8-сынып (факультативтік курс бағдарламасы)



Скачать 322.22 Kb.
страница10/76
Дата27.04.2018
Размер322.22 Kb.
Название файлаҰлттық физика.docx
ТипБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   76
6 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Ғаламшарлар мен шоқжұлдыздардың қазақша атаулары туралы

Сабақтың мақсаты:Ғаламшарлар мен шоқжұлдыздар туралы аңыз-әңгімелер мен деректер туралы айтып-баяндау

Аспан, аспан күмбезі – бақылаушыға киіз үйдің төбесі сияқты болып көрінетін күмбез. Күн, Ай, жұлдыздар, т.б. аспан шырақтары бізден өте қашықта болғандықтан, олардың ара қашықтығының  айырмашылығы бізге сезілмейді. Сондықтан олар аспан күмбезінде орналасқандай әсер береді. Ашық далада аспан жалпайып көрінеді, яғни күмбездің төбесіне қарағанда, оның іргесі (көкжиек) қашықтағандай болады. Биік үйдің қасында тұрған адамға аспан күмбезі көкжиекке қарағанда биік болып көрінеді. Ауа қабаты көгілдір, көк, күлгін сәулелерді күштірек шашырататындықтан аспан күмбезі көк түсті болып келеді. 

Аспан аңыздары, астрономиялық аңыздар – аспан денелерінің (жұлдыздар, планеталар, т.б.) кейбір ерекше қасиеттері мен таңғажайып көріністерін бейнелейтін халық аңыздары. Қазақ аңыздарына тән ерекше құнды қасиет – шынайы аспан көріністерін поэзиялық түр-де бейнелеу. Бұл аңыздардың басым көпшілігі – діни нанымдарынан аулақ нағыз халық шығармалары. Шөбі шүйгін шырайлы жер іздеп, ен даланы сыпыра көшкен халық, көкте-гі самсаған шырақтардың ішінен батырларды, мергендерді, қарақшыларды, сұлу бикеш-терді, сәйгүлік аттарды тауып, қиялмен қиыстырып сюжет ойлап, оларды аңыздарға ар-қау еткен.

Аспанның солтүстік жартысындағы жұлдыздардың тәуліктік көрінерлік қозғалысы Жетіқарақшы аңызына арқау болды. Темірқазық – қозғалмайтын полярлық жұлдыз.Құрамындағы жұлдыздардың кейбіреулері шұбатылған арқан тәрізді, ал екіншілері арқандаулы атқа ұқсас. Олар Темірқазықты үнемі айнала қозғалады. Бұлардың сыртын ала, арқандаулы аттарды торуылдап, Жетіқарақшы айналады. Көкжиектен төмен түспей түні бойы айналып жүретін бұл жеті жұлдыздың қозғалысы, күндіз тасаланып, түнде ұйқтамай, қолайлы сәтті күтетін ұрының әрекетіне ұқсайды. Аңыз желісі бойынша Жетіқарақшы – Қырыққарақшының (сол маңдағы майда жұлдыздар) барлаушысы. Олар Вега мен Капелла жұлдыздарындағы батырлардың аттарын (Ақбозат пен Көкбозат) қолға түсіріп алмақшы. Шынында да Вега мен Капелла – аспанның Солтүстік жарты шарындағы көзге түсетін батырларға лайық жарық жұлдыздар. Жетіқарақшының топ басшысы қыранқарақшы (Мицар) Үркердің қызы Үлпілдекті (Алькор) мінгестіріп алған. Үркер Жетіқарақшыдан үнемі қашып жүреді. Өйткені егер Жетіқарақшы Ақбозат пен Көкбозатты ұстап мінсе, Үркердің Сүлусарысын (Альдебаран) ұрламақшы. Бұл аңыздан  көшпелі ел тұрмысының сарыны байқалады.



Ежелден белгілі Үшарқар-Таразы шоқжұлдызы жөніндегі бір аңыз Маралбай есімді аңшының тағдырын суреттейді. Ол биік шың басындағы жартаста тұрған үш арқарға оқ атып барып аяғы сәл тайып кетеді. Алтындалған жалпақ белдігі үшкіл тастың біріне оралып қалады. Мерген сол белдіктен ұстап қайта шығады. Белдігін қайта тағып, жоғары қарағанда таудан да биіктей қашып, аспанға шығып кеткен үш арқарды, атылған мылтығынан шыққан көк түтінді көріп санын соғады. Содан бастап ол үш арқар түн мезгілінде көктен шоқжұлдыз болып көрінетін болыпты. Бүркіт шоқжұлдызын да қазақ халқы ерте аңғарған. Бір аңызда аңшы жігіт арқардың киелі құлжасын (қошқарын) атамын деп өзі қапыда терең құзға құлайды. Сол замат томағасы сыпырылған Бүркіт ұшып шығып, қос қанатын жігіттің астына тосады, шама-шарқы келгенше демеп, құз түбіне жете бере тайқып ұшып, қайта көкке көтеріліп кетеді. Жігіт тасқа соғылмай, қатты құламай аман қалады. Бүркіт жігітті елдегілер қашан тауып, шыңыраудан шығарып алғанша қоян, құс әкеліп тастап тұрады. Кейіннен ол Бүркіт әлдекімдердің оғына ұшырайды. Жігіт қатты қайғырады, жоқ Бүркітін көктен іздейді. Дәл соған ұқсаған шоқжұлдызға Бүркіт атын береді. Торпақтағы Сұлусарының өзі жөніндегі  аңызда өжет жігіттің өз махаббаты үшін күресіп, патшаны жеңіп, сүйгеніне қосылғаны айтылады. Келесі аңызда Қарақұрт баланы ажалдан құтқарады. Тұманда адасып, қойды тас ығына иіріп, өзі шағын тас інге тығылған баланы жемекке ұмтылған көкжал қасқырдың тұмсығын қарақұрт шағады. Бала да, қой да аман қалады. Ел көктегі бес жұлдызды оның құрметіне Қарақұрт шоқжұлдыз деп атайды. Аққу шоқжұлдызы аңызында Шынболат есімді жігіт өзінің сүйіктісі Айгүл екеуінің махаббатына дәнекер болған Аққуды атқан адамды жазалап, өлген Аққудың ақ бейнесін қиялмен көкке шығарады. Тазылар шоқжұлдызы жайлы аңызда тұманды күні әлдеқандай дыбысқа қарай айтақтап жіберіп, өзі тауда мерт болған аңшы тазыларының көкке шығып кетіп, жұлдыздарға айналғаны жөнінде баяндалады. Күн сияқты жылт етіп көкжиектен шыға келгенде қой үрке жөнелетін Сүмбіле жұлдызы аңшылық аңыз әңгімелерде жиі кездеседі. Ғылым тілінде Арыстан аталатын Қамбар шоқжұлдызының айбарлы арыстан сияқты пішінін елестетеді халық. Ертеректегі қазақ жұлдызшылары Күн жолындағы зодиактік он екі шоқжұлдыздың бірі – Тоқтыға ереше назар аударған. Күн шоқжұлдызға жерде көк шығып, мал жайыла бастағанда келіп жететін болғандықтан Тоқты делінген. Одан екі жарық жұлдыз көзге бірден шалынады. Күндізгі іңірде шайдай ашық аспанға қарағанда бозарған қылаң жолақ – Құс жолын көреміз. Қазақ аңызында бұл ғаламат тамаша ақ жолақ алланың ақ жолы деп айтылады. Бір дана кісіге алла сол жолымен келіп, «Адам қай кезде де адамның ақ жолын кеспей жүрсін деп жұлдыздардан осы жолды салдық» деп тіл қатыпты делінеді. Күн мен Ай аңызда егіз туған ғажайып сұлу қыздар екен. Әсіресе, Ай сұлуырақ болғандықтан Күн қызғанып, оның бетін тырнап алса керек. Ай Күннен шалғайда жүргенде, Күнді ерегістіріп, толық Ай түрінде анық көрінсе, Күнге жақындағанда, тағы тырнап ала ма деп бетін бүркеп жасырады. Шолпан аңызда емші қыз болып айтылады. Әрі мейлінше сұлу. Ол бар ғұмырын ауру-сырқауларды емдеп, жазуға арнамақшы болады. Бірақ оның бұл ойы жүзеге аспай қалады: өзі сұлу, өзі ақылды емші қызға жігіттер бірінен соң бірі сөз айтып, ақыры оның соңы үлкен дау-жанжалға айналады. Ел арасында іріткі туа бастайды. Мұның бәрі өзінің сұлулығы мен ақылдылығына байланысты болғанын сезген қыз елден алысқа кетіп, халыққа нұрын биіктен шашқысы келеді. Сөйтіп, таң қылаң бере ол аспанға ұшып шығып, таң жұлдызына айналады. Халық оны Шолпан жұлдызы деп атап кетеді. Қызыл планета – Марсты қазақ шарт аяздың хабаршысы деп есептеген. Өйткені ол шарықтағанда суық күшейетін болған. Қызыл шұнақ аязбен бірге шығыстан қызыл оттай жұлдыз көтеріледі. Текке көтерілмей өңменнен өтетін аязын әкеледі. Күн жүйеміздегі алып ғаламшар Юпитер аңызда асқақ жұлдыз. Өзін мейлінше асқақ ұстайтын Асқар есімді жігіт тауда оңаша тұрады. Кейіннен далада адасып қалған Гүлдана есімді қызбен танысып, оның әке-шешесінің рұқсатымен жанұя құрады. Сол оңаша патшалықта он алты перзент сүйеді. Бірақ Гүлданадан кезінде айырылып қалған Қожабай есімді бай жігіт ұмыта алмай, бірде үйін тауып барып, ауласында Гүлдананы пышақтап өлтіреді. Асқар онан ақысын алады. Бірақ қайғы шыдатпайды. Он алты перзент шүпірлеп жанында қалады. Елден, жерден бөлек кету үшін ол аллаға күні-түні жалбарынып, көктен орын сұрайды. Өз алдына жеке патшалық құрғысы келеді. Алла ол тілегін қабыл алып, аспанға шығарып, бір бөлек жұлдыз жүйесі етеді. Жігіт алып ғаламшарға, перзенттері он алты серігіне айналады. Құйрықты жұлдыз аңызда белгілі бір мерзімде Күнге жақындап, жеріміздегі күллі тіршілікті бақылап, адамзаттың тілеуін тілеуші, алланың көмекшісі, ақ сақалы тұла бойына шұбатылған қарт болып айтылады. Көктен кенеттен көзге шалынатын Ақпа жұлдыздарды көргенде «Өз жұлдызым жоғары болсын» деп бата жаса дейтін наным оны киелі деп санайтын ырымнан туған.


Скачать 322.22 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   76

Похожие:

8-сынып (факультативтік курс бағдарламасы) icon2-3 І тарау. Бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастыру негізі
Оқушылардың ғылыми көзқарастарын қалыптастыру
8-сынып (факультативтік курс бағдарламасы) iconКонтрольное задание №1
В результате обучения борец должен уметь: определять цели борьбы; намечать правильный курс действий; реализовать выработанный курс...
8-сынып (факультативтік курс бағдарламасы) iconКурс лекций часть для студентов курса очной формы обучения специальности
Курс лекций по дисциплине пд. 01 Математика: алгебра и начала математического анализа; геометрия Часть 2[Текст] / О. А. Волкодамова,...
8-сынып (факультативтік курс бағдарламасы) iconҚаржы және бухгалтерлік есеп бағдарламасы «бекітемін» Мемлекеттік басқару және экономика жоғары мектебінің оқу және ғылым
Силлабус «Қаржы және бухгалтерлік есеп» бағдарламасының
8-сынып (факультативтік курс бағдарламасы) icon3 курс «Технология транспортных процессов»

8-сынып (факультативтік курс бағдарламасы) iconОсновы экономики. Курс лекций для учащихся

8-сынып (факультативтік курс бағдарламасы) iconОтчет по практике Студент Курс II группа 220 К
Специальность
8-сынып (факультативтік курс бағдарламасы) iconВакансии для студентов с 1-3 курс
Перспективы карьерного роста возможны после успешного прохождения практики/стажировки
8-сынып (факультативтік курс бағдарламасы) iconРеферат тема: Техногенные чс. 4 курс, группа 15303,15304
Охватывает территорию двух субъектов РФ или выходит за их пределы
8-сынып (факультативтік курс бағдарламасы) iconКурс лекций под редакцией профессора В. И. Шалупина для студентов всех специальностей дневного обучения Москва 2011





База данных защищена авторским правом ©refnew.ru 2020
обратиться к администрации

    Главная страница
Контрольная работа
Курсовая работа
Теоретические основы
Методические указания
Методические рекомендации
Лабораторная работа
Рабочая программа
Общая характеристика
Теоретические аспекты
Учебное пособие
Практическая работа
История развития
Пояснительная записка
Дипломная работа
Самостоятельная работа
Общие положения
Экономическая теория
Методическая разработка
Физическая культура
Методическое пособие
Исследовательская работа
Направление подготовки
Общая часть
Теоретическая часть
Общие сведения
Техническое задание
Общие вопросы
Образовательная программа
Управления государственных
Федеральное государственное
Экономическая безопасность
Конституционное право
реакция казахского
Основная часть
Организация работы
Техническое обслуживание
Российская академия
Понятие сущность
Усиление колониальной
прохождении производственной
Обеспечение безопасности
программное обеспечение
Выпускная квалификационная
квалификационная работа
муниципальное управление
Теория государства
Уголовное право
Математическое моделирование
Административное право
Название дисциплины
Земельное право