Тышқан жылы.Қазақтар тышқан жылын береке, ырыстың, татулық пен тыныштықтың жылы деп санайды. Тышқан жылының мыңдаған жылдық тарихына назар аударсақ, оның көп жылы аштықсыз,жаугершіліксіз, қиындықсыз, молшылықта өткен.Қанжығалы Бөген-бай батыр тышқан жылы (1684) туса, Төле би тышқан жылы (1756) қайтыс болған, алғаш Қазақ ордасы 1456 тышқан жылы құрылған.
Сиыр жылы. Тышқан жылынан кейін кіреді. Сиыр жылында дау-жанжал, қиындықтар мен ауыртпалықтар көп болған. Қариялар соны жиі айтып, сиыр жылында сәтсіздіктер бола қалса, "Биыл ауыр жыл ғой. Мұның бәрі содан ғой”, - деп өзін-өзі жұбатып жатады. Ырым-нанымға сәйкес, сиыр жылы туғандар бұл жылы сиыр бауыздамайды. Көп халық сиыр жылының дастарханына сиыр етін, одан жасалған тағамдарды қоймайды.
Поделитесь с Вашими друзьями: |