ІІ тарау. Бастауыш сыныпта дүниетанымды оқытудың әдістемесі
2.1. Сабақтан тыс тәрбие жұмыстарымен оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру
Абай Құнанбаев шығармаларын әдебиет, тіл, тарих, педагогика тарихы, т.б. пәндерді оқытуда пайдалану көптен бері жүзеге асып келе жатыр. Ал мақсатты түрде эстетикалық тәрбие беруде жоғары оқу орындарындағы сабақ және сабақтан тыс уақыттарда пайдалану мәселесі бұрын зерттелмегендігі белгілі. Сондыңтан біз өз зерттеуімізде тәрбие беру жұмыстарын ұйымдастыруда ақын шығармаларындағы эстетикалық ойларға қатысты Т. Әбжанов, Ә. Қалмырзаев, X. Сүйіншәлиев, Қ. Сыздыңов т.б. белгілі ғалымдар мен кейінгі кезде ақын мұрасын оқу-тәрбие үрдісіне ендіру мәселелерін зерттеп жүрген. I. Халитова еңбектерін негізге алдың. Сонымен бірге сабақ үстінде ақын шығармалары арқылы эстетикалық тәрбие беруді қазіргі кезде институтымызда енгізіліп жатқан несие жүйесіне бейімдеумен қатар ағылшын тілі сабағына арналған бағдарламаның мүмкіндіктерін пайдаландың. Осыған орай, 1-2 курстағы кейбір тақырыптарға қосымшалар ендіруді көздедік. Бұл мақалада біз осы бағдарлама ендірілген қосымшаға байланысты сабақтан тыс жұмыстардың жоспарын қарастырып отырмыз. Себебі болашақ ағылшын тілі мүғалімдеріне арналған осы бағдарламада Абай мұрасының эстетикалық тәрбие берудегі маңызы мүлде ескерілмеген.
Бұл ретте мынадай мәселелерді ескеру жұмыстың нәтижелілігіне септігін тигізіп, мақсатқа қол жеткізуге шарт түзбек.
1 .Эстетикалық тәрбие туралы элементарлы білім қалыптастыру және одан әсерленуден жинақталған тәжірибелерден бастау. Онсыз студенттердің эстетикалық мәні бар заттар мен құбылыстарға ынтасы аумайды. Біздің жұмыс әртүрлі сөздердің мәні, көркем сөздегі орны, көркем құбылыстарды сипаттаудағы мүмкіндігі туралы мәліметтер топтастырудан басталды. Бұл кезеңдегі ұстаздың басты міндеті - адамгершілік және көркемдік талаптарына сай құбылыстарды суреттейтін сөздерді жинақтау.
Нақты және белгілі сезімде қалған әсерлердің жинақталған қорынан бастау алған эмоқияның қуаты дерексіз-қисындың мәліметтер жинақтау тәсіліне көшеді. Эстетикалық білім жинақтаудың бұл түрі алған мәліметтің есте сақталып, бекіп қалуына шарт түзеді. Өйткені, сезімге әсер еткен мәлімет ойлау арқылы есте сақтауды нығайта түседі. Эстетикалық білімнің басқалардан айырмашылығы: ол адамның бүкіл жан дүниесіне әсер етіп, оны толық жаулап алады. Адамның табиғат және өзі туралы, көркемөнер құндылықтары туралы эстетикалық білімнің жан-жақты және мол болуы қабілетінің дамуына әсер етеді және тұлғаның қоғамдың ортада толымды мүше ретінде сезінуіне, мамандығын жете меңгеруіне, кәсіптік көзқарасының терең мағыналы болуына алып келеді.
-
Эстетикалық тәрбие студенттердің эстетикалық қабылдау
біліктілігі мен қабілеттерін дамытып қана қоймай, эстетикалық
мағыналы құбылыстарды сезімінен өткізу мен бағалау, одан рахат алуы
секілді әлеуметтік мәнді сапаларын қалыптастырады.
-
Эстетикалық тәрбие тұлғаның өжеттену және қабілет секілді
мүмкіндіктерін дамыту арқылы адамды сұлулықтан ләззат алумен бірге
өмірдің, тұрмысты көркемдік «заңдылықтары» негізінде эстетикалық
құндылықтар жарататын белсенді жасампаздыңқа жетелейтіндей етіп
баулиды.
Поделитесь с Вашими друзьями: |