2.2. Бастауыш сыныпта дүниетанымды оқытудың әдістемесі.
Бастауыш сыныпта дүнетанымды оқытудың әдістемесінде ең алғашқы айтарымыз оқу материалын терең, тиянақты білу, оның негіздерін түсіндіре алу, бүгінгі күндердегі құбылыстармен байланыстылығын да білу, түсіндіре білу, болжамдар жасау.
Екінші кезекте, бастауыш сыныпта дүниетаным материалдарын қай сыныпта не тақырыптар өтілетінін білу.
Үшіншіден, бастауыш сыныпта оқылатын басқа да пәндердің материалдарын білу, олардың күнтізбелік-тақырыптық бөлімдерімен танысу.
Төртіншіден, бастауыш сынып оқушыларының – дүниетанымын қалыптастырудың негізгі жолы – пәнаралық байланысты күшейту.
Бесіншіден, туыстас, байланысты пәндер бойынша көрнекілікті құрамдарды оқытудың техникалық құрамдарын өзара бірлесіп пайдалануды жоспарлап, алдын-ала көріп, танысу.
Алтыншыдан, дүниетаным сабағына нақты заттар, құбылыстар, проекционды-экрандық-мультимедиалық жабдықтармен көрсетілсе, атап айтылғанда:
-
эпипроекттер ЭПН-1 көмегімен суреттер, схемалар, картиналар, эпифильмдер және т.б.;
-
диафильмдер – ЛЭТП-М, ЛЭТП-60М – бойынша түрлі түсті, ақ-қара диафильмдер көрсетілсе;
-
диацентрлер –Альфа-35-50 – автофильмдер свитялы, пеленг т.б. үлгілеріндегі оқытудың техникалық құралдарымен диапозитивтер, слайдтар, түсірілген кадрларды көрсету;
-
Зоофопроекторлар – «Лента-2000», «Лех-3», «Полилюкс-3» көмегімен арнайы шығарылған, өзіңіз сызған, көшірмесін алған дүниетанымды терең игеруге жететін транспоранттарды пайдалану, қажет болса сызып қолдану;
-
Кинопроекторлар: «УКРАИНА-7,8», «Радуга-24», «Эра-101» автомат көмегімен арнайы тақырыпқа тікелей қатысты білу материалдарын эранға проекциялау арқылы сабақты игеру;
-
Телепроекторлар – бейне материалдар, бейне таспаларды пайдаланып, зертханаларда түсірілген бейнелерді тақырыпқа қатысты пайдалану және т.б.
Жетіншіден, арнайы зерделенген оқу материалдарын көрнекіліктерді шәкірттерге сызғызу, ойластыру, оны жетілдіру, тәжірибе жинақтау.
Пәнаралық байланысты міндетті түрде жүзеге асырылуы арқылы, әсіресе, бастауыш шәкірттері үшін берілетін білімнің тиянақтылығын қамтамасыз етуге болатындығын алғаш Я.А.Коменский айтқан. Одан ейінгі кезеңде пәнаралық байланысының психологиялық негізін құрған К.Д.Ушинский болды, Кеңес педагогтары М.А.Данилов, В.В.Давыдов, Н.А.Лаврентьева еңбектерінде пәнаралық байланыс туралы тұжырымды пікірлер айтылды. Қазақстанда дүниетанымды оқыту, оқыту әдістемесі, пәнаралық байланыстарға қатысты зерттеулер жүргізіп, еңбектерін жариялаған ғалымдар мен әдіскерлер С.Мұсабеков, Н.А.Оразханова,А.А.Бейсенова, Қ.Аймағамбетова, Б.В.Мұқанов, Н.Нұрахметов, З.Ф.Олейнин, К.Жүнісова, Ә.Тоқбергенов және т.б.
Дүниетануды оқытуда пәнаралық байланыс ғылыми әдістемелік тұрғыда екі жолмен жүзеге асырылуда:
1. Уақыттың байланыс;
2.Ұйымдық байланыс;
Дүниетаным үдерісінің мәні, оның адам санасында шындықтың бейнеленуі жүзеге асатын сатылары мен формаларын тәжірибе көрсетендей:
-
нақты пайымдаудан абстрактылы ойлауға;
-
одан практикаға көшу – ақиқатты тану;
-
нысаны реалдықты тану;
-
тіелей түйсіну, зерделеу;
-
тарихымен танысу;
-
сөз түбірімен ұғу;
-
мәнін, теориясын, практикасын, қолданылуын игеру.
Дүниетаным тәрбелеу, білім алуға қосымша дамыту жасайтындығымен зор маңызға ие болады.
Сөйтіп, дүниетаным:
1. Жаңа білімдердің негізін береді;
2. Ойға салып түсіну үшін фактілерге негіздейді;
3. Фактілерге талдаулар, тұжырымдар жасайды;
4. Эксперименттік тексерулерге негіздеме жасайды;
5. Қолдану, байқалу, болашақта қолдану салалары;
6. Қорытынды негізгі теорияларды индукция, дедукция;
7. Салыстырулар жасау.
Дүниетанымда мынадай дидактикалық принциптердің маңызы ерекше зор:
-
оқытудың, тәрбиелеудің және дамытудың бірлігі принципі;
-
ғылымилық пен жүйелілілік прнциптері;
-
саналылылық пен шығармашылық белсенділігі принципі;
-
көрнекілік принципі;
-
бірқалыпты, достығының беріктігі принципі;
-
дифференциалдық принципі;
-
қиыншылықтардың жоғары дәрежесіне оқыту принципі;
-
дамытуға арналған оқыту принципі;
Дүниетануды оқыту әдістерін педагогикалық жіктелулердің үш үлкен тобы:
-
сөздік;
-
көрнекілік;
-
практикалық кеңінен қолданылады.
Сөздік әдістер дүниетануды оқытуда материалдық баяндап беру:
-
лекциялық,
-
әңгімелесу,
-
түсіндіру,
-
кітаппен,
-
әдебиеттермен,
-
анықтамалармен,
-
сөздіктермен,
-
эпиграфты оқулықпен,
-
эпиграфты оқу әдістемелік құралдармен және т.б.
Көрнекілік әдістер:
-
мұғалімнің тәжірибе жасап көрсетуі;
-
көрнекі құралдар;
-
машиналар үлгісі;
-
көрнекілітер үлгісі;
-
мәліметтер;
-
схемалар;
-
суреттер;
-
чертеждар;
-
коллекциялар;
-
эпипроекциялар;
-
диапроекцялар;
-
графопроекциялар;
-
кинопроекциялар;
-
телепроекциялар;
-
мультимедиалық көрсетулер;
-
теледидар;
-
мультимедиа және т.б.
Педагогикалық әдістер:
-
оқушылардың эксперименттік жұмыстары;
-
практикалық жұмыстар;
-
үлестірме мазмұндамамен жұмыс;
-
есептеулер;
-
өлшеулер;
-
құрастырулар;
-
кинематиалық схемамен жұмыс.
Сонымен, дүниетанымды оқу материалдарын дәйектілікпен бейнелі түрде, ғылыми негізде баяндау арқылы, өзара пәндік байланыстар бойынша бүгінгі өмірлік үйлестіріп түсіндіру мақсатты.
-
сынып
Поделитесь с Вашими друзьями: |