Пайдаланған әдебиеттер.......................................................................................30
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының көкейкестілігі: Қазақстан Республикасының басты міндеттерінің бірі жас ұрпаққа білім беру, ХХІ ғасырда – халықаралық даму кезеңіне сай, бәсекеге лайықты, барынша білімді, білікті жас маманды даярлау межеміз. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиясын ел келешегі жас ұрпақтың тәрбиесіне, олардың білім негіздерін игеруіне, біліктілігіне елдің болашағы байланысты екендігі айтылып, оған мән берілуі маңызды іс екендігін байқатады. Сондықтан, сапалы білім беріп, саналы етіп жас ұрпақты тәрбиелеу – басты мақсаттардың бірі, соның ішінде халық «білім негізі - бастауышта» деген тағылымды ойды орынды айтады.
Бастауыштан бастап күнделікті оқу, жүйелі дайындалу, сапалы болудың бірден бір жолы дүниетанымын арттыру. Оқушылардың ғылыми көзқарастарын бастауыштан бастап қалыптастыру бірден бір міндеттердің бастысы. Мектеп, ата-ана шәкірттердің – балаларымыздың, болашағымыздың саналы, мейірімді болуын ойластырып, келесі түйінді тұжырымдарды ұсынады:
-
бала мектеп үшін емес, мектеп бала үшін жұмыс істейді;
-
баға құнды емес, бала құнды;
-
ұстаз қызметінің мақсаты - өз пәнін жақсы үйретуден гөрі, адам есебінде өзін-өзі тануы, келесі кезекте дүниені тануы;
-
мұғалімнің өзінің сабағын білуі жеткіліксіз, бала жанын ұғуы міндет, келесі дүниетанымын, сенімін молайту;
-
әр баланың өмір тіршілігі өзінше бір тағдыр. Баланың тағдырын ойлан, дұрыс шеш, дүниетанымын арттыр, дүниеге көзқарасын білуге ұмтыл, дұрыс бағыт беріңіз;
-
баланың ықыласын оят, қолынан іс келетіндігіне сендір, дүниетанымын молайт;
-
мұғалімнің сөзі мен ісі жаманды емес, шынайы болуы қажет, бәрі оның дүниетанымына байланысты;
-
шәкірттің кемшілігін іздеме, оның артықшылығын тап, дүниетанымын жетілдір;
-
балаға сыйлы боламын десең, баланы өзің ойла, дүниетанымын түсін, зерделе;
-
көптің көзінше баланың кемшілігін бетіне баспа, сеніп айтқан сырын шашпа, мүмкін болса, сендіру амалын жаса, дүниетанымын қалыптастыр;
-
сабақ үстіндегі тыныштықты іздесең бәріне бірдей қара, жұмыс бер, дүниетанымының өзі көрсетсін;
-
қиын тақырыпты түсіндіре салып, сұрауға асықпа, келесі сабақты қайта түсіндіруден баста, дүниетанымына баса назар аударыңыз;
-
баланы сабақтың кейіпері ете біл, сонда дүниетанымы жетіледі;
-
әр бала – табиғаттың ғажайып құбылысы. Оны сол үшін де сыйлауға болады.
Бастауыш сыныпта дүниетанымды оқытудың әдістемесін жасаудың маңыздылығы шәкірт саналы болып қалыптасуына негіз қаланады, сапалы білім алуға ынта-ықыласын арттыра түседі.
Поделитесь с Вашими друзьями: |