2-3 І тарау. Бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастыру негізі


Жеке пәндерді оқыту процесінде балалардың дүниетанымын қалыптастыру



Скачать 79.69 Kb.
страница5/23
Дата25.04.2018
Размер79.69 Kb.
Название файлаАтаханова(1).docx
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
1.2. Жеке пәндерді оқыту процесінде балалардың дүниетанымын қалыптастыру

Бүгінгі заманда сауатсыз адамды табу мүлде мүмкін емес. Мемлекеттік мектептің бірыңғай жүйесі қалыпты жұмыс істейді. Мектеп оқушыларының дүниетанымын қалыптастырып, тәрбиелеп, оқытып, білім беретін орын ретінде қоғам үшін маңызы өте зор. Өйткені ол жалпыға бірдей ғылыми жүйе ретінде, бүкіл халықты қамтиды. Сонымен бірге, бүкіл азаматтарды қамтитын ақпарат құралдары әдебиет, үнқағаздар, журналдар, кинотеатрлар, теледидар, радио т.б. көпшілікке арналған таным құралдары жұмыс істейді...

Десек те, жас жеткіншектердің ғылыми дүниетанымын қалыптастыратын, жеке пәндерді белгілі бір жүйемен оқулықтар мен оқу құралдары арқылы оқытатын, сол арқылы табиғат пен қоғамның даму заңдарын ашатын жәнг дәлелдейтін көп мүмкіншілікке оқу орындарының адам өмірі мен оның қалыптасуында орны бөлек.

Жаратылыстану, математика ғылымдарымен танысу барысында оқушылар теориялық және тәжірбиелік іс-әрекеттің белгілі бір білім көлемін меңгереді, игереді, математика, химия, экология оқулықтарындағы теориялар мен заңдармен танысады. Мысалы, дифференциялды интегралды есептеу теориясы, атомдық молекула оқуы, Д. И. Менделеевтің периодтық заңдар табиғат құбылыстарының терең байланыстылығын ашады, материалдық және рухани өзара байланыс заңдылықтарын түсіндіреді, коршаған дүниені тану заңдылықтарын материалистік тұрғыдан түсіндіруге күш салады.

Физика, химия заңдарын білу және ол заңдылықтарды түсінуге арналған тәжірбиелер жасау оқушылардың дүниенің пайда болуы мен дамуы туралы түсінігін, дүниетанымдылық көзқарасын және сенімін нығайтады. Физика, астрономия адамның табиғат сырын бірте-бірте ашуы, тануы және ашылған заңдарды пайдалану туралы оқушылар түсінік алады.

Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруда гуманитарлық ғылымдардың орны ерекше. Тарих, әдебиет сабақтарында қоғамның дамуы туралы, адам өмірінің мұраттарының, мінез-құлығының бағыттылығына, іс-әрекетінің мақсатын анықтауды түсінеді.

Тарих пәні қоғамның даму заңдарын түсінуге мүмкіншілік жасайды.

Әдебиет сабағында оқушылар өмір шындығын, отандық және дүниежүзілік мәдениеттің барлық прогресшіл дәстүрлерімен, идеялық байлығымен танысады.

Сыныптан, мектептен тыс тәрбие жұмыстары оқушылардың қоғамдық өмірге ынтасын тәрбиелейді, ой-өрісін кеңейтеді, еңбекке, мамандық таңдауға көзқарастарын қалыптастырады.

Осы салада түрлі пән, техникалық, жас натуралистер, қолөнер үйірмелерінің тәрбиелік мәні зор.

Мектеп пен отбасы, ынтымақтаса отырып,оларды пайдалы еңбекке айналастыру арқылы оқушының дүниетанымын дамыта түседі.

«Білім» сөзі - өте күрделі және көп мағыналы ұғым. Жалпы мағынасында білім адамның жүйеленген білік, дағдыларды меңгеру үрдісі мен нәтижесі. Ақыл мен сезімнің дамуы, дүниеге көзқарас пен танымдық қабілеттің қалыптасуы. Білім мазмұнына тек оқыту нәтижесі ретіндегі білім, білік, дағдыоар ғана кірмейді, бұл ұғым аясы болып жатқан окиғаларды сын тұрғысынан ой елегінен өткізу, шығармашылықпен жұмыс істеу.

Бастауыш білім беру мазмұнын жетілдірудің қайнар көзі- мәдениет немесе әлеуметтік тәжірбие. Дегенмен, әлеуметтік тәжірбиенің мазмұны, немесе мәдениет мектептегі білім мазмұнын толық анықтамайды. Міне, осылар материал таңдаудың және оны тиісті құрылымға құрастырудың факторларын анықтайды. Бұлар - ғылым, қоғамдық қатынастар тәжірбиесі, материалдық және рухани өнім жасау, қоғамдық сананың түрлері, т.б. жоғарыда айтылған қайнарлардың білім беру материалын құрастыру нақты психологиялық және тарихи талаптарды ескере отырып жүргізіледі.

Осы талаптарға сай әлеуметтік тәжірбиенің мазмұны, педагогикалық сын тұрғысынан қарастырылады. Білім мазмұнын құрастыруда сол сияқты балалардың жекелік -тұлғалық дамуының, олардың қабілетінің дарындарының, қызығушылықтарының талаптары ескерілуі тиіс. Осы мақсатта жалпы білім беру мақсатында міндетті пәндер мен катар оқушылардың қызығушылығына қарай таңдайтын таңдау пәндері де шгізілген.Бұл оқушылардың өзіндік қасиеттерінің, кәсіби бағытталуының тереңдеуіне жағдай жасайды.

Бастауыш мектептің маңызы мен қызметі оның үздіксіз білім беру жүйесіндегі басқа буындармен тек сабақтас болуымен ғана емес, ең алдымен оқушы тұлғасының ұйытқысының қалыптасуы мен дамуы қуатты жүретін ерекше құнды, қайталанбайтын буын екендігімен анықталып негізделеді.

Сондықтан білім берудің басты міндеттері:

оқушының өзін қоршаған, өзі өмір сүретін жаңа әлеуметтік ортаға үйренуі, онда жаңа әлеуметтік мәртебе- оқушы мәртебесінің қалыптасуы;

оқу, ойын, еңбек, қарым-қатынас,т.б. әрекет түрлерін кажетті деңгейде меңгеруі;

айналадағы дүние мен дара тұлғалық қатынасының қалыптасып, эстетикалық, этикалық, адамгершілік негіздерін қамтамасыз ету.

Бастауыш саты оқушысының жас ерекшеліктеріне сай таным мүмкіндіктерін және оқыту мақсатының оқушы тұлғасын тәрбиелуге бағдарланатынын ескерсек, онда бұл сатыда оқылатын пәндерді ғылымдар негіздері түрінде құруға болмайтындығы түсінікті, мұнда негізінен оқушыда мәдениеттің базистік қырларын қалыптастыру бірінші орынға шығады. Осыған орай білім мазмұнын былай жүктеуге болады: коммуникативтік мәдениет,(ана тілі), ақыл-ой мәдениеті (математика, жаратылыстану, қоғамтану), эстетика және адамгершілік мәдениеті, еңбек мәдениеті, дене тәрбиесі.

Бастауыш сатыда білім берудің жоғарыда көрсетілген түбегейлі мақсат, міндеттерін жүзеге асыруда әр оқу пәнінің өз орны мен рөлі бар. Бұл тұрғыда оқулықтардың атқарар қызметі зор. Осыған орай оқулықтарға қойылатын талаптарға тоқталайық:

- Оқу материалының қазіргі ғылым мен техниканың дәрежесіне баяндалуы;

- Жоғары идеялығы мен оқулықтар мазмұнының бағдарламаның мазмұнын ұғынуға лайықты болуы;

Оқулық материалдары жүйелі және бірізді түрде оқушылардың жалпы және танымдық ерекшеліктеріне сәйкес баяндалуы, т.б.

Жоғарыда айтылғандарды қортындылай келе, Ахмет Байтұрсыновтың: "...Ең әуелі мектепке керегі - білімді, педагогика, методикадан хабардар оқыта білетін мұғалім. Екіншісі - оқыту ісінг керек құралдардың қолайлы һәм сайлы болуы. Құралсыз іс істемейді һәм құралдар кандай болса, істеген істе сондай болмақшы. Үшінші - мектепке белгіленген бағдарлама. Әр іс көңілдегідей болып шығуы үшін оның үлгісі не мезгілді өлшеуі болуы керек. Үлгісіз не өлшеусіз істелген іс - ол не артық, не кем шықпақшы..." -деген оқытудың дидактикалық негіздерін ғылыми тұрғыдан нақтылап белгілеп берген сөздерін келтіруге болады.


Скачать 79.69 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

Похожие:

2-3 І тарау. Бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастыру негізі icon8-сынып (факультативтік курс бағдарламасы)
Мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинеті
2-3 І тарау. Бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастыру негізі iconЖоспар кіріспе 1 тарау қазақстанда жылжымайтын мүлік нарығын статистикалық зерттеу негіздері
Жылжымайтын мүлік нарығындағы көрсеткіштердің арасындағы байланысты анықтап, біртекті топтарға бөлу
2-3 І тарау. Бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастыру негізі iconНекені бұЗУ. Некені тоқтату және оның негізі
Ерлі – зайыптылардың жәке және мүліктік құқытық қатынастарының тоқтатылуын некенің тоқтатылуы деп түсінеді. Неке заңда айқындалған...




База данных защищена авторским правом ©refnew.ru 2020
обратиться к администрации

    Главная страница
Контрольная работа
Курсовая работа
Теоретические основы
Методические указания
Методические рекомендации
Лабораторная работа
Рабочая программа
Общая характеристика
Теоретические аспекты
Учебное пособие
Практическая работа
История развития
Пояснительная записка
Дипломная работа
Самостоятельная работа
Общие положения
Экономическая теория
Методическая разработка
Физическая культура
Методическое пособие
Исследовательская работа
Направление подготовки
Общая часть
Теоретическая часть
Общие сведения
Техническое задание
Общие вопросы
Образовательная программа
Управления государственных
Федеральное государственное
Экономическая безопасность
Конституционное право
реакция казахского
Основная часть
Организация работы
Техническое обслуживание
Российская академия
Понятие сущность
Усиление колониальной
прохождении производственной
Обеспечение безопасности
программное обеспечение
Выпускная квалификационная
квалификационная работа
муниципальное управление
Теория государства
Уголовное право
Математическое моделирование
Административное право
Название дисциплины
Земельное право