1. Тұрғылықты жері белгісіз не Қазақстан Республикасында тұрғылықты жері жоқ жауапкерге талап қою оның жылжымайтын мүлкінің орналасқан жері бойынша немесе оның ең соңғы белгілі тұрғылықты жері бойынша берілуі мүмкін



Скачать 84.39 Kb.
страница1/2
Дата21.11.2019
Размер84.39 Kb.
Название файлаӨздік жұмыс №1 ҚРАІЖҚ.docx
Учебное заведениеИнновациялық Еуразия Университеті
  1   2

Инновациялық Еуразия Университеті


СӨЖ №1
Пән: Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу құқығы
Орындаған: Шарапат Ү. Ж.
Тобы: Қ (еж) - 201
Қабылдаған:

Павлодар 2019ж.


1 МОДУЛЬ:

1. Сотқа, тұрғылықты жері белгісіз жауапкерден қарызды өтеттіруге сот бұйрығын шығару туралы талап берілді. Судья, сот анықтамасында, борышқорды өтінішті қабылдау туралы ескертуге мүмкіндіктің жоқтығы салдарынан іс талап беру тәртібімен қарастырылу қажеттігін көрсетіп мұндай өтінішті қабылдаудан бас тартты. Несие беруші берілген анықтамаға шағым берді. Жоғары тұрған сот берілген анықтаманы заңға қайшы деп танып оның күшін жойды.

Істі қалай шешу керек?

Сотқа


29-бап. Жауапкердің орналасқан жері бойынша талап қоюды беру

1. Талап қою жауапкердің тұрғылықты жері бойынша сотқа беріледі.

Жеке тұлғаның, оның ішінде заңды тұлға құрмай жеке кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаның тұрғылықты жері Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген қағидалар бойынша айқындалады.

2. Заңды тұлғаға талап қою құрылтай құжаттарына сәйкес және (немесе) Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне енгізілген мекенжайға сәйкес заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша сотқа беріледі. Заңды тұлға құрмайтын ұйымға талап қою оның орналасқан жері бойынша беріледі.



30-бап. Талап қоюшының таңдауы бойынша соттылық

1. Тұрғылықты жері белгісіз не Қазақстан Республикасында тұрғылықты жері жоқ жауапкерге талап қою оның жылжымайтын мүлкінің орналасқан жері бойынша немесе оның ең соңғы белгілі тұрғылықты жері бойынша берілуі мүмкін.

2. Заңды тұлғаға талап қою оның мүлкінің орналасқан жері бойынша да берілуі мүмкін.

3. Заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің қызметінен туындайтын талап қою филиалдың немесе өкілдіктің орналасқан жері бойынша да берілуі мүмкін.

4. Талап қоюшы әке болуды анықтау туралы және алименттерді өндіріп алу туралы талап қоюларды өзінің тұрғылықты жері бойынша беруі мүмкін.

5. Мертігуден немесе денсаулығының өзге де зақымдануынан, сондай-ақ асыраушысының қайтыс болуынан келген зиянды өтеу туралы талап қоюларды талап қоюшы өзінің тұрғылықты жері бойынша немесе зиян келтірілген жер бойынша бере алады. Өмірге және (немесе) денсаулыққа келтірілген зиян үшін белгіленген тәртіппен жауапты болып танылған заңды тұлға таратылған жағдайда талап қоюлар тиісті бюджеттік бағдарлама әкімшісінің орналасқан жері бойынша беріледі.

6. Орындалатын орны көрсетілген шарттардан туындайтын талап қоюлар шарттың орындалатын орны бойынша да берілуі мүмкін.

7. Некені бұзу туралы талап қоюлар талап қоюшының тұрғылықты жері бойынша онымен кәмелетке толмаған балалары бірге тұрған жағдайда берілуі мүмкін.

8. Қылмыстық немесе әкімшілік жауаптылыққа заңсыз тартудан, процестік мәжбүрлеу шараларын не әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларын заңсыз қолданудан бұзылған мүліктік және мүліктік емес құқықтарды қалпына келтіру туралы талап қоюлар талап қоюшының тұрғылықты немесе орналасқан жері бойынша берілуі мүмкін.

9. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы талап қоюлар талап қоюшының тұрғылықты жері не шарттың жасалу немесе орындалу орны бойынша берілуі мүмкін.

10. Кемелердің соқтығысуынан келтірілген залалдарды өтеу туралы, сондай-ақ теңізде көмек көрсеткені және құтқарғаны үшін сыйақы өндіріп алу туралы талап қоюлар жауапкердің немесе кеме тіркелген порттың орналасқан жері бойынша берілуі мүмкін.

11. Сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемін өндіріп алу туралы талап қоюлар талап қоюшының тұрғылықты жері бойынша не жауапкердің орналасқан жері бойынша берілуі мүмкін.

12. Бірнеше жауапкерге талап қоюлар талап қоюшының таңдауы бойынша жауапкерлердің бірінің тұрғылықты немесе орналасқан жері бойынша берілуі мүмкін.

13. Осы Кодекстің 31-бабында белгіленген соттылықты қоспағанда, осы бапқа сәйкес іс соттылығына жататын бірнеше соттың арасынан таңдау жасау талап қоюшыға тиесілі.

2. Аудандық сот, Омаровтар отбасының 8 жастағы Сакенов Талғатты асырап алуы туралы шешім шығарды. Баланың шешесі Асенова, баланы асырап алушылар онымен тиісті байланысқа түскен жоқ, бала жаңа отбасына үйренген жоқ деген жағдайларға, ал ол өзінің баласын асырап алуға ойланбастан келісім бергендігі туралы өкінетіндігіне сілтеме жасап, сотқа оның ұлына қатысты сот шешімінің күшін жою туралы өтінішпен жүгінді. Сонымен қоса, баланың асырап алушы әкесінің эпилепсиямен ауыратындығы туралы және оның сотта асырап алу туралы істі қарастыру кезінде ауруы туралы жасырғандығын айтты.

Асырап алу туралы бастапқы талапты және Асенованың асырап алудың күшін жою туралы талабын қандай сот өндірісі тәртібінде қарастыру керек еді.
Сот, ҚР АІЖҚ Кодексінің 106-бабының 2-тармағының талаптарына орай, баланың мүддесiн негiзге алып және оның пікiрiн ескере отырып, бала асырап алушының тәртiбiне қояр кiнә болмаған жағдайда да бала асырап алудың күшiн жоюға құқылы. Мұндай мән-жайларға, атап айтқанда, асырап алушы мен асырап алынушының өздерiнiң жеке бастарының қасиеттерiне байланысты өзара қарым-қатынастарының қалыптаспауын; асырап алғаннан кейiн, баланың денсаулығының тәрбиелеу кезiнде елеулi қиындықтар туғызатын, бала асырап алушы бала асырау кезiнде олар жөнiнде ескертiлмеген ақыл-ой кемiстiгiн немесе тұқым қуалаған ауытқушылықтарды; балалардың ұмыта алмастай қатты бауыр басқан ата-аналарының әрекетке қабiлетiнiң қалпына келтiрiлуiн, мұның өзiнiң оның жай-күйiне керi әсер етуiн және т.б. жатқызуға болады.

Бала асырап алудың күшiн жою туралы арызды сот талап қою тәртiбiмен мiндеттi түрде бала асырап алушылардың, қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның, сондай-ақ прокурордың қатысуымен қарайды (Кодекстің 107-бабының 2-тармағы).

17. Кодекстің 103-бабына сәйкес сот бала асырап алуды:

1) асырап алу туралы сот шешiмі жалған құжаттар негiзiнде қабылданған;

2) бала асырап алу Кодекстің 93-бабында көрсетілген адамдардың келісімiнсiз жасалған;

3) некеде (ерлі-зайыптылықта) тұрған адам жұбайының жазбаша келісімiнсiз бала асырап алған;

4) Кодекстің 91-бабының 2-тармағында көзделген ереже бұзылған жағдайларда жарамсыз деп таниды.

Бала асырап алуды жарамсыз деп тану туралы талапты асыралып алынушының ата-аналары, асырап алушының жұбайы, бала асырап алуға байланысты құқықтары бұзылған адамдар, прокурор, қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган қоюға құқылы.


3. Бала бірге толғанға дейінгі уақытқа өзін асырауға алименттер өтеттіріп алу туралы Оспанованың жұбайы Жумашевқа талабы бойынша азаматтық істі қарастыру кезінде сот, жауапкермен тіркелген некеде тұратын Оспанованың 17 жаста екендігін, сондықтан да оның азаматтық процессуалдық әрекет қабілеттігінің жоқтығын орнатты. Осыған байланысты сот іс бойынша талапты қарастырусыз қалдыру туралы анықтама шығарды.
Сот берілген анықтаманы қандай негіз бойынша шығарды және ол дұрыс шығарылған ба?

Азаматтық кодекстің 17-бабына сәйкес әрекет қабілеттілігі кәмелетке толғанда, яғни 18 жасқа толғаннан кейін толық көлемінде пайда болады.

Бұл арада ескеретін мынадай бір жағдай бар: Азаматтық кодекстін 17-бабы 2-тармағына сәйкес, заң құжаттарында 18 жасқа жеткенге дейін некелесуге рұқсат етілетін жағдайда, 18 жасқа толмаған азамат некеге тұрған кезден бастап толық көлемінде әрекет қабілеттілігіне ие болады. Қазақстанда «Неке және отбасы туралы» Заң бойынша некеге тұруға 18 жастан бастап рұқсат етіледі. Егер дәлелді себептер болған жағдайда мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін тіркеу органдары неке жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендетуі мүмкін («Неке және отбасы туралы» Заң, 10-бап).

Әдебиеттерде азаматтардың әрекет қабілеттілігі толық, ішінара (толық емес) және шектеулі болып бөлінеді. Онық өзі азаматтың әрекет қабілеттілігіне байланысты жүзеге асады. Жаңа туған бала толығынан құқық қабілеттілігі бола тұрса да, өзі әрекет жасап қайсыбір құқыққа ие болуға немесе өзіне міндеттер алуға қабілетсіз екендігі түсінікті нәрсе. Саналы әрекет жасау қабілеті кісінің өскендігіне (жасына) байланысты. Сондықтан әрекет жасау жасы толған адамдарда ғана болады.

18 жасқа толғандар ғана ер жеткен деп саналады (АК-тің, 17-бабы, 1-тармағы). Осы жасқа толған соң адам азаматтық құлсық айналымының толық құқылы қатысушысы болып қана қоймай, ол саяси құкықтар мен міндеттерге де ие болады.

Толық емес немесе ішінара әрекет қабілеттілігі бойынша, азамат өзінің әрекеті арқылы кез келген құқықтық әрекетті жасай алмайды, былайша айтқанда, заңда тікелей көрсетілген бірқатарына ғана ие.

Ішінара (толық емес) әрекет қабілеттілігі әдетте, жасы кәмелетке толмағандарға тән, ал берілетін әрекет ауқымы олардың жасына байланысты. Заң мұндай тұлғаларды екі топқа бөледі: а) жасы кәмелетке толмаған 14 пен 18 жас аралығындағылар; б) жасы кәмелетке толмаған 14 жасқа дейінгі жас балалар.

14 пен 18 жас аралығындағылардың әрекет қабілеттілігі мейлінше ауқымды, олар заңда көрсетілген шекте әртүрлі мәмілелер жасай береді. Ондай мәмілелерді екі түрге бөлуге болады:

— өздерінің заңды өкілдерінің, яғни ата-аналары мен асырап алушылардың, корғаншылары келісімінсіз-ақ өз бетімен жасаған мәмілелер; — ата-анасының (асырап алушының, қамкоршысының) рұқсат берген жазбаша хаты негізінде жасалатын мәміле.

14 пен 18 жас аралығындағы жасы кәмелетке толмағандар заңды өкілдерінің келісімінсіз мыналарды істеуге:

1) өзінің жалақысына, стипендиясы мен басқа кірістеріне билік етуге;

2) интеллектуалдық меншік құқығы бар объектілеріне билік етуге;

3) ұсақ тұрмыстық мәмілелер жасауға;

4) банкке салым салуға және өзінің салымына, оның ішінде өзінің атына салынған салымдарға иелік етуге құқылы.

14 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар басқалай мәмілелерді, яғни мәмілелерді ата-анасының, асырап алушыларының немесе қорғаншыларының келісімімен жасайды. Мұндай келісімнің нысаны заңдарда кәмелетке толмағандар жасайтын мәміле үшін белгіленген нысанға сай келуге тиіс (АК-тің 22-бабы, 1-тармағы).



Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2

Похожие:

1. Тұрғылықты жері белгісіз не Қазақстан Республикасында тұрғылықты жері жоқ жауапкерге талап қою оның жылжымайтын мүлкінің орналасқан жері бойынша немесе оның ең соңғы белгілі тұрғылықты жері бойынша берілуі мүмкін iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
М073200 «Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)» мамандығы бойынша магистрлік диссертация
1. Тұрғылықты жері белгісіз не Қазақстан Республикасында тұрғылықты жері жоқ жауапкерге талап қою оның жылжымайтын мүлкінің орналасқан жері бойынша немесе оның ең соңғы белгілі тұрғылықты жері бойынша берілуі мүмкін iconҚазақстан Респубикасының Президенті Н
Табынның генетикалық потенцалы бойынша соңғы 5 жылдың мәліметтері негізінде 100 бас аналықтан алынған орташа төл санына талдау жасай...
1. Тұрғылықты жері белгісіз не Қазақстан Республикасында тұрғылықты жері жоқ жауапкерге талап қою оның жылжымайтын мүлкінің орналасқан жері бойынша немесе оның ең соңғы белгілі тұрғылықты жері бойынша берілуі мүмкін iconЖаппай өндіріс бойынша қолданылатын негізгі лекалдарды атаңыз
Жеке тапсырыс бойынша бұйымды дайындағанда иық қималарын алдын- ала қол тігісімен Қосып көктейді
1. Тұрғылықты жері белгісіз не Қазақстан Республикасында тұрғылықты жері жоқ жауапкерге талап қою оның жылжымайтын мүлкінің орналасқан жері бойынша немесе оның ең соңғы белгілі тұрғылықты жері бойынша берілуі мүмкін iconОңТҮстік қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы фармацевттік өндірістің технологиясы кафедрасы
«Дайын дәрілік түрлердің технологиясы және биофармация» пәні бойынша дәріс кешендері
1. Тұрғылықты жері белгісіз не Қазақстан Республикасында тұрғылықты жері жоқ жауапкерге талап қою оның жылжымайтын мүлкінің орналасқан жері бойынша немесе оның ең соңғы белгілі тұрғылықты жері бойынша берілуі мүмкін iconНекені бұЗУ. Некені тоқтату және оның негізі
Ерлі – зайыптылардың жәке және мүліктік құқытық қатынастарының тоқтатылуын некенің тоқтатылуы деп түсінеді. Неке заңда айқындалған...
1. Тұрғылықты жері белгісіз не Қазақстан Республикасында тұрғылықты жері жоқ жауапкерге талап қою оның жылжымайтын мүлкінің орналасқан жері бойынша немесе оның ең соңғы белгілі тұрғылықты жері бойынша берілуі мүмкін icon3 зертханалық жұмыс бойынша есеп пәні: «Басқару жүйесіндегі типтік жобалауды шешу»

1. Тұрғылықты жері белгісіз не Қазақстан Республикасында тұрғылықты жері жоқ жауапкерге талап қою оның жылжымайтын мүлкінің орналасқан жері бойынша немесе оның ең соңғы белгілі тұрғылықты жері бойынша берілуі мүмкін iconПеречень учебных кабинетов типовой основной школы
Білім беру ұйымдарының ғимараттарын оқу-материалдық және техникалық жарақтандыру бойынша ұсыныстар
1. Тұрғылықты жері белгісіз не Қазақстан Республикасында тұрғылықты жері жоқ жауапкерге талап қою оның жылжымайтын мүлкінің орналасқан жері бойынша немесе оның ең соңғы белгілі тұрғылықты жері бойынша берілуі мүмкін iconЖоспар кіріспе 1 тарау қазақстанда жылжымайтын мүлік нарығын статистикалық зерттеу негіздері
Жылжымайтын мүлік нарығындағы көрсеткіштердің арасындағы байланысты анықтап, біртекті топтарға бөлу
1. Тұрғылықты жері белгісіз не Қазақстан Республикасында тұрғылықты жері жоқ жауапкерге талап қою оның жылжымайтын мүлкінің орналасқан жері бойынша немесе оның ең соңғы белгілі тұрғылықты жері бойынша берілуі мүмкін icon5В072900 «Құрылыс» мамандығының «Ғимараттар мен имараттарды есептеу және жобалау» мамандануы бойынша
Кентау қаласындағы көп пәтерлі тұрғын үй” тақырыбында орындаған дипломдық жобасына
1. Тұрғылықты жері белгісіз не Қазақстан Республикасында тұрғылықты жері жоқ жауапкерге талап қою оның жылжымайтын мүлкінің орналасқан жері бойынша немесе оның ең соңғы белгілі тұрғылықты жері бойынша берілуі мүмкін iconАқтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономиялық сотының судьясы
Жауапкерден: «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» ке ақ атынан Ақтөбе облысы бойынша филиалы


База данных защищена авторским правом ©refnew.ru 2019
обратиться к администрации

    Главная страница
Контрольная работа
Курсовая работа
Теоретические основы
Методические указания
Методические рекомендации
Лабораторная работа
Рабочая программа
Общая характеристика
Теоретические аспекты
Учебное пособие
История развития
Практическая работа
Пояснительная записка
Дипломная работа
Самостоятельная работа
Общие положения
Экономическая теория
Методическая разработка
Методическое пособие
Физическая культура
Общая часть
Теоретическая часть
Направление подготовки
Исследовательская работа
Образовательная программа
Управления государственных
Общие сведения
Техническое задание
Общие вопросы
Федеральное государственное
прохождении производственной
Выпускная квалификационная
Экономическая безопасность
Организация работы
Усиление колониальной
реакция казахского
Техническое обслуживание
Основная часть
Конституционное право
Понятие сущность
программное обеспечение
Философия науки
Технологическая карта
муниципальное управление
квалификационная работа
академия народного
Уголовное право
История создания
Обеспечение безопасности
Краткая характеристика
общие сведения