылған киіз үй пішінді мұнараларындағы күннің қысқы, жазғы тоқырауы және күн мен түннің көктемгі,күзгі теңелуіне сай жасаған терезелері арқылы жұлдызды аспанды үнемі бақылап-қадағалап отырған.Соның нәтижесінде тіршіліктеріне төнетін ауа райы қауіптерінен дер кезінде сақтанған. Абыз-астрономдардың күнтізбесіндегі жыл 365 немесе 366 күннен тұрды,ол 13 күндік апталар мен 20 күндік айларға бөлінді. Бұл күнтізбе атаулыдағы ең дәл күнтізбе еді…» — деп жазады ол.
Сол замандағы ең дәл күнтізбе Майя тайпасының күнтізбесі болған деген пікірлер жиі айтылады. Майя тайпасының абыз-астрономдары он сегіз мың ғаламның құпиясын білуге, шама-шарқы жеткенше болашақты болжауға тырысқан және олардың астрономиялық жорамалдары дәл орындалған деседі. Шетелдік тарихшылар сол заманның өзінде өркениеті қарыштап дамыған ерекше тайпаның әрбір ісіне, әрбір сөзіне мән береді. Олар Майя тайпасының күнтізбені 2012 жылдың 12 айының 12-інші жұлдызына дейін ғана жасағанына сүйеніп, сол күні, яғни 12.12.12 жылы ақырзаман болады деп есептейді. Тарихшылардың тағы бір тобы сол күні Күн жүйесінде әлдебір өзгеріс болып Жер жаңа дәуірін бастайды, әлем жаңарады деп топшылайды…
Поделитесь с Вашими друзьями: |