8-сынып (факультативтік курс бағдарламасы)



Скачать 322.22 Kb.
страница13/76
Дата27.04.2018
Размер322.22 Kb.
Название файлаҰлттық физика.docx
ТипБағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   76
Барыс жылы. Сиыр жылынан кейін кіреді. Оның ауыртпалығы да, жақсылығы да ара-лас. Бұрындары барыс жылында есте қалатын елеулі оқиғалар болмағандықтан, оны жай-сыз жыл санамайды, жамандамайды. Біздің ұлық пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) ба-рыс жылы туып (570), ұлу жылы қайтыс болған (632). 1937-38 жылғы саяси қуғын-сүргін де осы барыс жылында болып, 1986 жылғы Алматыдағы Желтоқсан оқиғасы барыс жы-лына тұстас келді, Мұстафа Шоқай барыс жылы туып, жылан жылы қайтыс болды (1890-1941).
Қоян жылы. Барыс жылынан кейін кіреді. Бұл жыл жұт, аштық, ауыртпалық, бейнетпен қазақ халқының есінде қалған.1867-68 жылдары жалпақ қоян жұты, 1879-80 жылдары үл-кен қоян жұты,1891-92 жылдары кіші қоян жұты,1915-16 жылдары тақыр қоян жұты бол-ды. Қазақ даласында көп мал қырылып, адамдар өлді. 1962-63 жылдары да малды аудан-дарда көп мал қырылды.Қазақ еліне Ақтабан шұбырынды,Алқакөл сұлама заман 1723 қо-ян жылы келді. Қоян жылы Абылай хан өмірге келді (1711 ж.).
Ұлу жылы. Қоян жылынан кейін кіреді.Қазақтар ұлу суда өсетіндіктен,бұл жылы астық, шөп мол болады деп, оны жайлы, жұмсақ жыл санайды. Алайда, ұлу жылында да қиын-дықтар болған.
Жылан жылы. Ұлу жылынан кейін кіреді. Қазақ халқында: "Жылан жылы жылыс бол-ды”, - деген сөз бар. Шыңғыс хан шабуылы 1221 жылан жылы Отырарды алды, 1928-29 жылдары Қазақстанда кәмпеске болды, 1941 жылғы неміс-фашист басқыншылығы жы-лан жылы басталды, Октябрь революциясы (1917-18) жылан жылымен тұстас келді, Абай жылан жылы туып, ұлу жылы өмірден өтті (1845-1904).
Жылқы жылы. Жылан жылынан кейін кіреді. Ел есінде жылқы жылы болған ауыртпа-лық, қайғылы оқиғалар жоқ. Жылқы жылы туғандар бұл жылы жылқыны бауыздамайды. Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин,Ілияс Жансүгіровтер жылқы жылы (1894) туған. Қа-ракерей Қабанбай батырдың да(1690), Жамбыл Жабаевтың да (1846) туған жылы – жыл-қы.
Қой жылы. Жылқы жылынан кейін кіреді. Қазақтар қой жылын - жақсы жыл санайды. Қой жылы халыққа жайлы болған, молшылыққа кенелген. 1966-67 қой жылы Қазақстан-да миллиард пұттан астам астық алынды. Құнанбай қажы қой жылы туып, Шоң би қой жылы қайтыс болған. Қазақстан 1991 қой жылы тәуелсіз ел атанды, Ахмет Байтұрсынов та қой жылы (1873) дүниеге келді.
Мешін жылы. Қой жылынан кейін кіреді. Қазақтардың пайымдауынша, ол - жайсыз жыл. Бұл жылы бүліншілік, сәтсіздіктер мен жағымсыз оқиғалардың көп болуы мүмкін. Сол себепті қазақтар мешін жылынан қорқып отырады.1920 жылы қазақ даласында көп мал қырылып, бұл жыл - "Тас мешін” деп аталды. 1931-32 жылғы алапат аштық та мешін жылы болып, Ақ орда хандығы 1428 мешін жылы құлады, мешін жылы (1680) Әз-Тәуке хан таққа отырып, ел биледі.
Тауық жылы. Мешін жылынан кейін кіреді. Халық бұл жылды да ауыр жылдардың бірі санайды. Өйткені, тауық жылы қауіп-қатер жиі болған, халық көп ауыртпалық көтерген. 1920-21, 1932-33 тауық жылдары жұт, аштық, 1968-69 тауық жылы құрғақшылық болды. Әл-Фараби (870-950), Міржақып Дулатов (1885-1935), Мұхтар Әуезов (1897-1961) тауық жылы туған.
Ит жылы. Тауық жылынан кейін кіреді. Мешін, тауық жылындағы ауыртпалық ит жылы жеңілдейді. Мысалы, 1933 жылы аштық тиылған, 1945 жылы соғыс аяқталған.Қаныш Сәтбаев ит жылы туған (1899-1964 ж).
Доңыз жылы. Ит жылынан кейін кіреді. Жыл санаудың және жыл қайырудың соңғы жы-лын Қазақстанның кей жерінде, кейбір түркі елдерінде қара киік жылы деп атайды. Халық бұл жылы пәле-жала көп болады деп ойлайды. Алайда, доңыз жылы көп жағдайда қазақтарға жайлы болған. Қазақ - жоңғар соғысындағы үлкен жеңіс - 1729 доңыз жылы болды.

* Пән мұғалімдері қосымша материалдарды өздері өзгертіп,іздеп өткізу ұсынылады.




Скачать 322.22 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   76

Похожие:

8-сынып (факультативтік курс бағдарламасы) icon2-3 І тарау. Бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастыру негізі
Оқушылардың ғылыми көзқарастарын қалыптастыру
8-сынып (факультативтік курс бағдарламасы) iconКонтрольное задание №1
В результате обучения борец должен уметь: определять цели борьбы; намечать правильный курс действий; реализовать выработанный курс...
8-сынып (факультативтік курс бағдарламасы) iconКурс лекций часть для студентов курса очной формы обучения специальности
Курс лекций по дисциплине пд. 01 Математика: алгебра и начала математического анализа; геометрия Часть 2[Текст] / О. А. Волкодамова,...
8-сынып (факультативтік курс бағдарламасы) iconҚаржы және бухгалтерлік есеп бағдарламасы «бекітемін» Мемлекеттік басқару және экономика жоғары мектебінің оқу және ғылым
Силлабус «Қаржы және бухгалтерлік есеп» бағдарламасының
8-сынып (факультативтік курс бағдарламасы) icon3 курс «Технология транспортных процессов»

8-сынып (факультативтік курс бағдарламасы) iconОсновы экономики. Курс лекций для учащихся

8-сынып (факультативтік курс бағдарламасы) iconОтчет по практике Студент Курс II группа 220 К
Специальность
8-сынып (факультативтік курс бағдарламасы) iconВакансии для студентов с 1-3 курс
Перспективы карьерного роста возможны после успешного прохождения практики/стажировки
8-сынып (факультативтік курс бағдарламасы) iconРеферат тема: Техногенные чс. 4 курс, группа 15303,15304
Охватывает территорию двух субъектов РФ или выходит за их пределы
8-сынып (факультативтік курс бағдарламасы) iconКурс лекций под редакцией профессора В. И. Шалупина для студентов всех специальностей дневного обучения Москва 2011





База данных защищена авторским правом ©refnew.ru 2020
обратиться к администрации

    Главная страница
Контрольная работа
Курсовая работа
Теоретические основы
Методические указания
Методические рекомендации
Лабораторная работа
Рабочая программа
Общая характеристика
Теоретические аспекты
Учебное пособие
Практическая работа
История развития
Пояснительная записка
Дипломная работа
Самостоятельная работа
Общие положения
Экономическая теория
Методическая разработка
Физическая культура
Методическое пособие
Исследовательская работа
Направление подготовки
Общая часть
Теоретическая часть
Общие сведения
Техническое задание
Общие вопросы
Образовательная программа
Управления государственных
Федеральное государственное
Экономическая безопасность
Конституционное право
реакция казахского
Основная часть
Организация работы
Техническое обслуживание
Российская академия
Понятие сущность
Усиление колониальной
прохождении производственной
Обеспечение безопасности
программное обеспечение
Выпускная квалификационная
квалификационная работа
муниципальное управление
Теория государства
Уголовное право
Математическое моделирование
Административное право
Название дисциплины
Земельное право