2-3 І тарау. Бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастыру негізі


Баланың қалыптасуындағы еңбектің рөлі



Скачать 79.69 Kb.
страница17/23
Дата25.04.2018
Размер79.69 Kb.
Название файлаАтаханова(1).docx
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23
Баланың қалыптасуындағы еңбектің рөлі.

Балалардың қалыптасуындағы еңбектің атқаратын рөлі жөнінде сонау ежелгі дәуірлердегі фолъкролық шығармалардан бастап-ақ айтылып келеді. Мәселен, қазақ ертегілерінде еңбекке жастайынан бейімделген баланың бақытқа жететіні, ал ол баланың жатыпішер жалқау болып өскен інісі немесе ағасы өмір сүре алмай, тентіреп кететіні үнемі әңгімелесіп отырады. Ауыз әдебиетініц сарынымен жазылған қазақтың прозалық туындыларында да осынау идея одан ары қарай жалғасын тауып келе жатқаны мәлім. Ы. Алтынсаринның баршаға белгілі «Бай баласы мен жарлы баласы» әңгімесіндегі еңбектің қозғаушы күші туралы философиялық түйіндеулер бала ұғымына лайықталып, қарапайым да көркем берілуі еңбек факторынық балалар эдебиетінде алатын орын ащын меңзейді.

Кецес дәуірінің алғашцы кездерінен бастып жазылған шығармаларда да еңбекке қатысты әңгіме күн тәртібінен түспеді десе де болғандай. Әрине, баланы жеке тұлға ретінде қалыптасуындағы еңбектің рөлін, жас кейіпкер мен еңбектің ара қатынасын суреттеп жазу жан-жақты шеберлікті қажет ететіні даусыз. Жазушы өз шығармасында жалақ насихатқа бой ұрмай, оқиға мен әлеуметтік тартыстың нәтижесінде жас кейіпкер және және еңбек деген мәселені белгілі бір көркемдік деңгейде талдап жеткізе білуі шарт. Сондыңтан да еңбек тақырыбы балалар қаламгерінен шынайы шеберлікті талап етеді. Соқпақбаев Бердібектің әңгіме-повестерінде еңбек тақырыбы елеулі орын алады. Оның біз басты кіпат ретінде санап отырған «Балалық шаққа саяхат» повесінде еңбек мәселесі өзіндік талап тұрғысынан келуді қажет етеді. өйткені бұл шығармада «еңбек етіңдер» деген жалаң насихат жоқ.

Тұрмыс ауыртпалығы шығарманың бас кейіпкері Бердібекті рухани жағынан шынықтырып, қайсар етіп өсіреді. Ол - екінші сыныпта жүріп-ақ колхоз жұмысына қатысуға мәжбүр болған балалардың бірі. Масақ терді, қырманда астық бастырды. Осындай ауыр азаптан арыла алмай, мейілінше қиналып жүрген кезінде шешесі қайтыс болып, Бердібек жетім қалады. Ал «жетім» деген жалғыз сөздің күйініші, зілдей ауыр мағынасы түсінген адамға соншалықты ауыр.

Бердібек кісі есігінде жүріп оқыса да, екінші, төртінші сыныптарды жақсы бітіреді. Бойда қайрат, көңілде жігер бар осы бала тұрмыстың қандай азабына болса да төзімділік танытады.

Шығармада ауыр еңбектің адами қалыптасуға тигізетін әсері де оқта-текте шаң беріп қалады. Еңбек — тіршілік етуге қажетті фактор ғана емес, әр адамның өмір сүруге қабілетін көрсете алатын, сол өмірді сақтауға қызмет ететін қасиетті ұғым. Бірақ, шектен шыщан ауыр еңбек адамда бейнетке, тіпті ауру-сырқауға да душар етеді. Әсіресе, тек басқалар үшін жасалған, өзінің зейнетін көрмейтін қара жұмыс адамды қажытып, шаршатудың құралы ретінде ғана көрінуі мүмкін. Бердібектің алғашцы бастауыш сыныптарға барып жүрген кезден-ақ еңбекке араласу сипаты осындай тұжырымға әкелгендей болады. Әлі буыны қатпаған жас баланы ертеден қара кешек дейін бір тыным таппастан, үйцысы қанбастан, тіпті дұрыс тамақтана алмастан, сезімі жоқ қара дүрсін машинадай тынымсыз еңбек ете беруі шын мәнінде азап екені сөзсіз.

Егер бүгінгі өркениет биігіне қарап, бала цүцығын қорғау мәселесі тұрғысынан сараптайтын болсақ, бұл — бала цүцығына қол сүғып, оның еңбегін қанаудың тақты көрінісі. Сегіз-тоғыз жасар Бердібектің осындай ауыр еңбектен әбден шаршап-шалдыгуы, сондыңтан да жұмыс десе жүрегі зырц ете қалып, енді оған қарай алмастай, әбден зәрезап болуы түсінікті нәрсе, заңды құбылыс.

Еңбектің осы қанау нысанын көрген жас бала мұндай қанаушылықты жан-төнімен жек көрсе де, өзінің жеке мүддесі үшін жасалатын жұмысқа басқаша қарайды. Сабақты жақсы оқудың да үлкен еңбекпен келетіні белгілі. Алғыр бала сабақ оқудан ешқандай да қажымайды, шаршамайды. Қайта бұндай еңбек ол үшін рухани ләззат сыйлайды.

Қазақ балалар әдебиетінің тағы бір көрнекті өкілі С. Беғалин шығармаларындағы еңбек — оқиғаның өзегін ұстап тұратын және кейіпкерлер өмір сүретін орта ретінде негізгі көркемдік арқаудың бірі болып көрінеді. Оның «Сәтжан», «Көксегеннің көргендері», «Бала мерген», «Керкиік», «Сымбатты Сима», және т.б. туындыларының негізгі сюжеттері еңбекке байланысты өрбиді, ұндейді. Мұнда бұзау бағып, еңбек етіп жүрген Сәтжан мен Жанай сияқты балалар сонымен бірге құсбегілік, саятшылық өнеріне де қызығады.

Автор шығарманың басталу сәтінде осынау екі саланы қатар жарыстыра көрсетіп, екеуініц де маңыздылығын сюжет барысында салмақты етіп, әр цырынан аша түскен. Ителігі сияқты қыран қүстық балапанын қиын жартастан алуға талап қылған Сәтжан сол жартастағы белгісіз таңбаларға таң болады. Қыран қүсқа деген құмарлығына енді осы таңбаның сырын білсем деген ынтызарлық қоса оянады. Сонымен бірге жас кейіпкер өзі атқарып жүрген негізгі жұмысын да ұмытпайды. Сол бір кезеңдерде Сәтжан сияқты өз ісіне ризасыз беріліп,еңбек ойлаудың өзінен рахат табатын балалардың болғанын бүгігі үлкен адамдар жоққа шығармады.Бұл арада жазушыны кеңестік идеяның ықпалымен жалақ уағыз айтып отыр деп кіналауға болмайтын сияқты. Өз замандастары баланы осынау көзқарасына шындық ретінде бас тұлға реалистік тұрғыдан қабылдай алғанымен, бүгінгі жас оқырман бұған күмәнмен қарауды да ықтимал.

Жастайынан табиғат аясында өскен баланың аңшылыққа құмар болуы заңды. өйткені ол күнделікті дерлік өзен-суларды бойлап ұшқан әр түрлі құстарды, тау беткейінде қиялай қалқыған қырандарды көреді., алыстағы қасқырдың ұлығанын да естіп, табиғат қойнауында жүрген кездерінде түрлі тағы аңдарды кездестіріп қалады Осының бәрі жас адамның аңшылық деген делебесін қоздырып, ата-баба өнерін дамыта түсу үшін ықыласын күшейтеді. Бірте-бірте баланың жан дүниесі, есіл-дерті тек осы аңшылыққа ауады. Әрине, ақылды да еңбекқор балалар сонымен бірге өздерінің мектептегі сабақтарын, үйдегі және түздегі жұмыстарын қос алып жүреді. Өмірдің қажетті сала, бағыттарының ешқайсысын ақсатпайды. Бір сөзбен айтқанда, С. Беғалин кейіпкерлері - мінсіз балалар.

Еңбек тақырыбы - балалар қаламгері Т. Нұрмағанбетов шығармаларында да үнемі қозғалып отыратын негізгі тақырыптардың бір. Жазушының кейбір әңгіме-повестерінде еңбек мәселесі әр жылдары тиіп-қашты сөз болып та жүр. Бұл арада біз оның кейін туындылардың бірі «Үш күншілік жол» повесін негізге ала отырып, еңбек тақырыбының көркемдік тұрғыдан орындалуына талдау жасап көрелік.

Шығармада жас өспірім ауыл баласының қалайша еңбекпен шынығып өскені жан-жақты суреттелген десек, артық айтқандың емес. Жайлауға ертерек көшіп бара жатқан Жәңгір шопан 12-13 жасар баласы Шәмилді сабақтан сұрап алады. Сөйтіп жайлауға мал айдасу үшін көмекші жасауын қалайды. Қойшының қасында мал айдасу үшін арнайы бөлінген ересек адам бар. Бірақ,, ол орта жолға жеткенде қарсы келе жатқан көлікке мініп, ауылға қайтып кетеді. Сөйтіп әкесі мен баласы ұланғайыр малға ие болып, қиыншылықпен бетпе-бет арпалысуына тура келеді.

Қырсық қылғанды жылда қонып жүрген қоныстарындағы бұлақ көзі бітіп қалып, койшының үйі межелі жердің ар жағындағы қашықтау жерге барып қонған. Сөйтіп, жол әдеттегіден ұзара түседі. Мал айдасушы Оқап деген кісі қастарында келе жатқанда Шәми жадыраған жаздың жайлы табиғатын тамашалап, кең далаға шыққанына балалықпен ойнақ салып, мәз болады. Қыс бойы мектеп партасында отырып, сабақтан шаршаған ауылдың шықынан айналып, ұзаққа шықпаған ауылдың шарынан айналып, ұзаққа шықпаған бала үшін көкпеңбек боп мөлдіреп бусаны тұрған кең табиғат - бір ғажайып әлем. Бірге келе жатқан қозы-лақпен, иттерімен арпалысып,балаға тән мінез көрсетіп, ойнақ салады.

Оқап қастарынан қалай кетті, әкелі-балалы екеуі әлдебір ауыртпашылықтың иықтарынан түсіп келе жатқанын сезгендей болады. Енді Шәмидің кен далада асыр салып, өзінше ойы ойнауына мүмкіндік жоқ.

Бір қарғанда бұл жазушынық шығарманы мейілінше қызықты етіп беру үшін оқиғаны өз жанынан қоюлатуы деп қабылдауға болады. Бірақ, қойшылар тұрмысына нақты өмірдің шындығы, сол шындыңтық қойнауынан алынған сәтті детальдар мен эпизодтар орынды түрде дәлелдеу қызметін атқарған.

Жалпы еңбек мәселесі — Нұрмағанбетов Тынымбай шығармаларының көпшілігінде қозғалатын тақырып. Оның бұрынырақ жазған «Қош бол ата», «Он төрт жасар жігіт» және т.б. шығармаларындағы бала бейнелері көрініп отырады. Ал нақ осы «Үш күншілік жол» шығармасында жас баланы еңбек үрдісіндегі образы мейілінше ашылып көрсетілгені рас. Қойшы еңбегінің ауыр да қызықты сәттерін жазушы бала басынан кешкен оқиғалар арқылы шынайы бере білген деп айтуға болады.

«Балалық шақтық әндері» повесінің өн бойында да еңбек үрдісі суреттеліп отрады.

Адамның рухани дамуының көзі - еңбек. Ф. Энгельс еңбектің тарихи рөлін қарастыра келіп, белгілі жағдайда адамды жаратқан еңбек деген қорытындыға келді. Олай болса, еңбексіз даму жоқ, онсыз кері кетушілікке ұшырауға болады. Еңбек — адамның көркі, бақыты, цоғам байлығы. Қоғамда қабілетіне қарай еңбек ету әрбір адамның әдетіне, ең бірінші өмірлік қажетіне айналады. Еңбекке жарамды әрбір адам өзінің өмірі мен қызметіне, қоғамдық әл-ауқатын арттыруға, қажетті нәрселерді жасауға тиіс.

Міне ғылыми негізінде тұжырымдалған осы пайымдауды жазушыларымыз өздерінің шығармаларында әр түрлі сипатта келтіріп, көркемдікпен дәлелдеп отырады. Бүны біз жоғарыда айтылған Б. Соқпақбаевтық «Балалық шаққа саяхат», С. Беғалиннің «Сәтжан», «Көксегеннің көргендері» және Т. Нұрмағанбетовтың «Үш күншілік жолы» повестерінің ұстанған тұжырымдарынан байқаймыз. Әрине, «Балалық шаща саяхат» повесіндегі еңбектің қанаушылық сипаты, оның баланы қалыптасуына тигізетін кейбір теріс әсерлері реалистік өмір тұрғысынан алынған. Ал оның үшқыны «Үш күншілік жолы» повесінен де бағалайтынын сездіріп өттік. Ал нағыз социалистік реализм әдісінің үлгісінде жазылған «Сәтжан» повесінде еңбек бала кейіпкердің жан дүниесіне оптимистік рух береді. Бұндағы еңбек те — қоғамдық еңбек. Демек, жазушыларымыз еңбек үрдісінің кейіпкер бейнесіне тигізетін әсеріне әр түрлі тұрғыдан келген деп айтуға толық негіз бар.




Скачать 79.69 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23

Похожие:

2-3 І тарау. Бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастыру негізі icon8-сынып (факультативтік курс бағдарламасы)
Мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинеті
2-3 І тарау. Бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастыру негізі iconЖоспар кіріспе 1 тарау қазақстанда жылжымайтын мүлік нарығын статистикалық зерттеу негіздері
Жылжымайтын мүлік нарығындағы көрсеткіштердің арасындағы байланысты анықтап, біртекті топтарға бөлу
2-3 І тарау. Бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастыру негізі iconНекені бұЗУ. Некені тоқтату және оның негізі
Ерлі – зайыптылардың жәке және мүліктік құқытық қатынастарының тоқтатылуын некенің тоқтатылуы деп түсінеді. Неке заңда айқындалған...




База данных защищена авторским правом ©refnew.ru 2020
обратиться к администрации

    Главная страница
Контрольная работа
Курсовая работа
Теоретические основы
Методические указания
Методические рекомендации
Лабораторная работа
Рабочая программа
Общая характеристика
Теоретические аспекты
Учебное пособие
Практическая работа
История развития
Пояснительная записка
Дипломная работа
Самостоятельная работа
Общие положения
Экономическая теория
Методическая разработка
Физическая культура
Методическое пособие
Исследовательская работа
Направление подготовки
Общая часть
Теоретическая часть
Общие сведения
Техническое задание
Общие вопросы
Образовательная программа
Управления государственных
Федеральное государственное
Экономическая безопасность
Конституционное право
реакция казахского
Основная часть
Организация работы
Техническое обслуживание
Российская академия
Понятие сущность
Усиление колониальной
прохождении производственной
Обеспечение безопасности
программное обеспечение
Выпускная квалификационная
квалификационная работа
муниципальное управление
Теория государства
Уголовное право
Математическое моделирование
Административное право
Название дисциплины
Земельное право